Нұсқа:1321
Қазақстан Тарихы
Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Энеолит кезеңіне тән қоғамдық өзгеріс:
Жануарларды қолға үйрету басталды
Аталық ру үстемдігі орнай бастады
Тайпалық қауым қалыптасты
Неандерталь адамы қалыптасты
Адамдар қыш құмыра жасауды үйренді
Абыз әйел жерленген сармат қорымы:
Бесоба
Сынтас
Дәндібай
Аралтөбе
Беғазы
Орыс деректерінде «половшылар», ал Еуропада «командар» деп атады:
Қарлұқтарды
Қимақтарды
Қарахандықтарды
Қыпшақтарды
Қарақытайларды
Абыз әйелдер жерленген Бесоба қорымы табылған аумақ:
Алматы облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Атырау облысы
Ақтөбе облысы
Қарағанды облысы
Жаңадан құрылған Қазақ хандығының басты қарсыласы болды:
Есен-бұға
Мұхаммед Шайбани
Сүйініш қожа
Уәйіс хан
Тоғылық Темір
1940-1950 жж. атом сынақ алаңы мен ғарыш айлағы орналасты:
Семей мен Байқоңырда
Ақтөбе мен Қазалыда
Ақтау мен Торғайда
Ақмола мен Ырғызда
Алматы мен Сарыөзекте
1822 жылғы «Жарғы» бойынша енгізілген басқару жүйесі:
округтық
уездік
сұлтандық
билер кеңесі
әскери-азаматтық
1867-1868 жылдардағы реформа негізінде кұрамына Ақмола, Семей облыстары кірген генерал-губернаторлық:
Орынбор
Закаспий
Батыс Сібір
Астрахан
Түркістан
XIX ғ. Ойыл жәрмеңкесі орналасқан облыс:
Риддер
Өскемен
Қазалы
Семей
Орал
XIX ғасырдың II жартысында Батыс Сібір генерал-губернаторының қарамағында қызмет еткен, ғалым:
Ы.Алтынсарин
А.Құнанбаев
С.Торайғыров
Ш.Уәлиханов
С.Көбеев
Тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы шешілген мәселе:
топырақ эрозиясын азайту
мал жайылымын кеңейту
қазақ тілінің аясын ұлғайту
қазақтардың санын көбейту
астықпен қамтамасыз ету
1989 жылы әлеуметтік мәселеге байланысты халық наразылығы орын алған өңірлер:
Теміртау қаласы, Ақмола облысы
Атырау қаласы, Алматы облысы
Маңғыстау, Қарағанды облыстары
Павлодар облысы, Теміртау қаласы
Құлсары қаласы, Семей облысы
Тесіктас үңгірінен табылған ежелгі баланың қаңқасына берілген атау:
Синантроп
Неандертальдық
Австралопитек
Кроманьондық
Питекантроп
Оғыздардың мал өнімдерін шикізат көзі ретінде айырбас сауда жасаған көрші мемлекет;
Қыпшақ
Қарахан
Қытай
Үндістан
Киев Русі
Хақназар билік еткен уақытта қазақ хандығына Ресейден келген елшілер:
Т.Тевкелев, С.Татищев
С.Мальцев, Т.Чебуков,
В.Степанов, А.Дженкинсон
П.Ступин, И.Лихарев
Б.Брянцев, ИЛередов
Терракота терминінің анықтамасы
Отырарда соғылған, мыстан жасалып ұсақ тиындар қызметін атқарған ақша
Ортағасырларда керуен сарайлардағы арнайы бөлмелер
Ғимаратгарды сәндеу үшін қолданылатын оюланған кірпіш
Жылжымалы үйлердің ішіндегі ең белгілісі
Қазақстанда егін шаруашылығын болғандығын дәлелдейтін жер суаратын құрал
Жоңғарларды ойсырата жеңген Аңырақай шайқасы өткен жер;
Балқаш көлінің маңы
Аягөз өзенінің бойы
Зайсан көлінің маңы
Ертіс жағасы
Тобыл бойы
Мемлекеттік құрылымдарды құрылу уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1) Қазақ АКСР-і 2) Алашорда үкіметі 3) Казақ КСР-і 4) Қазақ революциялық комитеті
2.4.1.3
4.3.1.2
3.4.1.2
2.4.3.1
1.2.3.4
Абыз асатаяғының бөліктері табылған ескерткіш:
Бесоба
Бесшатыр
Шілікті
Аралтөбе
Берел
«Ол Дала өлкесіндегі, сонымен қатар Семей облысындағы ең белгілі саяси жер аударылғандардың бірі. Қуғынға түскенге дейін солтүстік батыс губернияларда, Литвада қоғамдық қозғалысқа қатысқан, кейін Сібірге жер аударылды. Жан-жақты білімді айдаудағы достары арасында табандылығы мен жеке басының мейлінше шыңдалғандығымен, парасаттылымен ерекше көзге түсетін Статистикалық комитетге жауапты қызмет атқарған. Бұл жағдай оған жергілікті халықгың әдет- ғұрпы мен заңдарымен танысуға мүмкіндік берді. Сол жұмыстың нәтижесі осы күнге шейін маңызын жоғалтпаған негізгі еңбек».
Мәтін бойынша айдауда болған галымды анықтаңыз:
Х.Х. Левшин
П.И. Рычков
П.П. Потанин.
С.Д. Черняев
С.С. Гросс
Қазақстан тарихынан тест аяқталды
Достарыңызбен бөлісу: |