Тақырыбы:Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері
Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр. Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты.
Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс пен еіьек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты (психологиясы) бар. Қала тұрғындары мен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі кезінде тіпті төмендеп кетті. Осылардың салдарынан ауыл-село тұрғыдары азаюда. Бұлардың көбі күнкөріс қамымен қалаларға барып қоныстануда.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Қала Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, анасы шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады.Және бұл жағдай көбіне қалаларда орын алады.
Ауыл балаларында ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, өзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерекотбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады.
Қала мен ауыл бойынша бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында бала-бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері жүйелі жоспармен қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастыру арқылы жүргізу қажет. Егер мұғалім мектептен, ал ата-ана үйден бірі-бірімен байланыссыз баланы жеңіске жетелесе, оның нәтижесі көп болмайтыны ғылыми зерттеулермен тұжырымдалған. Сондықтан да баласының тағдырына алаңдайтын ата-ана мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақ біріге отырып, жүйелі тәрбие бере алады. Көптеген ата-аналармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді
Достарыңызбен бөлісу: |