Қазақстан республикасының заңЫ



Дата23.02.2016
өлшемі92.15 Kb.
#4118


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат, № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 457-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын тұлғалар;»;

2) 542-бап «барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын тұлғалар – өздеріне мұрагерлікке құқық туралы куәлiктер алғаны үшiн».



2. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 11, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 111-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«111-2-бап. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы»;

2) мынадай мазмұндағы 111-2-баппен толықтырылсын:

«111-2-бап. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы

1. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы, –

айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, –

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3) 541-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Кодекстің 111, 111-1, 111-2, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екінші бөлігінде), 336 (1-1-бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.».

3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат, № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

«6-3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қоюдың бірыңғай тәртібін айқындайды;»;

2) 13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Егер тұрғын үйді иеліктен айыру нәтижесінде тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтары және тұрғын үй жағдайлары нашарлайтын болса, тұрғын үйді апатты жағдайға әкелуді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлерін иеліктен айыруға жол берілмейді.»;

3) 67-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;»;

4) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары және заңды өкілдер тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қоюды қамтамасыз етеді.»;

5) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы тармақтың 1-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, дара (бөлек) тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер бөлуді, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары дара (бөлек) тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына барабар жүргізеді.»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең болып танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды.

4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.»;

6) 86-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.».

4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронат тәрбиесіндегі бала тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар.»;

2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

«14-1-бап. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау тәртібі

1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді сақтауды қамтамасыз ету;

2) ешкім тұрмайтын немесе басқа елді мекендегі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу арқылы тұрғын үйді басқару жөніндегі шараларды қабылдайды.

2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді сақтауды заңды өкілдер және білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының әкімшіліктері қамтамасыз етеді.

3. Заңды өкілдер және білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының әкімшіліктері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үй-жайға мұқтаж азаматтарға немесе заңды тұлғаларға жалға беруді жүзеге асыра алады.

Тұрғын үй-жайды жалдау шарты бойынша немесе жалға беруден алынған ақшалай қаражаты жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және (немесе) карточкалық шотына аударылуға жатады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйде тұратын туыстары тұрғын үйдің сақталуына және күтіп ұсталуына жауаптылықта болады, коммуналдық қызметтердің төлемін жүргізеді.».



2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет