Өскемен экономика
және қаржы колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұжымдық
қорғану құралдары.
.
Орындаған: Капез Амангелді
Тексерген: Жумаканов .А.И.
2021жыл
Ұжымдық қорғану құралдары
Ұжымдық қорғану құралдары — бұл Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстары. Бұл — тұрғындарды заманауи зақымдау құралдарынан қорғаудың неғұрлым сенімді жолы. Қорғаныс құрылыстары қорғаныстық қасиеттеріне қарай баспаналарға және радиацияға қарсы тасалану орындарына (РҚТО) бөлінеді. Бұдан бөлек адамдарды қорғау үшін ең қарапайым тасалану орындары да қолданылуы мүмкін.
Баспаналар — бұл тасаланған адамдарды ядролың жарылыстың барлық зақымдаушы факторларынан, биологиялық құралдардан, сондай-ақ өрт кезінде түзілетін жоғары температуралар мен зиянды газдардан қорғауға арналған арнаулы құрылыстар. Баспананың жоспары 13-суретте көрсетілген.
Баспана негізгі және қосалқы бөлмелерден тұрады. Паналаушыларды орналастыруға арналған негізгі бөлмелер екі немесе үш қабатты сәкі-отырғыштар мен жатуға арналған сөрелермен жабдықталады. Баспананың қосалқы бөлмелері — бұл санитарлық торап, сүзгілік-желдету камерасы, ал сыйымдылығы үлкен құрылыстарда — медициналық бөлме, азық-түлікке арналған қойма, артезиан ұңғымасына және дизельді электр стансасына арналған бөлмелер.
Баспанада, әдетте, екіден кем емес кіретін жер, сыйымдылығы аз баспаналарда — кіретін жер мен апаттық шығу есігі жасалады. Қосылып салынған баспаналарда кіретін жерлер басқыш алаңшаларынан немесе тікелей көше арқылы жасалуы мүмкін. Апаттық шығу баспалдағы шахтамен немесе үйіндісіз аумаққа шығатын тесікпен аяқталатын жерасты галереясы түрінде жабдықталады. Сыртқы есік қорғаныстық-қымталушы, ішкі есік қымталушы түрінде жасалады.
Радиацияға қарсы тасалану орындары (РҚТО) жергілікті жер радиоактивті зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулеленулерден қорғауды қамтамасыз етеді. Бұған қоса, олар жарықтық сәулеленуден, өтпелі радиациядан (оның ішінде, нейтронды ағыннан) және ішінара екпінді соққыдан, сондай-ақ адамдардың терісі мен киіміне тікелей радиоактивті, уландырушы заттар мен биологиялық құралдардың түсуінен қорғайды.
РҚТО көбінесе ғимараттар мен құрылыстардың жертөлелік қабаттарына орналастырылады. Бірқатар жағдайларда радиацияға қарсы тез тұрғызылатын, жеке орналасқан тасалану орындары салынуы мүмкін, ол үшін өнеркәсіптік (құрастырмалы темір-бетон элементтер, кірпіш, прокат) немесе жергілікті (ағаш материалдар, тастар, бұталар жөне т.б.) құрылыс материалдары пайдаланылады.
Радиацияға қарсы тасалану орындары ретінде аталған мақсат үшін барлық жарамды үй-жайлар: жертөлелер мен үялар <14-сурет), көкөніс қоймалары, жерасты кенорындары мен үңгірлер, сондай-ақ жер үстіндегі қажетті қорганыстық қасиеттері бар материалдардан жасалған кабырғалы ғимараттар пайдаланылады.
Корғаныстық қасиеттерді арттыру үшін үй-жайлардағы терезелік саңылаулар және артық есік ойықтарын бітейді, жабынға бір қабат топырақ салады, егер қажет болса, жер бетінен жоғары шығып тұрған қабырғалардың сыртынан топырақ үйеді. Үй-жайларды қымтауға қабырғалар мен төбедегі» терезе және есік ойықтары жанасатын жерлердегі, жылыту және су құбырлары жүргізілген жерлердегі жарықшақтарды, саңылаулар мен тесіктерді мүқият бітеу, есіктерді қиыстыру және оларды киізбен қаптау, босағаны киіз немесе басқа тығыз, жұмсақ мата біліктерімен нығыздау арқылы қол жеткізеді.
30 адамға дейін сыятын тасалану орындары ауа ағыны келетін және іштегі ауаны сыртқа сорып алатын шығару қораптары арқылы табиғи жолмен желдетіледі. Ауаны тартуды қамтамасыз ету үшін ауа шығару қорабын ауа ағыны келетін қораптан 1,5-2 м биігірек орнатады. Желдету қораптарын сыртқа шығарған жерде күнқағарлар, ал үй-жаймен жанасатын жерде радиоактивті жауын-шашынның түсуі кезінде тығыз жабылатын жапқыштар жасалады. Тасалану орындарының ішкі жабдықталуы баспананың жабдықталуына үқсас болады.
Радиацияға қарсы тасалану орындарының радиоактивті сөулеленудің әсерінен қорғау қасиеттері қорғау коэффициентімен (радиацияның әлсіреуі) бағаланады. Ол ашық жердегі радиация мөлшерінің тасалану орнындағы радиация мөлшерінен қанша есе көп екендігін, яғни РҚТО-ның радиация әсерін, осыған орай адамдардың сәулелену мөлшерін қанша есе әлсірететінін көрсетеді. Кейбір үй-жайлардың қорғау қасиеттері 4-кестеде келтірілген. Ғимараттардың жертөлелік қабаттары мен ішкі бөлмелерін жете жабдықтау олардың қорғаныстық қасиеттерін бірнеше есе арттырады. Мысалы, ағаш үйлердің жабдықталған жертөлелерінің коэффициенті, шамамен 100-ге, тас (кірпіш, бетон) үйлердікі — 800-1000-ға дейін артады. Жабдықталмаған ұралар радиацияны 350-400 есе әлсіретеді.
Баспана коменданттың өкімімен толтырылғаннан кейін қызмет көрсету тобының жеке құрамы қорғаныстық қымталған есіктерді, апаттық шығу есіктерінің қақпақтарын және ауаны желдету құрылғысының бітеуіштерін жабады. Сүзгілік-желдету агрегатын таза желдету режіміне қосады.
Ауамен бірге улы немесе уландырушы заттардың өтіл кеткені анықталған жағдайда паналаушылар дереу тыныс алу органдарын қорғау құралдарын киеді, ал баспана сүзгілік-желдету режіміне ауыстырылады.
Баспанаға жақын жерде өрт шыққан немесе КӘУЗ-дің қауіпті мөлшері түзілген кезде қорғаныс құрылысы толық оқшаулау режіміне ауыстырылады және ауаны қайта сүзу қондырғысы іске қосылады.
Халықтың қорғаныс құрылыстарында болу уақытын объектілердің Азаматтық қорғаныс бастықтары анықтайды. Олар мұнымен бірге баспаналар мен тасалану орындарынан шығу кезіндегі әрекеттер мен мінез-қүлық ережелерін белгілейді. Бұл тәртіп пен мінез-құлық ережелері қорғаныс құрылысына телефон арқылы немесе басқа да мүмкін болатын тәсілмен хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |