Қазақстан төлем жүйесінің Қалыптасуы және оның Қазіргі жағдайын талдау



Дата25.02.2016
өлшемі98.18 Kb.
#23179
ҚАЗАҚСТАН ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Тұрсынбекұлы Данияр – экономика ғылымдарының магистрі

Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ, Алматы қ.

Абдуллин Рустем Жомартович – экономика ғылымдарының магистрі

Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ, Алматы қ.


Қазіргі уақытта Қазақстанның төлем жүйелері төлемдер мен ақша аударымын қазіргі заманға сай жүргізуде экономиканың, банктердің және қаржы нарығына басқа қатысушылардың нақты секторының мұқтажын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің ақша-кредит саясатын тиімді іске асырылуына және мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері халықаралық қаржы ұйымдары дамыған елдердің төлем жүйелеріне қоятын барлық талаптарға жауап береді. Бұл ретте, төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отырады.

Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларының жүйесi дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиiмдiлігі аздау төлем құралдарынан (мысалы, чек сияқты) жаңа тиiмдiрек төлем құралдарының түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi. Осы мақсаттар үшiн Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымы - "Процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Процессинг орталығы) құрылды, оған төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеу, төлем карточкаларын, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерiнің төлем карталарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдердi маршрутизациялау мен клиринг бойынша міндеттер жүктелдi.

Процессинг орталығының қызметi, сондай-ақ микропроцессорлық карталар базасында электронды коммерция жүйелерiн (E-Commerce) құру және дамыту, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтік және жеке клиенттерге, мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету; әлеуметтiк мәселелер: сақтандыру, азаматтарды жүйеге келтiру, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдықтар бойынша көшiрмелер жөнiнде қызмет көрсету саласын дамыту және т.б. болжанады.

Ұлттық Банкінің орта мерзімді кезеңге арналған төлем жүйелерін дамыту саласындағы негізгі мәселесі Қазақстан экономикасының түрлі субъектілері арасында төлем жүйелерінің жұмысын төлемдер мен ақша айналымын қауіпсіз және уақытылы өткізуді қамтамасыз ететін жоғары технологиялық деңгейде қолдау болып қалады.

Қазіргі уақытта нарықта қызмет көрсетудің үлкен ассортименті бар және әр түрлі карточкалық бағдарламалардың айтарлықтай мөлшері ұсынылады. Мәселен, төлем карточкаларының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулерүшін есеп айырысуға, коммуналдық қызмет, ьайланыс қызметі үшін ақы, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттеррді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға болады. Сондықтан Қазақстанның тұрғындары барған сайын тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілердің пайдасына қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу кезінде төлем карточкаларын пайдалануды дұрыс көреді. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа алғанда 3 адамға бір төлем карточкасынан келеді, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа алғанда 4 адамға бір төлем карточкасынан келген.

Төлем карточкаларын шығаруды Қазақстан Республикасының 19 екінші деңгейдегі банкі және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан нарығында халықаралық және сол сияқты жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын кездестіруге болады. Жергілікті жүйелердің карточкаларына Altyn Card, SmartAlemCard, KazCard, TemirCard, Каспийский жүйелерінің карточкалары, сондай-ақ «Цесна Банк» АҚ және «Қазақстан Ситибанкі» АҚ-ның жергілікті карточкалары жатады. Халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларынан Қазақстан нарығында Visa International, Europay International, American Express International, Diners Club International және China Union Pay карточкалары ұсынылған.

2009 жылы айналыста жүрген төлем карточкаларының барлық саны 5,6 млн бірлік болды, бұл 2008 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 36,9% артық. Айналыстағы төлем карточкаларының санының өзгеріс динамикасы төмендегі 1 суретте келтірілген.

1-сурет мәліметтерінен көріп отырғанымыздай 1998 жылмен салыстырғанда төлем карточкаларының саны 15,8 есеге жоғарылаған. Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 35,7% ұлғайды және 2008 жылғы 1 қаңтарда 5,3 млн адам болды. Төлем жүйесiнiң негізгі құралдары, соның iшiнде, төлем карталары туралы және олардың қолданылуы туралы деректерге сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде төлем карточкалары саны 12,5 есе көбейді, дәлірек айтқанда, 1998 жылы айналыстағы карточкалар саны 355 дана болса, 2009 жылдың наурызында оның саны 4 млн.405мың данаға тең болды. Ал, биылғы жылдың ақпанында – 4,2 млн.дана, қаңтарында – 4,1млн. дана болғанына қарағанда, елімізде төлем карточкалары саны ай сайын шамамен 100 мың-150 мыңға көбейіп отырғанын байқау қиын емес. Ал, осыдан он жыл бұрын (1996жылы) карточкалар саны 1 жылда 100 мыңға көбейген еді, деректер бойынша ол жылы жергілікті жүйеге 147 000 төлем карточкасы айналымға шығарылған.



Сурет 1 – Айналыстағы төлем карточкаларының санының өзгеріс динамикасы


Қазіргі таңда, еліміздің 4млн. 35800 тұрғыны (яғни, барлық карточка иегерлерінің жалпы санының 95,5%-ы) халықаралық төлем жүйелерінің, 187 100 тұрғыны (яғни, жалпы санының қалған 4,5%-ы) ғана жергілікті төлем карточкаларының иегерлері болып табылады. 2009 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, айналыстағы 4,4 млн. карточканы ұстаушылар дәл саны 4,22 млн. адам болса, 1 адамға 1,04 карточкадан келетінін байқауға болады немесе барлық карточка иегерлерінің 4,25%-ының ғана екінші карточкасы бар деген сөз. Осы күннен бір жыл бұрын бір төлем карточкасы орта есеппен 5 адамға тиесілі болса, бүгінгі таңда бір карточка 4 адамға тиесілі.

2001 жылы әрбір мың адамға 82,2 карточкадан келген. Халықаралық карточкалардың айналыстағы үлесінің көбеюі осы 2001 жылы басталды, ол төлем карточкаларын ұстаушыларының жергілікті жүйеден халықаралық жүйеге өтуіне байланысты болды.

Елдегі ең танымал карточкалар халықаралық төлем жүйелерінің Visa International және Europay International карточкалары болып табылады, олардың үлесі айналыстағы карточкалардың жалпы санының 96,4% құрайды. Қазіргі уақытта Visa International карточкаларын Қазақстан халқының 25,3% пайдаланады. Жалпы айналыстағы төлем карточкалары жергілікті және халықаралық карталардан тұрады. Олардың құрылымы төмендегі 2 суретте келтірілген.

Сурет 2 – Айналыстағы төлем карточкаларының құрылымы


9 суретте көріп отырғанымыздай, жылдан жылға халықаралық төлем карточкаларының санының жоғарылау тенденциясы байқалады, ал жергілікті төлем карточкаларының саны жылдан жылға қарқынды төмендеуде. 1998 жылы 100% жергілікті карточкалар айналыста болса 10 жыл ішінде олардың үлесі 5% дейін, яғни 20 есеге төмендеген. Жергілікті карточкалардың арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары барынша көп таралған (айналыстағы карточкалардың жалпы санындағы үлесі 2,1%). 2008 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 7391 сауда кәсіпорыны ақы төлеу үшін төлем карточкаларын қабылдады, бұл 2009 жылғы 1 қаңтарда тіркелген санынан 38,5% артық.

Төлем карточкалары сауда кәсіпорындарында және қолма қол ақша беру орындарында қолданылады. Сауда терминалдарында және қолма-қол ақша беру орындарында төлем карточкалары қолданылған төлемдер саны 1 кестеде келтірілген.


Кесте 1 – Төлем карточкалары қолданылған төлемдер санының динамикасы, мың транзакция


Көрсеткіштер

2007

жыл


2008 жыл

2009 жыл

2008 жылы

2009 жылы

өзгеріс

(+,-)


өсу қарқыны

%


өзгеріс

(+,-)


өсу қарқыны

%


Төлем карточкалары қолданылған төлемдер саны, мың транзакция

36612

49820

66827

13208

36,1

17007

34,1

Сауда терминалдарында

2056

5429

7996

3373

164,1

2567

47,3

Қолма-қол ақша беру орындарында

34556

44392

58831

9836

28,5

14439

32,5

Ескерту – ҚР ҰБ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Бұл ретте кәсіпкерлер 10987 сауда нүктесінде төлем карточкаларының көмегімен тауарлар және қызмет көрсетулер үшін ақы төлеуге арналған жабдық орнатты (48,9% өсті). Сауда терминалдарында және қолма-қол ақша беру орындарында төлем карточкалары қолданылған төлемдер көлемі 2 кестеде келтірілген.


Кесте 2 – Төлем карточкалары қолданылған төлемдер көлемінің динамикасы, млрд теңге


Көрсеткіштер

2007

жыл


2008 жыл

2009 жыл

2008 жылы

2009 жылы

өзгеріс

(+,-)


өсу қарқыны

%


өзгеріс

(+,-)


өсу қарқыны

%


Төлем карточкалары қолданылған төлемдер көлемі, млрд теңге

848,7

1241,7

1945,3

393

46,3

703,6

56,7

Сауда терминалдарында

68,5

140,7

233,4

72,2

105,4

92,7

65,9

Қолма-қол ақша беру орындарында

780,2

1101

1711,9

320,8

41,1

610,9

55,5

Ескерту – ҚР ҰБ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі мынадай: 16412 сауда терминалы, 4364 банкомат және 1033 импринтер. 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сауда терминалдарының 51,5%, банкоматтардың 92,5% өсуі және импринтерлер санының 21,6% қысқаруы байқалады, бұл ескірген импринтерлерді өндірістен шығарумен түсіндіріледі.

Төлем жүйелерін құрған сәттен бастап жүйелермен өңделетін төлемдер саны мен көлемдері өсімінің тенденциясы сақталады. Осылайша, 2009 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, қолма-қол емес төлемдер саны мен көлемі 2 есеге және 3,3 есеге тиісінше артты. Бұл ретте, елде қолма-қол емес төлемдердің барлық көлемі Қазақстанның төлем жүйелері арқылы өтетіндігін ескерсек, Қазақстанның экономикасын тиімді дамытуға олардың маңызды рөлін атап өту қажет.

Төлемдер ағымының жоспарлы өсімімен қатар төлем жүйелерінде ел халқы қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру үшін кеңінен таралған және ыңғайлы құрал болып табылатын төлем карточкалары бойынша төлемдер саны мен көлемінің едәуір өсімі байқалады. Осылайша, 2009 жылмен салыстырғанда, төлем карточкалары бойынша транзакция саны мен көлемінің өсімі 2,4 есені және 3,4 есені тиісінше құрады. Бұл ретті, төлем карточкаларының нарығы елдің қаржы рыногының едәуір серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Жыл сайын айналымдағы карточкалар, карточкаларды ұстаушылар саны өсуде, төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымы кеңеюде. Бүгінгі күні, елдің экономикалық жағынан белсенді халықтың 45% -ы төлем карточкаларның нарығына тартылған, ал 3 жыл бұрын осы арақатынас 20,4%-ды құрады.

Алайда сонымен қатар, қазіргі уақытта бөлшек сауда саласында қолма қол ақша айналымының басымдылығымен, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуымен байланысты белгілі проблемалар да бар. Бұдан басқа, төлем жүйелерінің операциялық сенімділігі мен қауіпсіздігін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдау шеңберінде шешім талап ететін мәселелердің бірі жаңа Төлем жүйелерінің резерв орталығын құру болып табылады, бұл төлем жүйелерінің негізгі және резерв орталықтарының орналасқан жерлерінің жеткіліксіз алшақтығына байланысты.

Осылайша, бөлшек қолма-қол емес төлемдерді одан әрі кеңейту жөнінде жұмыс жалғасатын болады. Инфрақұрылымды дамытуға және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге есеп айырысқанда төлем карточкаларын кеңінен пайдалануға қажет жағдай жасауға аса назар аударылады.

Бөлшек қолма-қол емес төлемдерді дамыту саласында басым бағыттар мыналар болуы тиіс:

- спектрді кеңейту және халыққа көрсетілетін банктің бөлшек қызметтерінің сапасын арттыру;

- төлем қызметтерінің нарығын дамыту және инновациялық технологиялар енгізу үшін құқықтық тосқауылдарды жою;

- бәсекелес нарықтық жағдайды қолдау;

- қажет инфрақұрылмды дамыту және төлем карточкаларын пайдалану үшін тиісті жағдай жасау.

Сонымен қатар, карточкалар нарығын одан әрі дамыту шеңберінде мынадай міндеттерді кеңейту үшін банк жүйесінің құрылып жатқан «электрондық үкімет» жүйесімен біріктіруді қамтамасыз ететін «төлем шлюзінің» жобасын іске асыру болжамдалады:

- екінші деңгейдегі банктер шоттарында орналастырылған халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен «электрондық үкімет» қызметтеріне қолма-қол емес on-line төлемін іске асыру;

- «электрондық үкімет» қызметтеріне қол жеткізу үшін төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі банктердің терминал желілерін пайдалану.



Қазақстанның қаржы жүйесін басқа елдердің қаржы институттарымен біріктіру жөніндегі жалпы тенденция шеңберінде нақты уақыт режимінде есеп айырысудың ұлттық жалпы жүйелеріне негізделген ЕурАзЭҚ елдері арасында жалпы төлем жүйесін құру жөніндегі жұмысқа қатысу жалғасын табады. Ұлттық Банк пайдаланушыларға SWIFT жүйесі арқылы төлем жүйесіне хабарды қабылдау және жіберудің қосымша арналарын ұсыну үшін SWIFT жүйесін Қазақстанның төлем жүйелерімен біріктірудің ықтимал жолдарын зерттейді. Жаңа қаржы институттарын қосу арқылы SWIFT сервис бюросын одан әрі дамыту болжамдалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет