1. Себеп салдар құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын ата а да, де, та, те



Дата05.07.2016
өлшемі111.05 Kb.
#179663
1-нұсқа

1. Себеп – салдар құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын ата.



а) да, де, та, те

б) бірақ, алайда, дегенмен

с) сондықтан, себебі, өйткені, неге десең,

д) не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

е) біресе, кейде, бірде


2. «Аумақ»деген сөздің аудармасын тап.

а) территория

б) правило

с) площадь

д) система

е) фонд


3. Мақалды аяқтандар.

Отансыз адам - ...



а) асқар тау

б) бауырындағы бұлақ

с) қу мазар

д) ормансыз бұлбұл

е) білім бұлағы


4. Тайпаларды басқарған беделді адамдар?

а) би

б) батыр


с) сұлтан

д) қолбасшы

е) хан


5. Ханнан кейіңгі билік кімде болған?

а) би

б) сұлтан

с) батыр

д) хан


е)қолбасшы

6. Қабанбайдың шын аты?

а) Ер Тарғын

б) Ералы


с) Ерасыл

д) Ертөстік

е) Ерғали


7. Ежелгі қаланы ата?

а) Алматы

б) Қостанай

с) Отырар

д) Шымкент

е) Өскемен


8. «Мұражай» сөзінің аудармасын тап.

а) мавзолей

б) памятник

с) музей

д) район


е) центр

9. Салалас-құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

а) 5

б) 4


с) 3

д) 7


е) 2

10. Шабғар деп қай қаланы атайды?

а) Түркістан

б) Тараз


с) Отырар

д) Қостанай

е) Шымкет


11. Нешінші ғасырда ежелгі Түркістан деп аталған?

а) хv

б) хvii


с) х

д) хviii


е) iх

12. Шөбере – кімнің баласы?

а) немеренің баласы

б) ағаның баласы

с) ұлдың баласы

д) қыздың баласы

е) атаның баласы


13. Жеті атасын білмеген -...

а) білімсіз

б) ақылсыз

с) жетесіз

д) жігерсіз

е) биліксіз


14. Жылқы мінезді тұрақты тіркестің аудармасын тап.

а) вежливый, учтивый

б) умный, красивый

с) скромный, застенчивый

д) честный, справедливый

е) изменчивый, непостоянный


15. «Ұят - адамның өз бойындағы адамшылығы» деген даналық сөз кімнің сөзі?

а) Абай б)В.А.Сухомлинский

с)Ы.Алтынсарин

д) Ғ.Мұстафин

е)А.Байтұрсынов



16.Бесікке салу дегеніміз не?

а) ұлттық ойын б) тұрақты тіркес с) ұлттық өрнек д ) ұлттық тағам е) салт-дәстүр

17.Немере -...... баласы

а) әкенің б) ұлдың с )қыздың д) жеңгенің е ) жиеннің

18. Қазақстан туында не бейнеленген?


а) күн, қыран, қүс, өрнек

б) шаңырақ, жұлдыз, пырақтар

с) қыран, құс, жұлдыз, шаңырақ

д) пырақтар, өрнек, күн

е) жұлдыз, күн, өрнек


19.Қандай адамды батыр деп атаған?

а) Шынғысханнан тараған ер адамдар б ) тайпаларды басқарған беделді адамдар

с) шайқастарда танылған беделді адамдар д) шет елдермен қарым-қатынас жасаған адамдар е) қолбасшы адамдар
20. Отан деген өлеңнің авторы кім?

а )Т.Тұрлығұлов б )М.Хакімжанова с) С.Қалиұлы д) С.Кенесбаев е) Ш.Бектұров

21.Нағашы деген кім?

а) бірге туған туыстар б) шаңырақ иесі,ұрпақ жалғастырушы с) балалардың анасының төркіні д) ата-анадан туған ұрпақ е) әкенің әкесі

22.Бұлақ деген сөздің синонимын тап

а) тау б) құрақ с) сыншы д) қайнар е) жаға

23.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

а ) 5 б )7 с) 8 д) 3 е) 9

24. Да/де, та/те, және,әрі қай сөйлемнің жалғаулықтары

а ) кезектес б) талғаулы с) себеп-салдар д) қарсылықты е) ыңғайлас

25.Төле би қай жерде дүниеге келген?

а) Алматы облысы б) Семей облысы с) Жамбыл облысы д) Қостанай облысы е) Батыс Қазақстан облысы

26.Тұрлаулы сөйлем мүшелерін ата

а) бастауыш,толықтауыш б) анықтауыш,пысықтауыш с ) бастауыш,баяндауыш

д) толықтауыш,баяндауыш е) пысықтауыш,бастауыш

27.Баяндауыштын сұрақтарын бегіле

а) қандай? қай? б) не істеді? қайтты? с) қанша? неше? д) кімнің?ненің? е) кімге ?неге?

28. Омоним бола алатын сөзді табыңыз

а) патша б) кітап с) жастық д) оқулық е) дәптер

29.Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан тұратын сөзді табыңыздар?

а) бұлбұл б) жезде с) мол д ) елорда е ) тостақ

30. Шұғылалы күн қайда орналасқан?

а) тудың ортасында б) елтаңбада с) тудың сабының тұсында д) шаңырақта е) елтаңбаның жоғарғы жағында

2 нұсқа


1..Ту мен елтаңбаның түстері қандай?

а) ақ ,қоңыр б) қызыл,жасыл с) қызыл,қара д) көгілдір,сары е) көгілдір,жасыл

2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыздар

а ) жақсылыққа б) көпшілікке с )отаншылдыққа д)саудагерлікке е)жаманшылдыққа

3.Буынға қате бөлінген сөзді табыңыздар

а )бал-ық-шы б) ө-кіл-дер с) ел-таң-ба д )шіл-де-ха-на е)қа-ла-ға

4.Қате жазылған сөз қайсы?

а) жұлдыз б) бүгін с) темірғазық д) ғарыш е) дала

5.Жалпылау есімдігін тап

а) ешкім б) біреу с )қайсы д ) бұл е ) барлық

6.Сын есімнің шырайлары неше түрге бөлінеді?

а) 3 б) 5 с) 7 д) 2 е) 8

7.Көптік жалғауларын ата

а ) -дың,-дің б) -ға,-ге с )-лар,-лер д)–мен,-бен,-пен е)–м,-ым

8.Қанша? неше? деген сұрақтар қандай сан есімнің сұрақтары?

а) реттік б ) есептік с ) жинақтық д) топтау е) бөлшектік

9.Есімдік нені білдіреді?

а) заттың есімін білдіреді б) қимылын білдіреді с) санын білдіреді д) сынын білдіреді

е) есім сөздердің орнына жүреді

10.Түркістан қандай қала?

а)сұлу б) шағын с) тарихи д) ежелгі е )жас

11.Қазақ хандығындағы ең жоғарғы билеуші кім?

а) хан б) би с) батыр д) қолбасшы е) сұлтан

12.Әке мен шеше ақылдасып кімге жасау береді?

а) немереге б) шөбереге с) ұлға д) қызға е) жиенге

13. «Жиен » деген кім?

а )ұлдың баласы б )бірге туған туыстар с) немеренің баласы д )шаңырақ иесі е ) қыздан туған бала

14.Ер жігіттің жүйрік аты-....?

а )қуаты б) сенімді серігі с) оты д )серті е) қанаты

15.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз

а) алайда б) кейде с )да/де д ) сондықтан е ) біресе

16.Сенің әкеңнің шешесі саған кім болады?

а) қарындас б) әпке с) ата д) әже е ) жиен

17.Біздің жерлесіміз кім?

а) Абай б) А.Байтұрсынов с) С.Сейфуллин д) Ж.Жабаев е )М.Әуезов

18.Ашық буыннан құрылған сөзді тап

а) көктем б) қызмет с) далада д) сатып е) шығыс

19.Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

а) қос пырақ б )күн с)шаңырақ д ) ұлттық өрнек е) жұлдыз

20.Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлемнің түрін тап

а) жақты б) жайылма с) жалаң д) жақсыз е) атаулы

21.Қатыстық сын есімді тап

а) биік б ) жасыл с) сұлу д) қарлы е ) тұщы

22.Күрделі сөзді табыңыз

а) күн б) дәптер с) балмұздақ д) немере е ) балалар

23.Жеті ырысқа не жатады?

а) өткір кездік б) ақ жаулық с) берен мылтық д) қыран бүркіт е) жүйрік ат

24.Есептік сан есімді атаңыз

а) үш жүз б) төртінші с) елудей д) үшеу е) алпыс алтыншы

25.Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

а) Ел іші-алтын бесік б) Ең тәттісі-тіл с )Көп оқысаң-көп білерсің д) Жастар ән айтты,биледі. е) Оқушылар сыныпта отыр.

26.Орта жүздің биі кім?

а ) Төле би б) Әйтеке би с) Майқы би д ) Қазыбек би е) Балпық би

27.Түбір сөзді табыңыз

а )күндізгі б) оқулық с) күз д ) таңертең е ) күнделік

28.Қазақ отбасында әпкесі өзінен кіші қызды кім деп атайтынын белгілеңіз

а )қарындас б) сіңлі с) апа д) әже е )жеңге

29.Нешінші ғасырда ежелгі қаланың бірі Түркістан деп аталған

а) 15 б) 18 с) 11 д) 13 е) 14

30.Болымсыздық етістікті табыңыз

а) жапты б) ашты с ) тыңда д) көр е) алма

3 нұсқа

1. Жеті қазынаға не жатады?

а). адамның ақылы б). денсаулық с) бала д).жер е). құмай тазы

2. Сұраулы сөлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз

а). сызықша б).нүкте с)үтір д) нүктелі үтір е). сұрау белгісі

3. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той

а) бесікке салу б) тұсау кесу с)қырқынан шығару д). үйлену тойы е)шілдехана

4. Қазақстан Республика Елтаңбасының авторы кім?

а). О.Сүлейменов б) Ш.Қалдаяқов с). Ш.Ниязбеков д) Ә.Қастеев е). М.Әлімбаев

5. Қазақ отбасында кімнің орны ерекше ?

а) жиеннің б).келіңнің с). нағашының д).әкенің е).баланың

6. Қай қалада Ахмет Иасауй кесенесі бар

а). Түркістанда б). Шымкентте с) Отырарда д). Таразда е). Алматыда

7. Қазақ отбасында ұлдың баласын қалай атайды ?

а). немере б). жиен с) іні д) аға е) нағашы

8. Жалқы зат есімді табыңыз

а) Астана б) өзен с)асхана д) балта е) жұлдыз

9. Сәби тез жүріп кету үшін жасалатын салт- дәстүрді атаңыз

а) шілдехана б)қырықынан шығару с) бесікке салу д) тұсау кесу е)үйлену тойы

10. Бастауышы жоқ сөйлемнің түрін табыңыз

а) жақты б) жақсыз с) құрмалас д) жай е) жайылма

11. Отан туралы мақал-мәтелді тап

а) Әке балаға сыншы б) Балалы үй- базар, баласыз үй- қу мазар с)Отан- оттанда ыстық д) Аз сөз алтын, көп сөз-күміс

е) Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас

12. Қазақ халқының дүниетанымындағы жеті ырысқа не жатады

а). адамның ақылы б) байлығы с) үндестік заң д) аты е) өнері

13. Қазақстан Республикасының Рәміздері қабылданған жылы

а) 1991 ж. б) 1992 ж. с) 1993 ж. д) 1994 ж. е) 1995 ж.

14. «Қаладан» сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз

а) атау б) көмектес в) ілік с) шығыс е) жатыс

15. Қыста ауа райы қандай болатынын анықтаңыз

а) жылы б) әдемі с) қызық д) суық е)жаңбырлы

16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз

а) үйге б) ағаштікі с) талапты д) мектепте е) балалар

17. Талғаулы салалас құрнмаластың жалғаулықтарың тап

а) да , де б) бірақ , алайда с)сондықтан , себебі, д) біресе, кейде е) не , немесе

18. Сөздердің орын тәртібі дұрыс сөйлемді көрсетіңіз

а)Болады тоғайда әр түрлі аңдар. б) Әртүрлі тоғайда аңдар болады с) Аңдар болады әр түрлі тоғайда

д) Тоғайда әр түрлі аңдар болады. е) Аңдар әр түрлі тоғайда болады.

19. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар

а) 9 б) 4 с) 12 д) 26 е) 42

20. Үндестік заңына бағынбайтын жалғау

а) Ға ,га , қа, ке б) Мен, бен , пен, с) Дың,дің,тың,тің, д) Лар, лер, дар,дер, е) Да,де, та, те,

21. Үндестік заңы неше түрге бөлінеді

а) 4 б) 3 с) 2 д) 6 е)7

22. Қазақтың батырын ата

а) Әйтеке б) Төле с) Қазыбек д) Қабанбай е) Тәуеке

23. «Құлан таза» деген тұрақты тіркесті тап

а) Вежливый ,учтивый б) Скромный, застенчивый с) Умный, учтивый д) Изменчивый, непостоянный Г. Честный, справедливый

24. Шілдехана деген не?

а) ұлттық тағам б) ұлттық ойын с) тұрақты тіркес д) ұлттық мереке е) салт-дәстүр

25.Шабғар деп қай қаланы атаған

а) Отырар б) Алматы с). Тараз д). Түркістан е) Ақтөбе

26.Қазақтар қолданған алфавиттерді белгілеңіз

а) түрік, араб, латын б) татар, латын с) орыс, түрік д) араб, латын, орыс е) шағатай, орыс

27. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз

а) әкеммен б) әкеме с) әкем д) әкемде е) әкемді

28. Қазақсатан Республикасының астанасы қай қала?

а) Алматы б) Қызылорда с) Астана д) Қостанай е) Тараз

29. Күрделі сөзді табыңыз

а) түлкі б) биік с) шаңсорғыш д) өзен е) қыс

30. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз

а) менің елім б) бұл ел с) өз елім д) мен үшін е). бәрі бар

4 нұсқа

1.Қазақ елтаңбасының қабылданған күнін атаңыз.



а) 7 шілде. б) 9 қазан с) 4 мауысым д) 5 мамыр е ) 25 қазан.

2. «Тайпа» деген сөздің аудармасын тап

а) род б ) группа с) община д) племя е) власть.

3. «Құдатғу білік» кітабы нешінші жылы шыққан?

а) 1069 б) 1024 с) 1068 д) 1075 е) 1024

4.Ертегені ата

а) Ер Төстік б) Алпамыс с) Қозы Көрпеш-Баян сұлу д) Қыз Жібек е) Ескендір

5 Қазақтың тұнғыш ғарышкерін белгіленіз.

а) Қ.Қайсенов б) Б. Саттарханов с )М.Мақатаев д )Т.Аубәкіров е). О.Жандосов

6.Лексика нені зертейтінін белгіленіз.

а) Сөз тіркесін б) Сөйлем мүшелерін с) Тіл дыбыстарын д) Сөз құрамын е) Сөз мағынасын

7. Антоним сөздерді табыңыз.

а) ақ-қара б) жуан-тапал с) үш-төрт д )қара-қызыл е) биік-жалпақ

8.Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын анықта

а) біресе б) немесе с) себебі д) алайда е )және

9.Әйтеке би қай жылдар аралығында өмір сүрген?

а) 1633 -1689 б) 1644-1700 с) 1667-1764 д ) 1669-1747 е) 1672-1750

10. Үйлену тойы деген не?

а) ұлттық ойын б) тұрақты тіркес с) ұлттық мереке д) ұлттық тағам е) салт-дәстүр

11.Қай жылдан бастап Н.Сауранбаев оқу орындарына сабақ берді?

а) 1932 б) 1921 с) 1856 д) 1872 е) 1883

12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) жекпе,жек б)жеңіл,тұрмыс с) жирен,көк д)белгісіз,жас е )жәрдем,көмек

13.Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін көрсетініз.

а) 39 б) 38 с) 42 д) 27 е )43

14. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгіленіз.

а) езүлік,еріндік б) ашық,қысаң с)қатаң,ұяң д )жуан,жіңішке е )үнді,қатаң

15 .Күрделі зат есімді табыңыз.

а) ұшақ б) Бозшақөл с)от д )сөз е) мата

16. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) етігім б )оқушылар с) кітап д) дәптерге е) ініммен

17. Үстеуді табыңыз.

а )оқиды б) өйткені с )қызыл д)бүгін е) қап

18. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Қоңырау соғылды,оқушылар үзіліске шықты.

а) салалас құрмалас сөйлем. б) лепті сөйлем. с) аралас құрмалас сөйлем д) Сабақтас құрмалас сөйлем

е) жай сөйлем

19. Әкесінің әкесі баласына кім болатынын табыңыз

а) жиен б) балдыз с)ата д) әже е) ана

.20.Көп мағыналы сөздерді табыңыз.

а) апа,ауыл б) аяқ ,ер с) бала,сиыр д) сәбит,апта е) мақал,асық

21.Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді табыңыз.

а) Ояң,қазақ б) Сенің атың қалай,балам с) Кеше жаңбыр жауды. д) Қап,әттеген-ай.

. е) Асқар,бүгін күн жылы ма.

22.Бір отбасында 2 қыз бала бір-біріне кім болатының табыңыз.

а) жеңге б) балдыз с) жезде д) апалы-сіңілі е) аға

23..Елтаңбаның түсін атаңыз.

а) қара көк түсті б) жасыл түсті с) қызғылтым түсті д) қара қоңыр түсті е) алтын және көгілдір түсті

24. Наурыз мейрамы нені білдіретінін белгіленіз.

а) әйелдер мейрамы б) жаңа жыл с) ерлер мейрамы д) қонақ күту е) Тәуелсіздік мейрамы

25. Лепті сөйлемді табыңыз.

а) кім келді б) ол кетіп қалды с )қоян бұға қойды д) алыстан көрінді е) өмір,неткен ғажапсың

26.Адам сөзінің синонимін табыңыз.

а) құда. б)ағайын с) кісі д )құдағи е) құдаша

27.Болымсыз етістікті тап.

а) барма б) хабарла с) отыр д) кет е) жүр

28.Құрамында төрт дауыссыз дыбыс бар сөзді табыңыз.

а) азан б) қарт с) сахара д) қарақат е) тау

29. Зат есімнің сұрақтарын тап

а)қандай? б) қашан? с)кім ? не ? д) не істеді ? е) қайтты?

30 Қазақ тілінде неше сөйлем мүшелері бар екенін белгілеңіз

а) 4 б) 3 с) 2 д) 5 е) 7





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет