Қазақстанда креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемалары



бет1/11
Дата03.01.2022
өлшемі69.51 Kb.
#450897
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстанда креативтік экономиканы дамыту


Қазақстанда креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемалары

Мақалада Қазақстанда креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемаларын зерттеу барысында креативтік экономика негіздері қарастырылған. Экономика секторларындағы креативтік сала орны және креативті экономиканың негізгі белгілері анықталды.

Зерттеу пәні болып кәсіпорындарда инновацияларды қаржыландыру көздері қарастырылған.

Талдау жүргізу мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялар мен қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға жұмсалған шығындар бойынша соңғы жылдардағы статистикалық ақпараттары қарастырылған. ҒЗТКЖ қаржыландыру көздеріне динамикалық талдау жүргізілген. Мұнда, қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға жұмсалған шығындар, іргелі-қолданбалы зерттеулерге, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындарды қаржыландыру көздері талданды.

Инновация түрлеріне өнімдік, үрдістік, маркетингтік және ұйымдастырушылық инновациялар бойынша Қазақстан Республикасындағы 2017-2019 жылдардағы инновацияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар қарастырылған.

Қазақстан Республикасында креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемаларын анықтау зерттеу мақсаты болып танылған.



Кәсіпорындарында инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау проблемаларының кеңінен таралған түрлеріне мыналар жататынын анықтадық: қаржы қаражатының жетіспеушілігі; инновациялық шығындардың өте жоғары болуы; инновациялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың белгісіздігі; бұрынғы инновациялар салдарынан қажеттіліктің туындамауы; сұраныстың болмауынан инновацияға қажеттілік жоқтығы.
Кіріспе. Заман талаптарына сай, креативті экономиканың – жоғары технологиялар мен шығармашылық тоғысындағы экономиканың дамуы дамыған елдердің ЖІӨ-нің жалпы өсуіне барған сайын үлкен үлес қосып келеді және әлемдік экономикада (10-25%) құрайды. Креативті экономика үздіксіз инновациялық дамумен, адами капиталға, жаңа технологиялар мен жобалық әзірлемелерге инвестициялауға, өнім өндірудің жоғары ғылымды қажетсінуімен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет