Жж. ҚАзақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



Дата17.05.2024
өлшемі44.75 Kb.
#501400
МЕ сұрақтары 2023-2024 оку жылы (1)


2023-2024 жж. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:


  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

  2. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.

  3. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.

  4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

  5. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.

  6. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.

  7. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.

  8. Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениет (б.з.б.III – б.з. II ғғ).

  9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.

  10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

  11. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.

  12. Оғыздардың этникалық тарихы мәселесі.

  13. Қараханидтер.

  14. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

  15. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

  16. Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.).

  17. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы.

  18. Ақ Орда (XIII ғ.– XV ғ. басы) жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш мемлекет.

  19. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).

  20. Батыс Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

  21. Түргештердің шығу тегі мәселесі. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.).

  22. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.

  23. Ұлы жібек жолындағы Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.

  24. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы.

  25. Әбілқайыр хан мемлекеті (1428-1468 жж.).

  26. Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) – XIV ғ. соңы – XV ғ.аумағы және этникалық құрамы.

  27. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

  28. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.

  29. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.

  30. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

  31. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.

  32. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.

  33. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі.

  34. Хақназар ханның билігі.

  35. XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.

  36. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.

  37. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

  38. Ақын-жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.

  39. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары.

  40. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы.

  41. Аңырақай шайқасы.

  42. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі.

  43. Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.).

  44. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.

  45. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.

  46. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы.

  47. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.

  48. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу (1822 ж., 1824 ж.).

  49. 1867 жылғы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» және 1868 жылғы 21 қазандағы «Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» жүзеге асырылуы.

  50. 1886 ж. «Түркістан өлкесін» басқару туралы ереже. Әкімшілік құрылым. 1891 жылғы Дала облыстарын басқару туралы ереже. Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер.

  51. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы. Жәңгір хан.

  52. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.

  53. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және Столыпиндік жаңғырту.

  54. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі.

  55. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы,

  56. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.

  57. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.

  58. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.

  59. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілісінің себептері, сипаты мен барысы.

  60. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.

  61. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.

  62. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.

  63. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі.

  64. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.

  65. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы.

  66. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев.

  67. Мерзімді баспасөз. Айқап журналы, Қазақ газеті.

  68. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.

  69. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.

  70. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес өкіметінің орнауы.

  71. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.

  72. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясының таптық көзқарасқа негізделген мемлекет құру идеясымен алмастырылуы.

  73. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.

  74. Қазақ өлкесінің азамат соғысына (1917 ж. қараша – 1920 ж. наурыз) тартылуы.

  75. Жаңа экономикалық саясат.

  76. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.

  77. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар.

  78. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі.

  79. Сталиндік қуғын-сүргін (1930-1950жж.), оның ауқымы және ауыр зардаптары.

  80. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.

  81. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.

  82. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау.

  83. Соғыс жылдарындағы (1941-945 жж.) ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

  84. Е.Бекмахановтың тарихи мұрасы. «Е.Бекмаханов ісі».

  85. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.

  86. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар.

  87. Д.А.Қонаевтың қызметі.

  88. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы және олардың шынайы себептері.

  89. «Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы.

  90. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.

  91. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.

  92. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі (1992 ж.).

  93. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы (1995 ж.).

  94. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы (2022 ж. 16 наурыз).

  95. Ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.

  96. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанды әлемге танытудағы тарихи маңызы.

  97. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамалары.

  98. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы.

  99. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуы мен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.

  100. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.).

  101. Қазақстан Республикасының ақпарат саясаты, БАҚ-ның дамуы.

  102. Білім беру сапасын арттыру. «Болашақ» бағдарламасы.

  103. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, мақсаты және негізгі кезендері.

  104. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.

  105. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; жоғарғы мақсаттар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет