«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақстна тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
«Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
|
Оқу мақсаты
|
8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді
Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлін бағалайды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |