Семей сынақ алаңының бар зардабын бастан кешкен қазақ халқының қасиетті қазақ жерін 40 жыл бойы тажал қаруды сынайтын тамұққа айналдырған сынақ кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасалды. Оның 120-дан астамы ашық аспан астында жарылды. Жарылыстардың жиынтық қуаты кезінде Хиросимаға тасталған бомбадан 2.5 мың есеге асып түсті. Қазақ даласының 300 мың шаршы шақырымы радиацияға уланып, одан 1.5 миллионнан астам адам зардап. Семей сынақ алаңының бар зардабын бастан кешкен қазақ халқының қасиетті қазақ жерін 40 жыл бойы тажал қаруды сынайтын тамұққа айналдырған сынақ кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасалды. Оның 120-дан астамы ашық аспан астында жарылды. Жарылыстардың жиынтық қуаты кезінде Хиросимаға тасталған бомбадан 2.5 мың есеге асып түсті. Қазақ даласының 300 мың шаршы шақырымы радиацияға уланып, одан 1.5 миллионнан астам адам зардап. Ядролық сынақ сол маңдағы адамдар мен тірі табиғаттың сәулелік патологияға ұшырауына әкеп соқтырған. Ал мамандардың бағалауы бойынша сәулеленуге ұшыраған адамдардың жалпы саны бес жүз мыңнан асады. Сонымен қатар, қазақстандықтардың әлі де бірнеше ұрпағы денсаулықтарында ажал құштыратын сынақтардың әсері мен салдарын сезінетін болады. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып іс жүзінде мойындалған тұлға. Өз қолымен құрған жас мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап дүниежүзілік ядролық қауіпсіздік ісінің көшбасшысы атануына қажетті барлық жағдайды жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы әлі ыдырамай тұрған шақта, әрбір әмірі құдіретті мұнаралы Мәскеуден қаймықпай, 40 жыл бойы халқына қасірет шектіріп келген жер бетіндегі ең алып сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонының көмейіне құм құйды. Семей сынақ алаңын жабу – ядролық қарусыз әлем құру жолындағы қазақ халқының ұлы қадамдарының бастауы болды. Осы тарихи шешімнен кейін Невада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондардың үндері өшті. Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз бұрнағы жыл БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |