Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Helios» компаниясының тауарлық қорын есептеу және талдаудың аж. Ғылыми жетекшісі



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#175004
түріДиплом
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет

Қолданбалы информатика кафедрасы

4-курс студенті, күндізгі бөлім

Тажмуратов Мейіржан Жуманалиевич

Дипломдық жұмыс


Тақырыбы: «Helios» компаниясының тауарлық қорын есептеу және талдаудың АЖ.

Ғылыми жетекшісі:

Ф.-м.ғ.к., доцент Байшоланова.К.С.

Диплом жұмысын қорғауға жіберіледі: Заурбеков Н.С.

“ЭАЖ” кафедра меңгерушісі

Ф.-м.ғ.к., доцент




Алматы – 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ



1 ТОО "Helios" компаниясы

1.1 Жалпы сипаттамасы

1.1.1 ТОО "Helios"

1.1.2 Құрлымы

1.1.3 Филиалдары

1.2 Жалпы ережелер



2 Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру

2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері

2.1.1 Қаржылық есеп беру

2.1.2 Ақша ағымы туралы есеп беру

2.1.3 Кәсіпорын жағдайын талдау

2.2 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

2.2.1 Кіріс құжат

2.2.2 Шығыс құжаты

2.3 Ақпараттық база

2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база

2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база

2.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

2.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

2.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

2.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар



3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері

3.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау

3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Б

ҚОСЫМША В



Кіріспе


Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Қазақстанда ақпараттық өнім керек ететін фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі - «Helios» компаниясы болып табылады. Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен «Helios» компаниясы ның ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және оған сипаттама көрсетілген. Сонымен қатар бірінші бөлімге Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар мен концептуалды схема кірген.

1 ТОО "Helios" компаниясы.

1.1 Жалпы сипаттамасы.

1.1.1 ТОО "Helios".

ТОО "Helios" компаниясының 1999 жылы құрылды. Бұл компания мұнай өнімдерін сатумен айналысады. ТОО "Helios" компаниясы Павлодар мұнайхимиялық заутының (ПМХЗ) ресми операторы болып саналады. Бүгінгі күде ПМХЗ Қазақстанның ең қуатты зауыды болып саналады, зауттың жылдық өндіргіш күші жеті милион тоннағат тең. Сол себептен компания өнімдерінің жоғары сапалығын түсіндіруге болады. Компания зауытпен тікелей жұмыс істейді, сондықтан өнім сапасына күмән келтіруге болмайды. Отандық компанияларішінде «Helios» компаниясы жалғыз өз жұмысында батыстық көлденең, интегралданған құрылым стандарттарын ұстанады және барлық ГСМ өндіру процесін – скважинадан соңғы тұтынушыға дейін қадағалайды. Компания өнімді лабараториялық талдаудан өткізіп отырады.

«Helios» компаниясы мұнай өнімдері нарығын зерттеп, сұраныс пен ұсынысты анықтап, өз АЗС жүйесін дамытуды жоспарлайды. Компания құрылу күнінен бастап өз АЗС жүйесін кеңейтуге кірісті, әсіресе Helios логотипі бар АЗС терді салу. Сол себепті құрылыс департаменті құрылды. Департамент құрылыс және АЗС жөндеу мен айналысады. Жерді таңдап стып алу , жобалаушы мекемені таңдау, мемлекеттік қызметтерден рұқсат алу, құрылысшылар арасында АЗС ті салуға тендір жүргізу және т.б жұмыстар құрылыс департаменті жүргізеді.
1.1.2 Құрлымы.


АЗС терді басқару департаменті

Тел: +7(3272) 590-560, 581-410

e-mail:tatu@helios.kz


Бас директор








Бұғалтірлік есеп және есептеу департаменті

Тел: +7(3272) 590-763, 585-563

e-mail:nbelyakova@helios.kz






Филиалдарды басқару департаменті

Тел: +7(3272) 590-757, 596-240, 596-241

e-mail:rbegimbetov@helios.kz


Департамент директорлары




Коммерциялық департамент

Тел: +7(3272) 583-740, 583-741

e-mail:kdrobyshev@helios.kz








Жарнама және дизайн департаменті

Тел:+7(3272)583-746

e-mail:imagai@helios.kz







Ақпараттық технологиялар департамент

Тел: +7(3272) 596-140, 596-143

e-mail:ak@helios.kz








Құрылыс департамент

Тел: +7(3272) 583-749, 590-750

e-mail: agrigoruk @helios.kz










Қаржылық – есептеу департаменті

Тел: +7(3272) 585-996

e-mail:gabubekerova@helios.kz










Диспетчерлік

Тел: +7(3272) 583-740, 583-741

e-mail:oxi@helios.kz




Сапалық бақылау депортаменті

Тел: +7(3272) 792-472, 598-439

e-mail:skuzmiceva@helios.kz




1.1.3 Филиалдары.
АЛМАТЫ

ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ОФИС

ул. Карасай батыра 69

Тел.:  (3272) 583740, 583741, 585994, 585995

Факс: (3272) 585562
АСТАНА

ул. Ауэзова, 119

Тел:(3172) 580-369, 580-375,

Факс:(3172) 580-372,  580-376

E-mail:arumbaeva@helios.kz; afh@helios.kz

Директор: Кобиков Бауржан Еркенович


КАРАГАНДА

470061 ул. Складская,8

Тел:(3212) 512-799, 510-285

Факс:(3212) 422-948, 422-953

E-mail: alevchenko@helios.kz

Директор: Асылов Галымтай Кауазханович


ПАВЛОДАР

ул. Химкомбинатовская,1

Тел:(3182) 396-576, 396-764

Факс:(3182) 396-576, 396-518

E-mail:helios3@pnhz.kz;  helios4@pnhz.kz

Директор: Нуртаев Серик Болаткулович


УСТЬ-КАМЕНОГОРСК

ул.М.Горького, 21, 2 этаж, 213 каб.

Тел:   (3232) 261-242, 593-426

Факс: (3232) 261-242

Е-mail:julyastep@mail.kz

Директор: Тунгишбеков Канат Нуралбаевич


ШЫМКЕНТ

ул.Жандосова, 75 (3-этаж)

Тел:   (3252) 517-281, 325-369, 325-367

Факс: (3252) 533-129

Е-mail:farhad@helios.kz; natashago@helios.kz

Директор: Музрапов Эркин Абдурашитович


ТАРАЗ

ул. Шостаковича, уг.ул Момыш-улы,

10 мкрн. АЗС "Гелиос"

Тел:  (3262) 310-997, 310-990

E-mail:helios@elcom.kz

Директор:  Пак Виталий Константинович


КЫЗЫЛОРДА

480008 ул. Ауельбекова,14

Тел: (3242) 262-062, 261-437

Е-mail:kofh@helios.kz

Директор: Султанов Нурлан Орынбасарович


CЕМИПАЛАТИНСК

ул. Ленина, 31

Тел.: (3222) 523-557, 523-499

E-mail: semei@helios.kz

Директор: Ключников Ростислав Викторович
КОСТАНАЙ

ул. Чехова, 103 (уг.ул.Гоголя), 3 этаж

Тел:(3142) 538-640

E-mail: mbalabaeva@helios.kz

И. о. директора Ибрагимов Рустам Ергешбаевич
ЭКИБАСТУЗ

ул. Ауэзова, 83

Тел:(3183) 572-649

Факс: (3183) 549-382

E-mail: ekibastuz@helios.kz

Директор: Сайфуллин Артур Батырович


АКТЮБИНСК

ул. 11м-он-39/21

Тел:(3132) 231-122

E-mail: kbitenova@helios.kz

И. о. директора Шотанов Тулемис Садыкович
УРАЛЬСК

пр. Достык 184/1 (4 этаж), каб.№ 39,46

Тел:(3112) 510-620, 504-534

Факс: (3112) 510-620

E-mail: ufh@helios.kz

Директор: Мысловский Иван Владимирович


АТЫРАУ

ул. Махамбета, 121-2

Тел:(3122) 252-045, 251-951

E-mail: aripbaeva@helios.kz

Директор: Жандауов Мухит Мадешович

КОКШЕТАУ


475000 ул. Ауельбекова, 115 (здание Каспийского банка)

код г. Кокшетау (3162)



1.1.2 Кәсіпорынның жауапкершілігі

Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.

Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Мемлекет Уәкілетті органның немесе Мемлекеттік басқару органының іс-әрекеттерінен болған банкроттық жағдайын қоспағанда, Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.



Еңбек ұжымымен өзара қатынас

Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек үжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкез анықталады.

Жүмыс режимін Бас директор Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген кепілдерді есепке ала отырып белгілейді.

Филиалдары, өкілдіктері және еншілес кәсіпорындары

Жарғылық міндеттерін орындау үшін Кәсіпорынның Уәкілетті органның жазбаша келісімімен филиалдары мен өкілдіктер құруға құқығы бар.

Филиалдар мен өкілдіктер өзінің қызметінде Кәсіпорынға есеп береді.

Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметін Кәсіпорын Бас Директоры бекітетін Филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асады.

Филиалдар мен өкілдіктер басшылырын Кәсіпорын Бас директорының ұсынысы бойынша Мемлекеттік басқару органы тағайындайды және оның сенімхатының негізінде жүзеге асырады.

Еншілес кәсіпорын Уәкілетті органмен және бағалық және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып, Кәсіпорынның Мемлекеттік басқару органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі рұқсаты бойынша құрылады.

Еншілес кәсіпорынның басшысы Мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын Бас директоры тағайындалады.

Еншілес кәсіпорынның Жарғысын мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорынның бас директоры тағайындалады.



Есепке алу және есептілік

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Бас директор бекітетін есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есепте берілген мерзімдеріне сай Мемлекеттік органына, қаржы, салық және статистикалық органдарға бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті береді және оның растығына жауап береді.


Кәсіпорынды тарату және қайта ұйымдастыру

Кәсіпорынды тарату және қайта үйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын азаматтық заңда көзделген басқа негіздер бойынша д.а таратылуы мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көрсетілмесе, кәсіпорынды қайта үйымдастыруды жәнө таратуды Уәкілетті органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған тартылған Кәсіпорынның мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптарын қанағаттарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Кәсіпорынның мүлкін іске асыру нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тартылған Кәсіпорынның ақшасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.

1.2 Жалпы ережелер


  1. Корпаративтік есептеу желілер басқармаларының қызметтері мен мүмкіндіктері.

Осы ереже ТОО "Helios" компаниясының есептеу желілер администраторларының ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты олардың құқығы, міндеттері және жауапкершіліктерін белгілейді.


  1. Ақпараттық көшірмелердің қоры туралы

Берілген нұсқау ТОО "Helios" компаниясының корпаративті есептеуіш желілерінің программалық және ақпараттық қорларын резервке көшірілуін міндеттейді. Сонымен қатар дербес компьтерлерді қолданушылардың жауапкершілігін орнатады.

Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.




  1. Дағдарыс жағдайларда атқарылатын іс-әрекеттер туралы

Берілген нұсқауда ТОО "Helios" компаниясының корпаративті есептеуіш желілерінің дағдарыс кезінде қайта қалпына келтіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері қарастырылған.

Жоғарыда айтылған міндеттер ақпараттық технология Департаментімен бақыланады.




  1. Порольдік қауіпсіздік туралы

Берілген нұсқауда порольдарды пайдалану, ауыстыру, доғару және есеп жазбасын өшіру жайында айтылған.

Порольдік қауіпсіздікке қойылатын талаптар мен бақылаулар ақпараттық технологиялар Департаментімен жүзеге асырылады.




  1. ТОО "Helios" компаниясының корпаративтік есептеу желісідегі ақпараттық қорға қосылған дербес компьютерлер пайдаланушыларының жұмыс істеу ережелері.

Бұл нұсқауда ТОО "Helios" компаниясының ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігіне байланысты дербес компьютер пайдаланушыларына істеуге болатын және болмайтын іс-әрекеттер қарастырылған.
1.3 Концептуалды схема

Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.

Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ал жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелген. Ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).

2 Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру.

2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері.
Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып ол есепті жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр.

Түрлі ақпаратты-техникалық жаңалықтар бұғалтырлық есепті оңайлатты. Мысалы телефон, радио, телевидение, персоналды компьютерлер, локальді және глобальді – Интернет компьютерлік желілердің шығуы кәсіпорынды бұғалтырлық есебінің дамуына алып келді. Сонымен кәсіпорынның бұғалтырлық есебіне ақпараттың маңызы әрдайым өсіп келе жатыр, оның себебі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктердің өзгеруі, техника және технология саласында жаңа жетістіктері, ғылыми ізденістер. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өндіріс процессінің маңызды факторы ретінде шығарды. Ақпараттық процесс жұмыс күшінің өнімділігінің жоғарлату, өндіріс процессінің тиімді ұйымдастыру құралы ретінде жаңа техниканың жұмыс істеу шарты болып табылады. /24, 45-бет/

Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды береді:


  • Біртұтас мәліметтер базасы негізінде басшылар мен қызметкерлерге толық, шынайы және жедел ақпаратты қамтамасыз ете отырып кәсіпорының бұғалтырлық есептің тиімділігін жоғарлату.

  • Документтердің айналымын оптимизациялау мен стандарттау арқылы іс жүргізу процессін жеңілдету.

  • Процесстерді автоматтандыру арқасында қызметкерлерді көптеген жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді.

  • Орталық аппарат пен бөлімшелердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету

  • Ақпаратты өңдеудің барлық деңгейлерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:



  • Кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және қаржылық немесе кез-келген басқа талдау үшін ыңғайлы түрде беру.

  • Кәсіпорынның бизнесс (технологиялық) операцияларын автоматтандыру


2.1.1 Қаржылық есеп беру
Белгілі бір кәсіпорынның тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқытық-ұйымдастырушылық формасымен, шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы басқа жағдайлармен байланысты

Қаржылық есеп берушілік – қолданушының шешім қабылдауы үшін кәсіпорынның жағдайы туралы объективті, шынайы, жанажақты ақпаратты ыңғайлы және түсінікті формада беру мақсатында документтерге негізделген қаржылық есеп көрсеткіштер негізінде құрылған есепберушілік формаларының жиынтығы /14,45-бет/.



Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп берушілікке келесі қолданушылар қызығушылық білдіреді:

  1. Міндеттері сала немесе аймақтың экономикалық өсуі болып табылатын мемелекеттік органдар үшін, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру қызметкерлері, салықтық есептеулер мен есепберушіліктің дұрыстығын тексеретін салықтық орган қызметкерлері үшін;

  2. Кәсіпорын саясатын реттеу мақсатында салынған ресурстарының нәтижелігін бағалауы қажетті кәсіпорынның иеленушілері, акционерлер үшін;

  3. Өзінің кәсіпорының дамуы үшін банктен несие алғысы келетін немесе инвесторларды тартқысы келетін кәсіпорынның басқарушылары үшін. Қаржылық есеп берушілік олар үшін инвесторларға үшін проекттің бизнес-жоспарын талдап ұсынуға мүмкіндік береді, есепберушілік мәліметтер негізінде қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтауға болады, инвестициялық шешімдердің дұрыстығын, капитал құрылымының тиімділігін, дивиденттер саясатының негізгі бағыттырын бағалауға болады.

  4. Қызметтік байланыстардың сенімділігін анықтайтын сатушылар мен сатып алушылар үшін;

  5. Осы кәсіпорында жұмыс істеу перспективасын бағалау үшін қызметкерлері үшін;

  6. Жеке және институционалды несие берушілер, инвесторлар, сақтандандыру компаниялар үшін инвестициялық проекттердің тиімділігін бағалауға, несиенің беруі мен ұзартылуы немесе несиені қайтарылу кепілдігі жөнінде несие шарттарының дұрыстығын бағалауға жәрдемдеседі;

  7. Қор биржалар үшін кәсіпорынды тіркеген кезде есеп берушілікте берілгкн ақпаратты бағалаған кезде;

  8. Контракт шарттарын орындауын, пайданы бөлу, диведенттерді төлеу, зейнетақылық қамсыздандыру шарттарын анықтау кезіндегі заңға сәйкестіліктін бағалау үшін керекті есепберушілік ақпаратқа деген қажеттілігі бар заңгерлер үшін;

  9. Ақпараттық агенттіктер мен баспа үшін сала мен кәсіпорын қызметін талдау мақсатында даму тенденцияларын, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштерді бағалаған кезде;

  10. Сауда-өндірістік ассоциациялар үшін есепберушілікті кәсіпорынның қызмет нәтижесін сала деңгейінде бағалау мен салыстырмалы талдау үшін пайдаланады;

  11. Еңбек келісімдердің шарттарын анықтау кезінде және кәсіпорын жататын саланың даму тенденцияларын бағалағау кезінде есепберушілік ақпаратқа қызуғушылық білдіретін профсоюздер үшін;

  12. Есепберушілікті капиталды орналастыру жөнінде клиенттер үшін кеңесті құру кезінде консультальтациялық фирмалар, қаржылық мәселелер жөнінде кеңесшілер үшін;

  13. Аудиторлық қызмет үшін инвестор мүддесін қорғау мақсатында есепберушілік ақпаратының заңдық талаптарына, шарттары мен стандарттарына сәйкестігін тексеру кезінде.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылықұ жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететінкөрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашырытылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорының меншікті қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.



2.1.2 Ақша ағымы туралы есеп беру

Ақша туралы есеп беру бухгалтерлік есеп берулер қатарына 1995ж енгізілген болатын. Сонымен еліміздегі есеп беруді есепберудің халықаралық стандарттарына жақындатуға бағытталған қадам жасалды. Жаңа есеп беруде берілетен ақпарат қолданушы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтауда кеңірек мүмкіндіктер ашты. Ақша ағым көрсеткіштерін қолдану аймағы кәсіпорынды басқарудағы көптеген сұрақтарды қамтиды. Сондықтан халақаралық практикадағы басқарушылардың қолданатын ақша құралдар ағымдарының көрсеткіштерінің есептелу ерекшеліктерімен танысқан жөн.

Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру кәсіпорынның ақша құралдарының ағымы және де кәсіпорынның ақша құраларын өзгерістерге ұшыратқан басқа да оқиғалар резюмесін бейнелейді. Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру мәліметтерді баланспен қатар пайда мен шығын туралы есеп беруден алады және ол ақшаны қалай тапқанын мен орналастырғанын бейнелейді.

Есеп беруде ақша құралдары нарықтық жағдайда қызмет ететін компанияның бизнесті жүргізу логикасына сәйкес жіктеледі. Біріншіден, кәсіпорын ағымдағы немесе негізгі қызметін яғни тауар мен қызметтерді өндіруді жүзеге асырады. Екіншіден, компания дамып, нарықта тұрақтанып келе өзінің активтер құрылымын өзгерту, нарықтық жағдайларының өзгерісіне бейімдеу үшін инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Үшіншіден компания операцияларын қаржыландыру үшін қаржылық қызметпен айналысады. Сонымен біз ақша құралдарының ағымын үшке бөлеміз.




  1. ағымдағы қызметтен болған ақша құралдарының ағымы

  2. инвестициялық қызметтен болған ақша құралдарының ағымы

  3. қаржылық қызметтен болған ақша құралдарының ағымы

Ағымдағыі қызметтен болған ақша құралдарының ағымы таза пайда мөлшерін көбісін анықтайтын компания опрацияларымен жасалады. Бірақ, таза пйда мөлшеріне тек өнімнен алған табыстар емес сонымен қатар қаржылық және метериалдық емес активтерден табылған табыс жатады: облигация, дивиденттер бойынша алынған пайыздар, басқа компанияның акцияларынан алған дивиденттер, арендаға берілген активтінен келетін төлемақылар жатады.

Ақша ағымы туралы есеп беру




КӨРСЕТКІШТЕР АТАЛЫМЫ

БАП КОДЫ

өткен мерзімге

есеп беру мерзіміне

I.Ағымдағы қызмет бойынша ақша ағымы

1. Жалпы кіріс

010

 

 

2. Шығыс жалпы

020

 

 

3. Ағымдағы қызмет бойынша нәтиже

030

 

 

II.Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымы

1. Жалпы кіріс

040

 

 

2. Жалпы шығыс

050

 

 

3. Инвестициялық қызмет бойынша нәтиже

060

 

 

III.Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымы

1. Жалпы кіріс

070

 

 

2. Жалпы шығыс

080

 

 

3. Қаржылық қызметтің нәтижесі

090

 

 

Жалпы : Ақшаның өсуі(+)/кемуі(-)

 

 

 

Есеп беру мерзімнің алдындағы ақша

 

 

 

Есеп беру мерзімнің соңындағы ақша


 

 

 

Мұндағы:


Ағымдағы қызмет бойынша жалпы кіріс (010) = дайын өнімді сату + алынған аванстар + вознаграждение + диведенттер + роялти + басқалары

Ағымдағы қызмет бойынша жалпы шығыс (020) = жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу+ берілген аванстар+ еңбекақыны төлеу+ несиелер бойынша проценттерді төлеу+ бюджетпен есеп айырысу+ зейнетақы қорына төлемдер+ отпуск бойынша борышты өтеу+ басқа да төлемдер

Ағымдағы қызмет бойынша нәтиже(030) = (010) - (020)

Инвестициялық қызмет бойынша жалпы кіріс (040) = материалдық емес активтерді сату+ негізгі құралдарды сату+ басқа да ұзақмерзімді активтерді сату+ қаржылық активтерді сату+ берілген қарыздарды сату+ қаржылық көмек+ басқалары

Инвестициялық қызмет бойынша жалпы шығыс (050) = материалдық емес активтерді сатып алу+ негізгі құралдарды сатып алу+ негізгі құралдарды сатып алу+ басқа да ұзақмерзімді активтерді сатып алу+ қаржылық активтерді сатып алу+ берілген қарыздарды сатып алу+ қаржылық көмек+ басқалары

Инвестициялық қызмет бойынша жалпы нәтиже(060) = (040)-(050)

Қаржылық қызмет бойынша жалпы кіріс (070) = акция мен басқа да бағалы қағаздарды эмиссиялау+ қарыз алу+ қаржылық аренда бойынша төлем алу + басқалары

Қаржылық қызмет бойынша жалпы шығыс (080) = қарызды өтеу+ өзінің акцияларын өтеу+ дивиденттерді өтеу+ басқалары

Қаржылық қызмет бойынша нәтиже (090) = (070) - (080)

Жалпы ақшаның өсуі(кемуі) = (030)+(060)+(090)

Есеп беру мерзімнің соңындағы ақша = Есеп беру мерзімнің алдындағы ақша + Жалпы ақшаның өсуі(кемуі)
Инвестор , несие беруші, иеленушінің көзінше ақша ағымдар көрсеткішінің артықшылықтары:


  1. Ақша құралдар ағымының көрсеткіші ликвидті ресурстардың нақты кіріс пен шығыстарын көрсетеді.

  2. Ақша құралдарының ағымы таза айналым капиталындағы өзгерістерді есепке алады және олар компанияның операциялық циклінің қажеттіліктерін анықтайды.

  3. Ақша құралдарының ағымы көрсеткіштері компанияның инвестицияға деген қажеттіліктері мен оның қаржыландыру мүмкіндігін көрсетеді.

Сонымен, ақша құралдарының ағымының потенциалды инвесторлардың көзінше пайда көрсекіштерінің өзгерістеріне қарағанда көп артықшлықтары бар.
2.1.3 Кәсіпорын жағдайын талдау
Кәсіпорынның жағдайын талдау үшін бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер осы бухгалтерлік мәліметтер мен басқа да статистикалық мәліметтер негізінде құралады. Осы көрсеткіштердің бағалығы бастапқы мәліметтердің шынайылығымен анықталады./22,367-бет/

Кәсіпорын басқарушылары кәсіпорынның ағымды және стратегиялық мүмкіншіліктерін жоғары дәрежеде дәл анықтай алатындай көрсеткіштер жүйесін таңдап алу керек.

Басқарушыларға қаржыландыру көздерінің құрылымы ерекше мәнге ие. Осыған байланысты негізгі көрсеткіштерді қарастырып өтейік. Біріншіден ол тәуенсіздік коэффициенті және ол мына формула бойынша есептеледі.
Кт = (қаржыландырудың өзіндік көздері)/(жалпы баланс)
Яғни баланс баптарын пайдалана отырып оны былай жазуға болады:
Кт=(220-бап)/(жалпы баланс)
Егер бұл көрсеткіш 50 пайздан асса, онда кәсіпорынның жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті жүргізу үшін жеткілікті меншікті капиталы бар дегенді білдіреді.

Келесі көрсеткіш қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Ол былай есептелінеді:

Ктұр =(Меншік капитал + Ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер)/(жалпы балан) немесе

Ктұр =((220-бап)+(250-бап))/(жалпы баланс)


Тәуелсіздік коэффициентінің тұрақтылық коэффициентінен айырмашылығы қаржыландыру көздеріне тек меншікті капитал ғана емес сонымен қатар ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелердің енгізілуі.

Қаржыландыру коэффициенті меншікті және меншік емес капиталдарының арақатынасын көрсетеді және мына формула арқылы есептелінеді:

Кқ = (меншікті капитал)/((ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер ) + +(қысқа мерзімді несиелер мен міндеттемелер))

Немесе
Кқ =(220)/((250)+(320))


Егкр көэффициент 1-ден көп болса онда кәсіпорында өзін-өзі қаржыландыру принципі жүзеге асады.

Инвестициялау коэффициенті негізгі құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтерге бағытталатын қаржылық ресурстардың үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде ескеретін жай қаржыландыру көзі ретінде меншікті капиталмен қатар ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелерді ескеру кеоек. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:

Кқ = ((меншікті капитал)+(ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер))/((негізгі құралдар)+(басқа да айналымнан тыс активтер))

Немесе
Кқ = ((220-бап) + (250-бап))/((030-бап)+(060-бап))


Жарғылық капитал мен жалпы меншік капиталдың арақатынасы да үлкен мәнге ие. Егер бұл көрсекіш тым төмендеп кетсе кәсіпорынға пайданы капиталға айналдырған немесе дивиденттерді көптеп төлеген жөн. Акционерлердің кәсіпорынның меншік капиталындағы үлесі коэффициенті былыай есептелінеді:

Ка = (жарғылық капитал)/(меншікті капитал)

Немесе
Ка = (150-бап)/(220-бап)
Кәсіпорынның тартылғын капиталы мен өзіндік капиталының арақатынасы кәсіпорынның міндеттемелерді өз уақытында оындау мен ағымдағы есепайырысуларды жүзеге асыру мүмкіншілігін бейнелейді.

Меншікті капиталдың бір бірдігіне келетін тартылған капиталдың коэффициенті былай есептелінеді:


Кт = (тартылған капитал)/(меншікті капитал)
Ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелерді өтеу мүмкіншілігін бағалау үшін ұзақмерзімді несиелер коэффициенті қолданылады және ол былай есептелінеді:
Кұ = (Ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер)/(меншікті капитал)
Енді рентабельдік пен пайдалылықты бағалайтын негізгі көрсеткіштерді қарастырып өтейік:

Сату рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:


Рс = (баланстық пайда)/(сату көлемі)
Активтердін рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (баланстық пайда)/(активтердін орташа бағалануы)
Ағымдағы айналым активтерінің рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (баланстық пайда)/(айналым активтердін орташа бағалануы)
Өзіндік капитал салымдарының рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:

Ра = (Таза пайда)/(негізгі құралдардың орташа бағалануы)


Өзіндік капиталдың пайдалылық нормасы мына формула бойынша есептелінеді:
Та = (Таза пайда)/(өзіндік капиталдың орташа бағалануы)
Акционерлік қоғамның шығарған Бір жай акцияға келетін пайда мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (таза пайда)/(айналамдағы жай акциялардың жылпы саны)
Дивиденттер бойынша төлемдер нормасы мына формула бойынша есептелінеді:
Нд = (жай акциялар бойынша жалпы дивиденттер)/(жай акцияға келетін таза пайда)
Дивиденттердің пайдалылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Дп = (жай акциялар бойынша жалпы дивиденттер)/(акцияның нарықтық бағасы)
Абсолютті ликвидтілік коэффициенті - ең жоғары ликвидті активтерді - ақшаны есепке ала отырып есептелінеді:
Ка.л = (ақша құралдары)/(Есептер мен басқа пассивтер)-(ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер)
Төлемқабілеттілігінің жалпы коэффициенті – материалдық және материалдық емес активтер есебінен жабылатын несиелер мен міндеттемелердің үлесін көрсетеді және былай есептелінеді:

Кт = ((негізгі құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтер)+(запастар мен шығындар))/((ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер)+(қысқамерзімді несиелер несиелер мен міндеттемелер))


Қаржылық талдауда запастар жайын, техникалық жабдықталуын, саласын ерекшелейтін баланс активтерінің құрылымына ерекше мән беріледі. Оларға:

Негізгі құралдың үлестік қатысу коэффициенті былай есептелінеді:


Кн = (негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер)/(жалпы баланс)
Айналым капиталының үлестік қатысу коэффициенті былай есептелінеді:
К = (запастар мен шығындар)/(жалпы баланс)
Ақша капиталының үлестік қатысуы былай есептелінеді:
К = (ақша құралдары, есептесулер және басқа активтер)/(жалпы баланс)
Қаржылық талдауда сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық борыштардың арақатынасын қарастыру да ерекше мәнге ие. Олардың арасында әдетте тіке байланыс болады. Жеткізушілерге төлемнің кешігуі әдетте ақшаның капиталдан тысқаруынан болады. Егер олардың арақатынасы 1 – ге тең болса, онда есептесулердің жағдайы тұрақты деп есептелінеді. Ағымдағы борыштардың коэффициентінің формуласы былай бейнеленеді: /22,157-бет/
Кб = (орташа дебиторлық борыштар)/(орташа кредиторлық борыштар)
Жоғары ликвидті активтердің ағымдылығын талдау үшін мынадай формула қолданылады:
Ка = (сатылу көлемі)/(ақша құралдары, есептесулер және басқа да активтер)
Ағымдағы активтердің ағымдылығын талдауы кезінде мына формула пайдаланылады:
К = (сатылу көлемі)/( ақша құралдары, есептесулер және басқа да активтер)
Активтердің ағымдылығының жалпы коэффициенті
К = (сатылу көлемі)/( активтердің жалпы бағалануы)
Осы көрсеткіштерді жүйелі түрде бақылау жоспарлау мен жобалау кезінде оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Талданатын көрсеткіштердің оптималды жиынтығы болып жатқан тәуелділіктер мен заңдылықтарды табуға көмек тиіседі және олар кәсіпорынды тиімді басқаруға жәрдемдеседі.

2.2 Кіріс және шығыс ақпараттарының сипаттамасы.

2.2.1 Кіріс ақпарат
Кәсіпорын өндіріліген өнімдерді келісім шарттармен жүзеге асырады. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп бөлімінде жарлық бойынша қоймадан алынған өнімнің бухгалтерлік есеп бөлімінен есеп айырысу құжаты беріледі.

Ақпарат тізімді есеп-шот фактурасы, бұйрық, көшірмелер бекітіледі.

Қазақстан Республика президентінің бұйрығы бойынша салық төлеуші міндетті түрде тиелген өнімді және сол өнімнің сатылғаны туралы есеп-шот арқылы тіркеуден өткізуі қажет.

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визиалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.


2.2.2 Шығыс ақпарат
Жоғарыда айтылған құжаттар бойынша өнімнің түсіні және есеп-қисап туралы ақпараттық тізімі болады. Баланс үшін ең бастысы айналым ведомсті болып табылады.

Ақпараттық тізімде ең негізгі болып айдың басындағы және соңындағы жіберілген өнімнің өзіндік құны саналады. Басты сальдо және соңғы сальдо.

Накладная – бұл құжат арқылы өндірілген өнім бір адамнан екінші адамға беріледі. Берілетін тауардың анықтама құжаты бір адамнан алынып екінші адамға жазылып берілетін 2 данадан тұратын құжат. Ол құжатта қол қойылады және мөр басылады. Бір данасы тауарды беретін адамда қалады, ал екінші данасы затты алушы адамда қалады.

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет