Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі


Жекелеген учаскелер бойынша экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқару жоспары (ҚОӘБ/ҚОБЖ)



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#136594
1   2   3   4

Жекелеген учаскелер бойынша экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқару жоспары (ҚОӘБ/ҚОБЖ)



    1. Жекелеген учаскелер бойынша ҚОӘБ/ҚОБЖ қамту саласы мен мазмұны

СӨРАТС-2 жобасының жабалау қызметінің жалпы аумағы келесіні қамтиды:



  • Шардары су қоймасы мен Арал теңізінің арасындағы Сырдария өзенінің арнасы, оның ішінде саға өзендері;

  • Арал теңізінің солтүстік бөлігі;

  • Саға көлдерінің жүйелері;

СӨРАТС-2 жобасының кіші жобаларының орналасқан жері төмендегі суретте көрсетілді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы

Сырдария өзенінің бассейні




р/б№

Кіші жобалардың атауы

1

Кызылорда бөгетінің сол жақ жағалаудағы суды реттеуіш тетігін қалпына келтіру

2

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Қорғаншы және Тұрымбет бөлімшесінің ауданындағы өзен арнасын түзету

3

Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарындағы қорғаныш бөгетті қалпына келтіру және жақсарту

4

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Бірлік елді мекенінің жанындағы автожол көпірінің құрылыстары

5

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдерінің жүйелерін қалпына келтіру

6

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамыстыбас балық питомнигінің Тастақ учаскесіндегі балық өсіретін тоғанды қайта құру және кеңейту

Экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқарудың негіздемелік негізі жеке учаскелер бойынша ҚОӘБ және ҚОБЖ әзірлеу процедураларын белгілейді. ЖБТ жобаастын алдын ала тексеріп және жобаасты санаттарын анықтауы керек. B+ және төмен санатты деп анықталған жобалар үшін, жобалаушылар сәйкестенуші жеке ҚОӘБ және ҚОБЖ жобаасты бойынша жұмыс құжаттары бөлігі ретінде өңделуіне жауап береді. ҚР-ның ұсынылып отырған шараларға бағалау жүргізу бойынша басқармасында алдын ала жоспарлау, жоспарлау кезеңдерінде, техникалық-экономикалық негіздемелер және жұмыс құжаттарын өңдеу (2007 ж.), жұмыс құжаттарын дайындау кезіндегі қоршаған ортаға әсер ету бағалауына нысанның ықпал ету немесе Әлемдік банктің ОП 4.01 талаптарына сәйкес келетін жобалық шаралардың нақты сараптамасы кіргізілуі керектігі анықталды. Сондай-ақ, САРАТС -2 жобасын іске асыру аясында, әрбір ұсынылып отырған жобаастын іске асыру кезінде келесі аспектілер есепке алынуы керек:




Жер беті сулары

  • Ішкі жоба аумағының гидрографикалық сипаты;

  • берілген максималды жақындаған бақылағыш жармаларды пайдалану арқылы Сырдария өзенінің сипаты;

  • су ағысының гидрологиялық, гидрохимиялық, мұзды, қызулық, жылдамдық тәртібі, қоқыстар тәртібі, тасқын су басу сияқты қауіпті құбылыстар, мұзды кептелістер, айдап өту құбылыстары;

  • жобаасты аумақтарындағы санитарлық қорғау аймағы мекемелерінің тәртібі;

  • су ағынының саны және сипаты (лақтырып тастау орнын, шығарылымның құрылымдық ерекшеліктерін, ластанушы заттардың тізімін және олардың шоғырлануын көрсету);

  • айналмалы жүйені енгізудің максималды мүмкінділігін негіздеу, ағын суларды қайта қолдану және тазалау құрылғылары жүйесі;

  • құрамына кіретін шекті-рауалы төгінділерге қол жеткізу бойынша ұсыныстар:

  • тастаудың ақтық шегіне жетуі мүмкін кезде берілетін ұсыныстар, құрамына келесілер кіруі тиіс:

    • құрылыс үрдісі және пайдалану кезіндегі жоспарланып отырған жобалардың су ортасына әсер ету бағасы, суға шығару салдарынан су қоймасының жылумен ластануы және экожүйесіне суды жинау салдары әсерін қосқанда;

    • канал құрылғысына, көпірлер құрылысына және жағымсыз оқиғаларды анықтаумен байланысты аңғар үдерісі өзгерісі бағасы;

  • суды қорғау шаралары, олардың нәтижелілігі, құны және іске асырылу кезектілігі;

  • судың үстіңгі бетінің экологиялық мониторингін ұйымдастыру;


Жер қорлары және қыртыстары

  • жерді пайдаланудың жағдайы және шарттары, құрылыс жұмыстарына көзделген жер территориясының балансы және меншік түріне сәйкестелген шаруашылыққа іргелес, жер орналастыруларына ұсынылатын өзгерістер, ауылшаруашылық өндірісі жоғалуын есептеу, және өтемақыға тиісті жер пайдаланушылардың шығындарын (меншіктенуші) есептеу;

  • жоба асты территориясы әсер ету аймағындағы қазіргі жер қыртысы қабаттары сипаты (бонитет балымен қыртыс картасы, жер асты суы деңгейі, физикалық және химиялық сипаты, ластануы, бұзылуы, мүжілуі, дефляция, құнарлануы және қыртыстардың механикалық құрамы);

  • жер қыртысы қабаттарына ететін әсерлердің болжалды сипаты (жер жұмыстары сияқты механикалық бұзушылықтар), геохимиялық үрдістердің өзгеруі нәтижесінде жоба асты қызметінің ықпал ету аймағындағы жер қыртысы ерекшеліктерінің өзгеруі, территория үстіртін айтулы қайта жоспарлауымен бедерлердің жаңа формасының қалыптасуы, жаңа табиғи үрдістерді жандандыру, өндіріс қалдықтарымен ластануы және колданылуы;

  • жоспарланып отырған шаралар және әсер ету аймағындағы жоба асты территориясының жобалық шешімдері:

  • алыну, тасымалдау және құнарлы жер қыртысы қабаттарын және аршымалы нәсілдерін сақтау;

  • тікелей жобалық қызметтермен қозғалмайтын учаскелердегі жер қыртысы қабаттарын сақтау;

  • бұзылған жер қыртысы қабаттарын қайта қалыптастыру және бастапқы немесе басқа пайдалануларға жарамды жоба асты территориясын қалыпқа келтіру, ( техникалық және биологиялық топырақ құнарлылығын қайта қалпына келтіру);

  • жер қыртысының экологиялық мониторингін ұйымдастыру.


Өсімдік

  • өсімдікке жоспарланып отырған қызметке ықпал ету аймағын анықтау;

  • өсімдік қабаттарындағы болжалды өзгерістер (түрлік құрам, жағдайы, ұйымдардың өнімділігі, генотиптердің бейімделу бағасы, шаруашылық және функционалдық мәні, ластануы, зиянкестермен жұқтырылуы);

  • әсер етуші жоба асты аймағындағы өсімдіктер қабатының қазіргі жағдайы (геоботаникалық картасы, флоралық құрамы, функционалдық мәні, өсімдік қауымдастықтарының өнімділігі, олардың табиғи өзгерісі, Қызыл кітапқа енген дәрілік, сирек, эндемикалық өсімдіктер түрінің бар болуы, өсімдіктердің ластануы және зақымдануы; қазіргі антропогендік салдарынан өсімдіктерде болатын сукцессиялар);

  • жоба асты нысандарының әсер ету сипаты және территорияның өсімдіктер қауымдастықтарының ілеспе өнімдер сипаты, ықпал ету аймағындағы сирек, эндемикалық өсімдіктер түрінің қаупі;

  • жоба асты әсер ету аймағының көлемі және осы өзгерістердің тұрғындар өміріне және денсаулығына тигізетін салдары;

  • өсімдіктер қауымдастығын сақтау бойынша, олардың жағдайын жақсарту, сақтау және флоралардың ұдайы өзгеруі бойынша ұсыныстар; өсімдіктерге әсер етуі өтем ақы шарасы;

  • өсімдіктер қабаты мониторингіне ұсыныстар.


Жануарлар (сүтқоректілер, балық түрлері, құс түрлері, бауырмен жорғалаушылар және қосмекенділер)

  • су және жер фауналарының бастапқы жағдайы (сүтқоректілер, балық түрлері, құс түрлері, бауырмен жорғалаушылар және қосмекенділер);

  • Қызыл кітапқа енгізілген сирек, жойылып бара жатырған жануарлар түрінің бар болуы;

  • түрлік құрамдағы нысандардың әсер ету сипаты, фауналардың саны, оның генофонды, мекен ету ортасы, көбею жағдайы, көшіп – қону жолдары және құрылыс үрдісі кезінде жануарлардың шоғырлану орыны және пайдалануы, түрлердің бейімделу бағасы;

  • табиғи қауымдастықтар тұтастығының, мекен ету ортасының, көбею жағдайының, көшіп – қону жолдарындағы әсерлер және жануарлардың шоғырлану орындарының бұзылу ықтималдылығы, олардың жоба асты әсер ету аймағындағы алуан түрлілігінің азаюы, осы соңғы өзгерістердің бағасы және қоршаған ортаға тигізілген зақымдар;

  • табиғи қауымдастықтар тұтастығын, су және жер фауналарының алуан түрлілігін сақтау және қалпына келтіру бойынша шаралар, болжалды өтемақы шаралары;

  • жануарлар әлемі мониторингіне бағдарлама.



Өңірде жобалау қызметі іс асырудың экологиялық тәуекелін бағалау

  • табиғи кешендердің құндылығы (биологиялық құндылық, экологиялық құндылық, функционалдық мәні, ереке қорғалатын объектілер), жоспарланатын қызметке әсер етуге бөлінген ландшафттардың тұрақтылығы;

  • ықтимал апаттық жағдайлар (объектінің техникалық деңгейін және қауіпті табиғи құбылыстардың болуын ескере отырып) апат жағдайларының көздері, түрлері, олардың қайталанушылығы, әсер ету аймағы анықталады;

  • қоршаған орта мен халыққа әлеуетті апаттық жағдайлардың салдарларын болжау;

  • болжамды жобалау қызметінің нәтижесінде, арнайы табиғат пайдалану үшін нормативтік төлемдердің болжалды есеп айырысу түрінде қоршаған орта мен халықтың денсаулығына келтірілген шексіз зиянды бағалау, сондай-ақ ықтимал апаттық жағдайлардың нәтижесінде қоршаған ортаға нормативтен тыс зиян үшін ықтимал өтемақы төлеу мөлшерінің есеп айрысулары, экологиялық сақтандыру мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын технологиялық және статистикалық тұрғыдан негізделген өтемақы төлеулердің есеп айырысулары;

  • апаттық жағдайларды ескерті және олардың салдарларын жою бойынша ұсынымдар;
        

Жобаның ҚОБЖ ережесіне сәйкес және жобаның жұмыс құжаттамасын даярлау кезеңінде қоршаған ортаға әсер етуін егжей-тегжейлі бағалау тұжырымдамасы негініде жекелеген учаскелер бойынша ҚОБЖ келесіні қамтитын жобалық объектілерді салу мен жұмыс істеуіне байланысты нақты әрекеттердің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жеңілдету шаралары белгіленді:

  • Бар бөгеттердегі жалпы құрылыс жұмыстарынан төмен түсу, шұңқырлады қазу, қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша құрылымдар, бөгет сияқтыларды салу есебінен жер бетіндегі судың ластануы, каналдың енін кеңейту, бар көпір құрылыстарын ауыстыру және жаңа көпірлер салу, жаңа балық тоғандарын әзірлеу мен жұмыс істеуі және іліспелі инфрақұрылымдар салу.

  • Биологиялық сан алуандықтың әсер етуі: алаңды тазарту барысында өсімдікті кесіп алу;

  • Отын, ЖЖМ және майлайтын материалдарды құю топырақтар мен жер бетіндегі судың ластануы;

  • Құрылыс жұмыстарымен айналысушы жұмысшылар мен жергілікті халықтың денсаулығына әсер ету және техниканы пайдалану.

  • Көлік құралдары мен механизмдерді пайдалану мен жөндеу нәтижесінде көлік қозғалсының өсуі, шаңдаттыру, жойылу, шуыл мен тербеліс

Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын салдарларды жеңілдетудің әлеуетті шаралар:

  • Өзен арнасының экожүйелерін сақтауға және өзен арнасын түзетудің теріс нәтижесін азайтуға.

  • Өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін сақтауға.

  • Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде судың ластануын азайтуға.

  • Балық өсіретін тоғандардан судың ластануын азайтуға.

  • Жұмыс жүргізуге ықпал ететін және апаттар мен жазатайым оқиғалар мүмкіндігін болдырмайтын қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, жұмыс орындарының көлемі мен орналасын дұрыс, техникалық тұрғыдан негізделген таңдаумен қауіпсіздік еңбек техникасы жөніндегі ережелерді сақтауға. Жаңа материалдар мен құрылымдарды, құрылыс жұмыстарын орындау технологияларын енгізуге.

  • Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерге және тұрғын үй аудандарына кіру рұқсатын бере отырып құрылыс учаскесін қоршауға.

  • Құрылыс және қадағалау шартына қоршаған ортаны қорғау туралы ережені енгізуге.

  • Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі шараларды іске асыруға.

  • Құрылыс қалдықтарынан учаскені уақытында тазарту және мониторинг органдарымен белгіленген жерлерде ғана қазу жұмыстарын жоюға.

  • Құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін алаңдарды тазартуға бағытталды.

СӨРАТС-2 жобасы шеңберінде жекелеген учаскелер/ішкі жобалар бойынша тиісті ЭН және ҚОБЖ қоршаған ортаға әсер етуді жеңілдету және мониторинг жөніндегі шараларды, сондай-ақ салдарларды жеңілдетуге жұмсалатын шығындарды, оның ішінде құрылыс, қалпына келтіру және жер жұмыстарын және ОП 4.04 Дүниежүзілік Банкке сәйкес түрлердің мекендейтін сыни аймақтарын қоса алғанда түрлердің мекендейтін табиғи аймақтарына жабдықтарды тасымалдауды анықтау керек; ҚОБЖ деректері бұталарды тазарту және ағаш дайындау бойынша кез келген жұмыс ұя салу маусымында жүргізілмеу, ал жер жұмыстары мен топырақты тегістеу уылдырық шашу кезінде жүргізілмеу үшін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ тұрақты су беру қысқартылатын (ұсынылып отырған жоба қызметінің сипатына сәйкес) бұрын өзен арнасының бойында орналасқан аумақтарға ерекше көңіл бөліну керек. Мысалы, ҚОБЖ жоба қызметінің осындай әсерінің өтемақысы үшін осындай салаларға су беруді қалпына келтіру режимін іске асыру анықталуы тиіс. Жекелеген ішкі жобалар бойынша ҚОӘБ/ҚОБЖ сондай-ақ балық өсіретін тоғандардан судың ластануы белгіленуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет