КӨПШІЛІККЕ АШЫҚ ЕСЕП БЕРУ
«Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
2013 жыл
2012 жылдың 20 қарашасында Қазақстан бокс федерациясы, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, дзюдо федерациясы, таеквондо (WTF) федерациясы және ауыр атлетикасы федерациясының бастамасымен «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Конфедерацияның төрағалық қызметін Құлыбаев Тимур тізгіндеді.
Конфедерацияны құрудағы басты идея - үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқой, кадрлық және қаржы ресурстарының басын біріктіру болып табылады. Конфедерация мүшелері спорт түрлерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешу болып табылады.
Конфедерация төрағасының бастамасымен сегіз бағытта жұмыс істейтін нақты қызмет түрлері анықталды. Олардың қатарында Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларды, жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін үздіксіз жоғары білікті ғылыми-негізделген мақсатта даярлау жүйесін құру, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт саласындағы тұлғалардың біліктілігін арттыру қызметтері көзделген.
Аталмыш бағыттағы қызметтер бойынша 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев «Болашақ» шәкіртақысының иегері атанып, Брюнель университетіне оқуға түсті. Сондай-ақ, Конфедерация өкілдерінің іріктеуімен Сочи қаласындағы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде «спорттық менеджмент» мамандығы бойынша 10 маман тәжірибе алмасып келсе, тағы бір маман магистратурада оқуын жалғастыруда.
Қазіргі таңда спорттық медицинаны дамыту өзекті мәселеге айналған. Олимпиада ойындарындағы нәтижелерден байқағанымыздай, спорттық медицина инфрақұрылымы дамыған лидер елдердегі университеттер мен мамандандырылған институттарда (АҚШ, Швеция, ФРГ, Франция, Италия және т.б.). Спортта биік белестерді бағындыру үшін спорттық медицина қызметі ғылыми тұрғыда жақсы ұйымдасқан, жүйелі ұйым қызметтерінің болғаны абзал. Спорттық медицинаны дамыту және нығайту мақсатында Конфедерация «Астана медициналық академиясы» АҚ мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналыұ университетімен келісім-шарт жасасқан.
Конфедерацияның бастамасымен республика аймақтарында материалдық- техникалық базаны нығайтуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Спортшылардың жаттығуына жағдай жасау мақсатында 15 спорттық база жұмысын бастады. Оған қоса, бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетикамен айналысу үшін Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) мен Шығыс Қазақстан облыстарында (Семей қаласы) екі заманауи үлгідегі дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылыстары басталып кетті.
«Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдап, демеуімен Конфедерация Алматы облысында ауыр атлеттерге арналған арнайы спорттық-дайындық базасының құрылысын жүзеге асыру жобасын қолға алды.
Қазіргі заман талабына сай жабдықталатын жоғарғы деңгейдегі заманауи спорттық кешенде отандық спортшылармен қоса, шет елден келген спортшыларға кеңейтілген қызмет түрлерін ұсыну жоспарлануда. Ол үшін таныстырылған нысанға күрделі құрылыс жұмыстарын, қосымша ғимараттар, сондай-ақ ұсынылған қызметтерді керек-жарақтармен қамтамасыз ететін нысандардың болуы жоспарланған. Бұл база спортшылардың жоғары деңгейде дайындалып, медициналық диагностикалық орталықта қайта қалпына келулерін қамтамасыз етеді.
2013 жылы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының демеуімен отандық спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізген ірі халықаралық және республикалық додалар өткізілді.
2013 жылдың маусым айында Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық біріншіліктің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға жайғасты. Азия чемпионатында екісайыс сомасы бойынша үш «алтын», бір «күміс» және екі «қола» жеңіп алды.
2013 жылдың тамызында Қарағанды қаласында таеквондодан (WTF) Қазақстан кубогы ұйымдастырылды.
2013 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында ҚазМұнайГаз кубогы үшін дзюдодан турнир өтті. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің ұлттық құрамалары қатысты.
2013 жылдың қыркүйек айында Аллматы қаласында дзюдодан Әлемдік Гран-При өтті. Лицензиялық турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді. Құрама еншісінде 5 алтын, 5 күміс және 7
қола медаль бар.
2013 жылдың қазақ айында Алматы қаласында АИБА ересектер арасындағы Әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Әлем біріншілігінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері 8 жүлде: 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
2013 жылдың қарашасында Астана қаласында таеквондодан (WTF) ел чемпионаты өткізіліп, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапы құрылды.
Қараша айында Астана, Өскемен, Атырау қалаларында таеквондодан (WTF), бокс және дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттары өтті. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама жасақталды.
2013 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында грек-рим күресінен «ҚР Президентінің кубогы» өтті.
2013 жылдың желтоқсанында бас қалада Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалы ұйымдастырылды.
2013 жылы Қазақстан спортшылары халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсете алды.
2013 жылдың шілде айында бокстан ересектер арасында Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында қазақ боксшылары жеті алтын және бір күміспен жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.
2013 жылдың тамызында кадеттер арасындағы дзюдодан Майами қаласында (АҚШ) Бауырдан Жауынтаев алтыннан алқа тағынды. Ол әлемдік біріншілікте жеңіс тұғырының жоғары сатысына жайғасқан алқашқы қазақстандық кадет.
2013 жылдың қыркүйек айында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) дзюдодан ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында Азамат Мұқанов күміс медальға ие болды.
2013 жылдың сегізінші айында Будапешт қаласында (Венгрия) күрестен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола медальмен толықты. Жеңіс тұғырының төменгі сатысына Екатерина Ларионова мен Нұрмахан Тінәлиев көтерілді.
2013 жылдың шілде айында Қазан қаласындағы (Ресей) Бүкіләлемдік Жазғы Универсиадада Конфедерация құрамына енетін спорт түрлері бойынша қазақ спортшылары үш алтын, он бір күміс және он алты қола медальға қол жеткізді.
2013 жылдың қазан айында ауыр атлетикадан Вроцлавта (Польша) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күміс және бір қола медаль еншіледі.
Конфедерацияның үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқой, кадрлық және қаржы ресурстарының басын біріктіру қызметінде «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» АҚ және «ҚазМұнайГаз ҰҚ» АҚ ықпалы зор, сондай-ақ, «Хуавей Алматы» ЖШС және «ҚазТрансГаз» АҚ демеу көрсетіп келеді. Компаниялар үшін қазақстандық спорттың дамуы басты мақсат саналады.
Спорттық жарыстардың күнтізбелік жоспарын толық жүзеге асыруға, спортшыларға медициналық және фармацевтикалық қолдау көрсетуге, олардың толыққанды дайындалуларына жағдай жасау және федерациялардың спорттық базаларының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында бөлінген қаражат көлемі жеткілікті деңгейде аударылған.
Конфедерацияның нәтижелі жұмыстарының арқасында ірі халықаралық жарыстар мен Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың тойлайтын жеңістері молынан боларына сенімдіміз!
БАС ДЕМЕУШІЛЕР
ҚОЛДАУШЫЛАР
------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |