Сабақ тақырыбы:
Қазақстан тарихы тарихы
8-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Қазақстандағы
ұжымдастыру
1 сабақ
Бүгін сабақта:
Күштеп ұжымдастыру саясатының ауылшаруашылығына тигізген зардаптарын талдайсыз.
|
Зерттеу сұрағы:
Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды
1.Бұл монумент қандай оқиғаға байланысты
орнатылған деп ойлайсыңдар?
2.Мүсін неге осындай кейіпте бейнеленген?
Республика билігіне Ф.И. Голощекиннің келуі.
Ф.И. Голощекин
1876-1941
Ол өлкеде
“кіші қазанды” ұйымдастырып , ауылдарды кеңестендіруді ұсынды. Көшпелі малшыларды отырықшыландыру жергілікті тұрғындарды кеңес билігіне қаратудың бірден - бір жолы деп білді.
Көрнекті мемлекет қайраткерлері
С. Сәдуақасов
С. Қожанов
М. Мырзағалиев
С. Сейфуллин
Н .Нұрмақов
С. Меңдешев
Ж .Мыңбаев
Байлардың мүлкін тәркілеу мен жер аудару
Дайындықтың нашарлығы және рулық қарым қатынастар ауылдағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз болды
Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызын да қабылданды.
көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары
жартылай көшпелі аудандарда үш жүз бастан жоғары
ал отырықшы аудандарда жүз елу бастан жоғары
Бұл декрет бойынша ірі байларға
Декретке сай 700 - дей шаруашылық тәркілеуге ұшырады;
Мал - мүлкі тартып алынды;
Қазақ халқынан 145 мыңдай мал басы үкімет қарамағына алынды;
Бірқатары ауыл кедейлеріне таратылды;
Кейінірек ең бір жаманы , ұжымдастыру кезеңінде байларды тұрғылықты жерлерінен тысқары қудалау басталды . Ешқашан туған жерін тастап көрмеген далалықтар бір сәтте елден қуылып , бөтен жерге қоныс тепті.
Кейде байларды республика аумағынан тыс өңірлерге , Украина мен Ресей т.б. жерлерге жер аударды . Экономикалық зорлық - зомбылық саяси жағынан да жүзеге асырылды
1930-1931 жылдары өлкеге басқа республика аумақтарынан мүліктері тәркіленген , жер үлесін алу құқығынан айырылған 180 мыңға жуық кулак көшірілді.
( 1927 жылдың желтоқсанда XV съезінде) ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады.
Барлық киіз үйлер бір жерге жиып тігілді.
Мал мен құрал - сайман ортақ деп жарияланды.
Қараусыз , күтімсіз , су мен жайылымсыз қалған малдар топ - тобымен қырылды.
Шаруалар малдарын тірідей сақтай алмайтындарына көздері жеткенде жаппай сойып тастап отырды.
Сойылған малдың көптігінен ет бұзылып , жарамсыз болып қалды.
Осылайша ысырапшылдыққа жол беріліп,ашаршылыққа жол ашылды.
1-тапсырма
Қазақстандағы ұжымдастырудың салдарын анықтаңыз
?
Жауабы:
Ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті;
Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды;
Ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды;
Байлардың малын тәркілеу;
Көшпелі малшыларды отырықшыландыру;
Байларды қудалау;
Басқа республика аумақтарынан 180 мыңға жуық кулактың келіуі;
2-тапсырма
Голощекинннің саясатына қарсы шыққан қазақ зиялыларын атаңыз?
С. Сәдуақасов
С. Қожанов
М. Мырзағалиев
С. Сейфуллин
Н .Нұрмақов
С. Меңдешев
Ж .Мыңбаев
Жауабы:
Сабақтың қорытындысы
Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдадыңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |