Қазақстан республикасының заңЫ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына



Дата29.02.2016
өлшемі69.68 Kb.
#32088


жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 


1-бап. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12,
290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж.,  № 1-2,
17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24,  436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж.,
№ 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж.,  № 23,
142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11,
39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. кіріспеде:

10-1 баптың атауы мынадай редакцияда жазылсы:

«10-1-бап. Ішкі әскерлер бас қолбасшысы»;

10-2-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«10-2-бап. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылығының (жедел-аумақтық бірлестіктердің) қолбасшысы Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылығының (жедел-аумақтық бірлестіктердің) қолбасшысы»;

15-баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті;



  1. 1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ішкі әскерлердің жалауы және рәмізі болады. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.»;

  1. 2-бапта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ішкі әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды:

Ішкі әскерлерді әскери басқару органдары:

Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті;

өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер);

жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер;

маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер;

түзеу мекемелерін күзету және айдауылдау жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер;

арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер;

Ішкі әскерлердің әскери полициясы;

Ішкі әскерлердің әскери оқу орындары;

әскери оқу бөлімдері;

Ішкі әскерлердің қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер;

авиациялық әскери бөлім;

арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөліністер) жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Ішкі әскерлер бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының (жедел-аумақтық бірлестіктерінің) құрамына кіреді.»;

4) 4-бапта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскерлерді тікелей басқаруды Ішкі әскерлер бас қолбасшысы жүзеге асырады»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да тапсырмаларды шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.»;



  1. 7-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- Ішкi әскерлер бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.»;

  1. 8-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынымы бойынша Ішкі әскерлер бас қолбасшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;

7) 10-бапта:

мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ішкі әскерлер бас қолбасшысының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыным енгізеді;»;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер) қолбасшыларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді».»;

 8) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1-бап. Ішкі әскерлер бас қолбасшысы.

Ішкі әскерлер бас қолбасшысы:

Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін сақтап отырады;

әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерді мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша жасақтау, оларды запасқа босатуды ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді;

бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады, кезекті әскери атақтар береді, офицерлік құрамның әскери атағын төмендетеді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады;

Ішкі істер министріне Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін және жұмысшыларын мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;

әскердің қару-жарағына (жабдықтауға) әскери және өзге де техниканы және басқа да мүліктің қабылдауды қамтамасыз етеді, жарамсыз болып қалған немесе жоғалған материалдық құнды заттар мен әскери (бюджеттік) есептегі ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне Өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер) қолбасшыларын, құрамалардың командирлері мен әскери оқу орындарының бастықтарын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар жасайды.»;

9) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:

«10-2-бап. Ішкі әскерлердің Өңірлік қолбасшылық (жедел-аумақтық бірлестік) қолбасшысы

Ішкі әскерлердің Өңірлік қолбасшылық (жедел-аумақтық бірлестік) қолбасшысы:

өңірлік бірлестіктегі бағынысты әскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін сақтайды;

қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетке, әскерді жедел және жауынгерлік даярлауға, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға басшылық етеді;

бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік бірлестік әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру мәселелерін шешеді, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады, кезекті әскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, капитанды қоса алғанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады және офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету бойынша ұсыныстар енгізеді.»;

10) 11-бапта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«- өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің ведомстволық бағынышты аумақта Ішкi әскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларды, бөлiмдерi мен бөлiністердi құру және орналастыру жөніндегі ұсыныстарын қарауға қатысады»;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«- Ішкi әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының (жедел-аумақтық бірлестіктерінің), құрамалары мен бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi;»

11) 13-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп, Ішкi әскерлердiң жедел мақсаттағы әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттер көлемiн олардың санына қарай айқындайды»;

12) 14-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.»

13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті»;

«Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті бейбіт және соғыс уақытында Ішкі әскерлерді негізгі әскери басқару органы болып табылады және әскердiң тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдыру әзiрлiгін ұстауға, Ішкі әскерлердің құрылыс және даму жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетін ұйымдастыруға арналған.



Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бiрлесіп бірлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет