«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі



Дата22.05.2024
өлшемі27.83 Kb.
#501686
jxwoTJerVBX3EqLQneDOqCPyNqqFlUshsdjARXBp


« Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі
1. Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері,дереккөздері,тарихнамасы жәнекезеңдері.
2.Адамның шығу тегі теориясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
3. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің әлеуметтік құрылымы және шаруашылығы.
4. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштер. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
5. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
6. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
7.Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы.
8. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі.Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу мәселесі жәнетаралу аймағы.
10. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
11.Көшпелілер тарихын кезеңдеу.Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
12.ЕжелгіҚазақстанныңтарихыжазбадеректері.
13. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.
14. Үйсіндер мен Қаңлылар мемлекеті. Қоғамдық құрылысы,
шаруашылығы, мәдениеті.
15.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен саяси тарихы.
16.Ұлы Жібек Жолы және оның Қазақстанның экономикалық және
мәдени дамуындағы ролі.
17.Түрік қағанатының құрылуы мен саяси тарихы.
18.Батыс Түрік қағанатының құрылуы,аумағы,этникалық құрамы.
19.Түркеш қағанаты.
20.Қазақстан аумағына Ислам дінінің енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы.
21. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы,қоныстану аумағы,тайпалық құрамы.
22.Оғыз бірлестігі.
23. Қараханидтер мемлекеті.
24. Қарақытай мемлекеті.
25.Қыпшақ хандығы.
26.Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.
27.Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
28.Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы.Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.
29.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер,саяси және мемлекеттік құрылысы.
30. Ақ Орда хандығы (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
31. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы) мемлекетініңқұрылуы. Аумағы мен этникалыққұрамы.
32. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.
33. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Объективтік және субъективтік себептері.
34. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы.
35. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.
36.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. «Қазақ» этнонимінің
әлеуметік , саяси және этникалық мазмұны.
37. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
38. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы.
39.Қазақ хандығының Қасымхан тұсында нығаюы.
40. Тәуке хан тұсындағы ішкі және сыртқы саяси жағдай.
41. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
42.Қазақ қоғамында батырлар мен билер рөлі.
43.XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері.
44.Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
45.Жоңғар басқыншылығына тойтарыс берудегі Қарақұм, Ордабасы,
Ұлытау жиындары мен қазақ батырларының рөлі.
46.«Ақтабан шұбырынды» және қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы Отан соғысы.
47.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Бұланты және Аңырақай шайқастарының тарихи маңызы.
48.Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің қазақ халқының тарихындағы алатын орны.
49.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
50. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 40 ж.).
51. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы. Кіші және Орта жүздерде хандық билігін жою.
52. Патша әскерінің жорығы нәтижесіндеЖетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.
53. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы:Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
54. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
(1773-1775 жж.).
55.И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
56. Ж.Нұрмұхамедов Е. Көтібаровтың бастаған азаттық көтерілісі.
57.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық
көтерілісі.
58.ХІХ ғ. 60-90 жж. Патша өкіметінің аймақтық-әкімшілік реформалары.
59.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
60.Қазақ халқының көрнекті ағартушылары – Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин.
61.Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы.
62.1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсері.Қарқаралы петициясы.
63.Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленнісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары.
64. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.б.).
65.Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
66.1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, барысы және негізгі кезеңдері.
67.1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.
68. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
69.1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
70.Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы.
71. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
72.1917 жылғы желтоқсанындағы ІІ - ші жалпы қазақ съезі. «Алашорда» өкіметінің құрылуы.
73.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
74. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.
75. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оның салдары.
76.Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).
77.Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.
78. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
79. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны,салдарлары.Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілістері.
80. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев.
81.Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары
82.Қазақстандағы ГУЛАГ.
83.Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.
84.Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
85.Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.
85.Қоғамдық өмірдегі адам құқын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б. еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру.
86.Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.
87.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.
88. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар.
89. ХХ ғ. 50-80 жж.Қазақстан мәдениеті және ғылым.
90. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
91. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты және оның нәтижелері.
92. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан көтерілісі.
93. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
94. Қазақ КСР-інің Егемендігі туралы Декларациясының жариялауы және оның мәні.
95. 1986-1991 жылдардағы тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі.
96. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы Заңының қабылдануы және оның тарихи мәні.
97. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау (1993 жыл 28 қаңтар, 1995 жыл 30 тамыз)
98.Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
98. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі
99. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері.
100. «Қазақстан-2030» Стратегиясы, оның бағыттары.
111. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, оның бағыттары.
112. Қазақстан астанасының көшірілуі, оның маңызы.
113.«Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары:мақсаты мен негізгі кезеңдері.
114. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
115.Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
116.Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол»,«100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
117. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары және оның маңызы (1992-2017жж.).
118.ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
119. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. (
120. Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
121. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.
122. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
123.Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум.Ұлттық Құрылтайдың құрылуы.
124«Мәңгілік ел» идеясының негіздері.
125. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.
Можете добавить вопросы. Конструктивная критика возможна.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып,
бекітілген №1, __________ ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының


меңгерушісі т.ғ.к.,доцент: С.Джунусбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет