Ғылыми зерттеулердің жіктелуі. Іргелі ғылыми зерттеулер. Қолданбалы ғылыми зерттеулерге анықтама беріп, талдаңыз



бет1/4
Дата20.05.2024
өлшемі1.15 Mb.
#501588
  1   2   3   4
ғылыми билеттер (копия) (1)



№1

Сұрақтар/тапсырма

1

Ғылыми зерттеулердің жіктелуі. Іргелі ғылыми зерттеулер.
Қолданбалы ғылыми зерттеулерге анықтама беріп, талдаңыз

Ғылымның жіктелуі – белгілі бір қағидалардың өзара байланысын ашуға және логикалық келісімдер түріндегі қатынастарға негізделген. Ғылымның жіктелуі жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік ғылымдар мен философияның өзара байланысын ашып көрсетеді. Қазіргі уақытта ғылым тақырыпқа және таным әдісіне қарай бөлінеді: 
1) табиғат туралы – жаратылыстану; 
2) қоғам туралы – гуманитарлық және әлеуметтік; 
3) ойлау және таным – логика, гнеосология, эпистемология және т.б. туралы.
Жоғары кәсіптік білім беру салалары мен мамандықтарды жіктеудегі білім беру бағдарламалары тізімі төменде көрсетілген: 
1) жаратылыстану ғылымдары және математика (физика, химия, география, механика, биология, геология, экология және басқалар); 
2) гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар (филология,философия, тарих, саясаттану, мәдениеттану, журналистика, психология, әлеуметтану, экономика, өнер, денешынықтыру және басқалар); 
3) техникалық ғылымдар (құрылыс, сәулет, электроника, геодезия, телекоммуникация, металлургия, тау-кен ісі, радиотехника және басқалар); 
4) ауыл шаруашылығы ғылымдары (агроинженерия, орман ісі, агрономия, зоотехника, ветеринария, балық шаруашылығы және т.б.). 
Таным әдісі бойынша ғылым келесідейтүрлерге жіктеледі: 
- материалдық тәжірибе нәтижесінде немесешындықпен тікелей байланыс арқылы алынған білімді терең зерттейтін эмпирикалық ғылымдар. Эмпирикалық ғылымның басты әдістері –бақылау, өлшеу және тәжірибелер болып табылады. Эмпирикалық деңгейдегі ғылым фактілердіжинаумен, оларды бастапқы жинақтаумен және жіктеумен айналысады. Эмпирикалық танымғылымға фактілерді береді, сонымен қатар біздіқоршаған әлемнің тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын анықтайды; 
- эмпирикалық деректерді қорытудың нәтижесі болып табылатын теориялық білім. Теориялық деңгейде ғылым заңдары қалыптасады, оларэмпирикалық жағдайларды түсіндіруге және болжауға, яғни құбылыстардың мәнін тануға мүмкіндік береді. Әрқашан теориялық кезең эмпирикалық шындыққа сүйенеді. 
Ғылым тәжірибеге қатысты іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Іргелі ғылымның мақсаты-табиғаттың, қоғамның және ойлаудың негізгізаңдарын тану, ал қолданбалы – ғылымның іргелісалалары қызметінің нәтижелерін тәжірибелік іскеасыру.
Ғылым адам қоғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Ол адам қызметінің барлық салаларын материалдық және рухани түрде қамтиды. Ғылым ұғымы жаңа білім алу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы қызметтің нәтижесін, яғни әлемнің жалпы ғылыми бейнесін құрай отырып, алынған ғылыми білімнің мөлшерін қамтиды. 
Ғылымның тікелей мақсаты – өзі ашатын заңдар негізінде оны зерттеу пәнін құрайтын шынайы үдерістері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау болып табылады.
«Ғылым» ұғымының бірнеше негізгі мағынасы бар. 
1. Ғылым – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны ойлау және тану туралы жаңа білімді жүйелендіруге және әзірлеуге бағытталған адам қызметінің саласы. 
2. Ғылым – бұл қызметтің нәтижесі, яғни алынған ғылыми білім жүйесі.
-Физикалық-математикалық ғылым 
- Химиялық ғылым 
- Биологиялық ғылым 
- Техникалық ғылым 
- Ауылшаруашылық ғылым 
- Экономикалық ғылым
- Философиялық ғылым 
- Заңдар ғылымы 
- Педагогикалық ғылым 
-Медициналық ғылым 
- Фармацевтік ғылым 
Ветеринарлық ғылым 
- Өнертану
- Архитектура 
- Психологиялық ғылым 
- Социологиялық ғылым 
- Саяси ғылым 
- Мәдениеттану

2

Жарияланымдарды дайындау кезіндегі ғылыми этиканы түсіндіріңіз

Ғылыми жарияланымдар этикасы – бұл ғылыми жарияланымдарды құру, тарату және пайдалану процесінде авторлар, рецензенттер, редакторлар мен оқырмандар арасындағы қарым-қатынастағы кәсіби мінез-құлық нормаларының жүйесі.


Баспагер - баспа өнімдерін шығаруды материалдық-техникалық қамтамасыз ететін мекеме.
Басылым - редакциялық-баспа өңдеуден өткен, дербес ресімделген, шығыс мәліметтері бар құжат, ол ондағы ақпаратты таратуға арналған,
Зерттеу - фактілерді анықтау, объектіні немесе бір нәрсені зерттеу мақсатында жаңа білімді іздеу.
Автор - бұл ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауға қатысатын адам немесе адамдар тобы.
Бас редактор - редакцияны басқаратын, өндірісті және басылымды үйлестіретін тұлға.
Жауапты редактор - ғылыми журналдың немесе баспаның мазмұнын белгілейтін, жариялауға материалдар дайындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ ғылыми жарияланымдардың рецензенттерімен, авторларымен және оқырмандарымен қарым-қатынасты қолдайтын өкілі.
Редакциялық алқа - басылымға арналған туындыларды таңдауда, дайындауда және бағалауда көмек көрсететін беделді адамдар тобынан тұратын кеңесші орган.
Қолжазба - редакцияға жариялау үшін берілген зерттеушінің авторлық туындысы.
Ғылыми мақала - зерттеушінің толық және жарияланған авторлық жұмысы.
Оқырман – зерттеушілердің жарияланған материалдарымен танысқан кез келген адам.
Шолу - ғылыми немесе көркем сынның жанры. Шолу жаңа жұмыс туралы хабарлайды, оның қысқаша талдауы мен бағалауы бар.
Рецензент - рецензия жазатын, ғылыми журналдың немесе баспаның атынан әрекет ететін, оларды жариялау мүмкіндігін анықтау мақсатында авторлық материалдарға кәсіби ғылыми сараптама жүргізетін сарапшы.
Плагиат - біреудің ғылыми туындысының немесе өнерінің, басқа адамдардың идеяларының, ойларының немесе өнертабыстарының авторлығын иемдену. Плагиат заңды жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

3

Ғылым құбылысын, оның маңызды аңықтауыштарының мағыналарын
түсіндіріңіз.
Ғылым табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білім алуға бағытталған зерттеу саласы болып табылады. Ғылым – рухани мәдениеттің маңызды бөлігі. Ол келесідей өзара байланысты ерекшеліктерімен сипатталады: 
- табиғат, адам, қоғам туралы объективті және дәйекті білім беру жиынтығы; 
- жаңа тұрақты білім алуға бағытталған іс-шаралар
- білімнің қалыптасуын, оның дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың жиынтығы. 
Сонымен қатар, «Ғылым» термині ғылыми білімнің нақты салаларында да (математика, физика, биология және т.б.) сілтеме ретінде қолданылады. Ғылымның мақсаты - субъективті және объективті әлем туралы білімді алу, меңгеру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет