Қазақстандағы дінаралық Қарым-қатынастар «Дін саясатпен ешқандай байланыста емес дегендер діннің не екенің білмейді»



Дата25.02.2016
өлшемі77.06 Kb.
#21956
ҚАЛИЕВ Жабай Нұрмақұлы,

Мемлекет тарихы институты

Деректану, тарихнама және

Отан тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к.



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
«Дін саясатпен ешқандай байланыста

емес дегендер діннің не екенің білмейді»

Махадма Ганди
Қазақстанның тәуелсіздік алуы экономикалық, саяси жүйенің қайта құрылуымен, мемлекеттің құқықтық институттарының жетілдірілуімен қоса жүрді. Жас тәуелсіз мемлекет дінге сенушілерге және жалпы дінге қатынасын түбегейлі өзгертті. Әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара түсіністігі, шыдамдылығы мен қазақстандық қоғамының терең мәнін құрайтын рухани және мәдени құндылықтарды сақтықпен қабылдауы, халықтың ділінде жағымды көрініс тапты. Республикадағы тұрақтылық, азаматтық тыныштық және этносаралық келісім, екі қосылғыштың - бір жағынан, жартылай этникалық қоғамға ұмтылыс, екінші жағынан, билік күшінің нәтижесі болып табылады.

Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас тұрақты болып саналады және қазіргі кезде қызмет етіп отырған діни ұйымдар шыдамсыздығымен ерекшеленбейді. Мұның бәрі биліктің діни саясатты сауатты жүргізуінің арқасында болып отыр. Өткенді талдай отырып, билік осы салада үш бағытта кезеңдеп жұмыс істеді деп айтуға болады:

- діни сенім бостандығы және тең құқылықты қамтамасыз ететін құқықтық база;

- дінаралық диалог арқасында Қазақстанда қызмет етіп отырған конфессиялар өкілдерінің дөңгелек үстел басына отырып, ортақ тіл табысуы;

- сыртқы экстремистік діни ұйымдардан тыс, дінаралық үнқатысудың арқасында қол жеткен, нәзік конфессияаралық теңгерімді қорғау.

Біздің республикамыздың азаматтарының еркін ойлау немесе қандай да бір дінді ұстану құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске, «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңына, республиканың басқа да заңды актілеріне, Қазақстан Республикасында мойындалған адам және азаматтың құқықтары туралы актілерге негізделген.

Конституция бойынша діни бірлестіктер, заңға қарама-қайшы келмесе, олардың қызметіне ешкім араласпайды, ал діни бірлестіктер ешқандай мемлекеттік қызмет атқармайды. Осымен қатар, мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы күрделі, көбіне елдің негізгі Заңында анықталғандай бір мағыналы сипатта емес екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Дінбасылар барлық ірі қоғамдық-саяси шараларға қатысады, оларды әртүрлі мерекелерге қатысты өтетін барлық ресми мемлекеттік қабылдауларға, студенттер мен курсанттардың оқу бітіру салтанаттарына шақырылады. Олар кейбір фирмаларды, ғимараттарды, машиналарды т.с.с. қасиеттеу рәсімін атқарады.

Ірі діни мерекелер күні Мемлекет басшысы мен жергілікті билік өкілдері тұрақты түрде мешіттер мен шіркеулерге барады. Мемлекеттік органдар дәстүрлі діни қауымдастықтарға мешіттер, шіркеулер, храмдар мен синагогалар салуға рұқсат береді. Елімізде діни бірлестіктер мен мемлекет арасында нақты шекара жоқ және тікелей болмаса да, жанама түрде қоғамдық пікір құралы негізінде елдің саясатына ықпал етеді.

Қазақстан бұрынғы Одақтық республикалардың алғашқысы болып «Діни сенім бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңын қабылдап, дінге сенушілер мен олардың ұйымдарына тең құқық және бостандық берген. Діни ұйымдар қайырымдылық, ағарту және өзге де ізгілік жұмысымен еркін айналысады. Бірақ олардың Қазақстан территориясындағы қызметі әрекет етіп отырған заңдылыққа сәйкес жүргізілуі қажет. Қазақстандық қоғамның орасан зор жетістігі болып, діни бірлестіктерді жаппай бақылаудан бас тарту болып отырғаны сөзсіз. Мұнымен бірге мемлекеттік-дінаралық қатынастардың либерализмі, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей бостандық көлемінде болуы керек. Негізгі заңның 5-бабына сәйкес, діни бағыттағы саяси партиялардың қызметіне тиым салынады.

Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жеке өзі де, басқалармен қосылып та қандай да болмасын дінді ұстануға немесе ешқандай дінді ұстанбауға құқылы, дінге қатысты анықтамадағы, құдайға сыйынуға, діни ғұрыптарға және салтанаттарға, дінге оқытуға қатысу немесе қатыспауды қандай да болмасын мәжбүрлеуге тыйым салынған», - деп көрсетілсе, және де «ешкім өзінің діни пікірлерінің дәлелдемесі бойынша, заңда қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда, өзінің азаматтық міндеттерін орындаудан бас тартуға құқысы жоқ» - деп нақтыланған.

Мұнымен бірге, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, діни ұйымдарды саяси үдерістерге, соның ішінде, сайлау компанияларына, тартудың қаупі бар. Діни ұйымдардың сайлау алдындағы күреске, қандай да бір партияны қолдап қатысуы қолайсыз. Біріншіден, бұл демократиялық, зайырлы мемлекеттің бастауларына қарама-қарсы. Екіншіден, бұл адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жинақталған діни-рухани құндылықтарының маңызын жоюға мүмкіндік жасайды. Осыған сүйене отырып, мемлекеттік-дінаралық қатынас саяси мүддеге ғана емес, жанасудың өзге де нүктелерінен негізделуі мүмкін.

Мемлекетте діни бірлестіктермен тұрақты үнқатысу, конфессияаралық қатынаста тұрақтылық және рухани келісім сақтауға мүмкіндік жасалған. Қазақстанда діни бірлестіктерге заң жүзінде саясатқа араласуға тиым салынған. Республикадағы көптеген дін қызметкерлері дін - Құдай бекіткен күшіне байланысты, ұлттың, партияның және қозғалыстан жоғары тұр. Жетекші конфессиялар, өздерін республиканың барлық халқының мүддесін көрсетеміз, қоғамдағы руханилық және өнегеліктің қайта дамуының кепіліміз деп санайды.

Бірақ мәдениет пен өнегелік мәселелеріне келгенде діннің саясаттан толық оқшаулануы болмайды. Конфессиялар арасындағы өзара қарым-қатынастар әлеуметтік тұрақтылыққа ықпалын тигізеді. Сондықтан, дін мемлекеттен бөлінген, бірақ қоғамнан, жеке өмірдің саласын құрайтын, жеке қоғамдық мәселелерді шешуге қатысудан бөлінбеген.

Зайырлы мемлекеттердегі сияқты Қазақстанда да діннің екі жақты рөлі туралы айтуда. Шынында да, тұрақты демократиялық дәстүрлерге ие, тіпті ең жетілген елдердің өзі де, діннің мемлекеттен нақты бөліну міндетін шеше алмайды. Оған себеп - деп түсіндіреді олар, дінге сенетін адам бір мезгілде азамат та болып табылады, яғни, адамда екі бөлек - дін және мемлекет заңдылық саласы болады. Дінге сенетін адам өзімен бірге әлемдік көзқарасты және тәртіптік нормаларымен бірге, қоғамдық өмірде дін талаптарын алып жүреді, біреуін біреуінен бөлу мүмкін емес.

Мемлекеттің дінге қатысты саясаты діни бірлестіктерді есептеумен, оларды тіркеумен ғана шектелмеу керек. Діннің социолгиясы мен психологиясын зерттеу бойынша тұтас зерттеулік бағыттарды дамыту, дінге қатысты заңдылықты жетілдіру, мемлекеттің дінге қатысты саласындағы концепциясын жасау қажет. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінде діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес құрылды. Діни жағдайдың даму тенденциясын республикалық және жергілікті діни бірлестіктермен байланыс бойынша кеңестер тұрақты түрде зерттеп отыруда. Облыстық ішкі саясат департаменттерінде де діни бірлестіктермен жұмыс бойынша бөлімдер құрылған.

Діни ұйымдардың сұрауымен мемлекеттік органдар оларға ұйымдастырушылық, Заңдылық, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсетеді. Мемлекет дін және діни бірлестіктерге қатысты өте өлшенген саясат жүргізіп отыр. Біздің азаматтарымыз еркін, қорқынышсыз өздері таңдап алған дінді ғибадат етеді, өздерінің туған тілдерінде сөйлейді, өзінің мәдениеті мен дәстүрін сақтайды. Бұл жеке тұлғаның шынайы бостандығы.

Республиканың жұртшылығы мен қоғамдық органдары конфессияаралық және этносаралық қатынастардағы толеранттық және келісімді қалай болса да нығайтуға, діни экстремизмнің таралуын болдырмауға ұмтылады.

2001 жылы 22-25 қыркүйекте, яғни 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейін екі аптаға жетпейтін уақыт өткеннен кейін, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, оның сапары барысында христиандық пен исламдық өркениетті бөлу әрекеттеріне қарама-қарсы тұрудың ерекше аурасы байқалды. Нәтижесінде Иоанн Павел ІІ католиктік шіркеудің ғаламшарлық сипатын, оның басқа да дінге сенушілермен де, атеистермен де және еркін ойлаушылармен де әлемде бейбітшілікті сақтау мен адам құқығын қорғау жолындағы ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетті.

Н.Ә. Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» кітабында ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесіне көп көңіл аудара отырып: «... Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық жанжалдарға қарсы тұру әрекеттерін қабылдауға кепілдік береді. Бұл ішкі саяси шешімдермен қатар, конфессиялық өзге де ағымдарға зиян келтіріп, қандай да болсын діннің артықшылығына әкелетін баптар мен заңдарды енгізе алмайтын заңдылық бастамаларына да байланысты» - екендігін айтқан. Президенттің бұл саясаты Қазақстан халықтарының, дінге сенушілері мен атеистерінің толық қолдауына ие болып отыр, себебі «нақты түрде көрінетін бұл агрессивті ой шабыты, ізгілік және мейірімділік идеясына негізделген әрбір діннің достық әлеуетіне ешқандай қатысы жоқ екені белгілі».

Дінаралық және этносаралық толеранттықты нығайту мәселесі күнделікті көңіл аударуды талап етеді. Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндіктерінің бағытындағы сенімді қозғалысы, ішкі саяси тұрақтылығы мен қауіпсіздігі оның шешімімен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт съездері жұмыстарына құрметті қонақтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, ол әлемдік қауымдастықта кең резонансқа ие болды.

Съезге қатысушылар толеранттық, шынайылық, әділдік және сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды көтеру әрбір діни уағыздың мақсаты болу керек деген Декларация қабылдады. Зорлық-зомбылықтың экстремизм, лаңкестік сияқты түрлері діннің шынайы түсінігіне ешқандай қатысы жоқ, адамзат өмірі үшін қауіпті, ол жойылуы қажет делінген құжатта.

Біздің мемлекет еліміздің территориясында экстремистік қызметке тосқауыл қоюдың алдын алу шараларының кешенді жүзеге асыруда. Аймақтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2000 жылы сәуір айында біздің аймақ бойынша тікелей көршілеріміз - Өзбекстанмен, Қырғызстан және Тәжікстанменен лаңкестікпен, саяси және діни экстремизмен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікпен және тұрақтылық пен қаупсіздіктің өзге де қаупімен бірлесіп күрес жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) көлемінде Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азиялық мемлекеттермен ынтымақтастығының дамуының маңызы зор. Лаңкесшілер мен экстремистерге ортақ база жасау, лаңкестік және экстремистік қызметі, есірткі саудасы, осы құбылыстармен күресуге бағытталған келісілген шараларды қабылдау бойынша тәжірибе алмасу, - мұның әрі Шанхай форумы елдерінің өзара әрекеттестігінің перспективтік бағыты. Осылайша, қазіргі күні Қазақстанның сыртқы саяси бағытында лаңкестік пен экстремизмге маңызды көңіл аударылуда.

Қазақстан жағының бастамасы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге (ҰҚК) қатысушы мемлекеттер қызметі белсендірленді. Қазіргі кезде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ұйымы (ҰҚКҰ) тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылған.

Еліміздің барлық саясаткерлері мен дінбасыларының, жазушылары мен студенттерінің, қала және ауыл тұрғындарының, әртүрлі ұлт өкілдерінің күштерін біріктіріп қана, біз қазіргі таңда кезіндегі ортағасырлық идеялардың қайта дамуының алдын ала аламыз. Демократиялық қоғам құру - жалпықазақстандық, жалпыұлттық, ұлтжандылық идея болуы қажет. Тап осы идеяны, жалпыадамзаттық құндылықтарды адамдар санасына енгізуін насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын бағыттау қажет.



Қазақстан Республикасы барлық ТМД кеңістігінде жанжалсыз ұлттық дамудың үлгісі болып отыр. Ол - Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тәуелсіздік жылдарындағы республиканың басты жетістігі ұлттық бейбітшілік және келісім деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл республикадағы этностардың қалыптасу тарихының ерекшеліктерімен, оның қазіргі жағдайымен, этникалық үдерістер дамитын саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекше астармен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет