Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы



бет3/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#174092
1   2   3   4   5
25. Визаны ұзарту тәртібі

 

88. Шетелдіктердің визаларының қолданыс мерзімдері Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштерінің немесе осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жеке өздері берген жазбаша өтініштерінің негізінде, 5 жұмыс күні ішінде ұзартылады.

89. Визалардың қолданыс мерзімін ұзарту «қосымша мәліметтер /additional information» бағанында қолданыс мерзімі өтіп кеткен визаның нөмірін (мысалы: «943 ІСВ 0275386 визаны ұзарту») көрсету арқылы сол санаттағы жаңа виза беру жолымен жасалады.

90. Визалардың қолданыс мерзімдерін ұзарту шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда немесе ерекше, ауру, кездейсоқ немесе төтенше жағдайларға байланысты ғана рұқсат етіледі.

91. ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды:



1) Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттардағы визаларды ҚР аумағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;

2) инвесторлық (ИНВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитетінің хаты негізінде;

3) іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық  ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.

92. ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:



1) оқуға арналған (ОУВ) санаттағы визаны - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге, бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

2) емделуге арналған (ЕАВ) санаттағы визаны - Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

3) жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттағы визаны - бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.

4) тұрақты тұруға арналған (ТТВ) визаны - шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

93. Іскерлік (ІСВ) (91-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа), жеке (ЖСВ), туристік (ТСВ), миссионерлік (МИВ), транзиттік (ТВ) санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.

94. Емделуге арналған (ЕАВ), тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.

95. Оқуға арналған (ОУВ), емделуге арналған (ЕАВ), жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.

96. Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.

 

 

26. Қол қою құқығы



 

97. Қазақстан Республикасының визаларына:

1) ҚР СІМ-нің және ҚР-ның шетелдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері;

2) ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полициясы комитеті Көші-қон полициясы басқармасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД-ІІББ Көші-қон полициясы басқармаларының (бөлімдердің) бастықтары немесе олардың орынбасарлары қол қояды.

98. ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктері және ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің Көші-қон полициясы басқармасы ҚР СІМ-н, ҚР ІІМ-н және ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметін визаларға қол қоюға құқығы бар құзыретті тұлғалар туралы (атын, тегін, әкесінің атын және лауазымын көрсетіп) хабардар етеді және олардың қол қою үлгісін 3 данадан жібереді.



 

 

27. Берілген визаларды тіркеу



 

99. ҚР-ның берілетін визаларын тіркеуі ақпараттық жүйеде немесе Осы Ережелердің 5-қосымшаға сәйкес визалардың әр санатына арналған тіркеу журналында жүргізіледі. Журналдар нөмірленіп және жіппен тігілген болуы тиіс, сонымен қатар ҚР СІМ-нің, ҚР-ның шетелдердегі мекемелерінің, ҚР ІІМ-нің уәкілетті тұлғаларының қолыменен және мөріменен куәландырылған болуы қажет.

ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК ақпараттық жүйеде ресімделген, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректер қалыптастырады.

100. Визалық жапсырмалар бланкілері қатаң есептік бақылаудағы құжаттар болып табылады. Бұл бланкілер ҚР СІМ-нің тапсырысы бойынша дайындалады. Визалық жапсырмалар бланкілерінің қозғалысы мен шығыстарын бақылауды ҚР СІМ жүзеге асырады.

101. ҚР-ның шетелдердегі мекемелері осы Ережелердің 6-қосымшаға сәйкес әр айдың 5-ші күні ҚР СІМ-ге берілген визалар, консулдық алымдарды төлеу шотына түскен қаражаты туралы белгілі бір үлгідегі статистикалық есеп тапсырады.

Астана және Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармалары - ҚР ІІМ-не осы Ережелердің 7-қосымшаға сәйкес берілген визалар, мемлекеттік баж және төлеу шотына түскен қаражат және визалық жапсырмалардың шығысы туралы белгіленген үлгідегі статистикалық есеп береді.

ҚР ІІМ ҚР СІМ-ге берілген визалар, визалық қолданыс мерзімін ұзарту, мемлекеттік баж төлеу шотына түскен қаражат, сондай-ақ визалық жапсырмалар шығысы туралы белгіленген үлгідегі статистикалық есепті осы Ережелердің 8-қосымшаға сәйкес әр тоқсан сайын жолдайды.

102. Әртүрлі себептер бойынша (мерзімдердің, санаттардың т.б. өзгеруі) паспорттағы немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттардағы визалардың бүлінуі/жойылуы жағдайларында, құжаттан фотосурет және паспорттық деректері бар беттерінің, сондай-ақ бүлінген/жойылған виза бар беттің көшірмесі алынады.

103. Әрбір бүлінген және жойылған визалық жапсырмаларға осы Тәртіптің 9-қосымшасына сәйкес тиісті акт жасалынады.

 

 

28. Қорытынды ережелер



 

104. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасына визасыз келген, бірақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, заңды және жеке тұлғаларының белгіленген тәртіп бойынша ресімделген шақыруы болса, ҚР СІМ басшылығының шешімі бойынша 10 тәулікке дейінгі мерзімге виза (жұмысқа арналған (ЖЕВ) визасынан басқа) берілуі мүмкін. Оны шақырушы тараптың қолдаухаты бойынша санатына қарай ҚР СІМ немесе ҚР ІІМ ұзартады.

105. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.



ҚР СІМ, ҚР-ның шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.

106. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.



 

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру Ережелеріне

1-қосымша

 

Нысан

 

Жазбаша өтініш

 

Шығыс № ___



уақыты: ___ж. «__» _____

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Консулдық қызмет департаменті

____________________________ төмендегі шетел азаматын шақырып,

(заңды тұлғаның атауы)

қабылдайтынын растайды:

1. Аты-жөні:

2. Жынысы:

3. Туған күні мен жері:

4. Азаматтығы (подданство):

5. Ұлты:

6. Паспорттың сериясы, №:

паспорт берілген күні:

паспорттың қолданыс мерзімі:

7. Жұмыс орны мен лауазымы:

8. Тұратын мекен-жайы:

9. Визаны алу орны:

10. Болу мерзімі:

11. Визаның мәртелігі:

12. Сапардың мақсаты:

13. Келіп-кету көлігінің түрі

(тіркеу нөмірі, автокөліктің түрі рейстің нөмірі)

14. ҚР-дағы жүріп-тұру бағыты және болатын орындары:

Жетекші (қолы мен мөрі) аты, жөні, тегіОрынд. (шетел азаматын қабылдауға жауапты тұлға): __________________ тел:____________ ұялы тел:________________ эл. пошта _______________

Ескертпе:

1) шақыру- хат мекен-жайы, телефоны және факсы көрсетілген шақыратын ұйымның титул (фирмалық бланкінде) парағында ресімделеді;

2) 1 - жолда тегі мен атының орысша транскрипциясы болуы міндетті;

3) 6 - жолда визаның қолданыс мерзімі паспорттың қолданыс мерзімінің аяқталуы мерзіміне 6 ай қалғанға дейін бітуі тиіс;

4) 11 - жолда визаның (бір, екі, үш, көп) мәртелігі жоғарыда көрсетілген болу мерзімі кезеңінде Қазақстан Республикасына келу мәртелігін білдіреді;

5) 12 - жолда «сапардың мақсаты» ҚР-да болу мерзімі мен сұратылып отырған визаның мәртелігі негізделіп, толығымен толтырылады.

Жұмыс істеуге шақырған жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатының нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса ұсынылады.

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.30.01. № 08-1-1-1/24 және ҚР Ішкі істер министрінің 2012.25.01. № 45 бірлескен бұйрығымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасының

визаларын беру Ережелеріне

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының бір мәртелік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, жеке, бір және екі мәртелік туристік визаларын ресімдеу кезінде азаматтары шақыру қағазын және ҚР СІМ нұсқауын міндетті түрде көрсетуден босатылатын мемлекеттер тізімі

 

1. Австрия Республикасы

2. Австралия

3. Америка Құрама Штаттары

4. Бельгия Корольдігі

5. Болгар Республикасы

6. Біріккен Араб Әмірліктері

7. Бразилия Федеративтік Республикасы

8. Венгрия Республикасы

9. Грек Республикасы

10. Германия Федеративтік Республикасы

11. Дания Корольдігі

12. Жапония

13. Жаңа Зеландия

14. Ирландия Республикасы

15. Исландия Республикасы

16. Испания Корольдігі

17. Италия Республикасы

18. Израиль Мемлекеті

19. Катар Мемлекеті

20. Кипр Республикасы

21. Канада

22. Корея Республикасы

23. Лихтенштейн Князьдігі

24. Люксембург Ұлы Герцогтігі

25. Литва Республикасы

26. Латыш Республикасы

27. Малайзия Федерациясы

28. Мальта Республикасы

29. Монако Князьдігі

30. Нидерланд Корольдігі

31. Норвегия Корольдігі

32. Оман Сұлтандығы

33. Португалия Республикасы

34. Польша Республикасы

35. Румыния

36. Сингапур Республикасы

37. Сауд Арабиясы Корольдігі

38. Словак Республикасы

39. Словения Республикасы

40. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

41. Француз Республикасы

42. Финляндия Республикасы

43. Хорватия Республикасы

44. Чех Республикасы

45. Швеция Корольдігі

46. Швейцария Конфедерациясы

47. Эстон Республикасы

48. Иордан Хашимит Корольдігі

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру Ережелеріне

3-қосымша

 

Нысан

 

 

Топтық виза рәсімдеу үшін атаулы тізім

 



Тегі, аты

Күні, айы және туған жылы

Жынысы

Паспорт нөмірі

Азаматтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру

Ережелеріне

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі

 

1. Болу елінің сыртқы саясат ведомствосының, дипломатиялық өкілдігінің нотасы/визаны алу үшін өтінім/ визалық қолдау (шақыру).

2. Жарамды ұлттық паспорт, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін басқа да құжаттары немесе азаматтығы жоқ тұлғаның құжаты.

3. ҚР визасын ресімдеуге арналған сауалнама (1 дана).

4. Түрлі-түсті фотосурет 3,5 х 4,5 (1 дана).

5. Консулдық алым төленгені туралы түбіртек.

6. Қазақ ұлтына қатыстылығын, жақынының/туысының сырқаттығын/өлімін т.б. растайтын құжаттардың көшірмелері.

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру Ережелеріне

5-қосымша

 

 

Шетелдіктерге Қазақстан Республикасының визасын ресімдеу үшін ішкі істер органдарына көрсетілетін құжаттардың

тізімі

 

1. Виза беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші.

2. Осы Ережелердің 67 және 68-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін жарамды ұлттық паспорт немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжат.

3. Консулдық алымның төленгені туралы түбіртек.

4. Осы Ережелердің 32, 36 және 38 тармақтарында көрсетілген құжаттардың бірі.

 

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру Ережелеріне

6-қосымша

 

Түр

 

Қазақстан Республикасының дипломатиялық(ДВ), қызметтік(ҚВ), іскерлік (ІСВ) визаларын беруді тіркеу журналы

 

№ р/с

Құжаттарды қабылдаған күні

Визаның №

Азаматтығы

Аты, тегі, әкесінің аты

Туған күні, (айы, жылы)

Паспорттың нөмірі, сериясы

Визаны беру негіздемелері

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы 

Шақырушы тұлға

Визаның санаты

Мәр телігі

Визаның қолдану мерзімі

Конс. алым/ мемлекеттік баж

Түбіртектің №

Визаны берген күні

Визаны алған тұлғаның қолы

ескертпе

9

10

11

12

13

14

15

16

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет