Қазақстанның болашағы Қазақстан 2020 стратегиясы Қазақстанның дамуы


Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі



бет3/3
Дата11.04.2023
өлшемі20.66 Kb.
#472045
1   2   3
казакстанг 2020

Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

  1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

  1. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.

  2. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

ету, оны барлық салаларда қолдану.

  1. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.

  2. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.

  3. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

сана-сезімді қалыптастыру.
Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.
Ғасырдың екінші онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлылығының қалыптастыруға шоғырландырылады. 2020 жылға дейінгі кезеңдегі ішкі саяси саладағы басты мақсат Қазақстан қоғамының дамуындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықпен пен орнықтылықты сақтау. Саяси жүйені әрі қарай да модернизациялау, этникалық және діни қайшылықтардың алдын алу, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстар өз жалғасын табады. 2020 жылға қарай сайланған биліктің маңызы артады, саяси партиялардың жауапкершіліктері мен рөлдері күшейеді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесінің тиімділігі артады. Ұлттық саясатты іске асыратын, қоғамды нығайтуға мүмкіндік туғызатын, патриотизмді нығайтатын, жалпыұлттық идея мен біртұтас құндылықтар негізінде қазақстандықтардың сәйкестігін қалыптастыратын бірегей және аса тиімді институт ретінде, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы әрі қарай дамиды. Ұлттық қауіпсіздіктің негізі, төнген қауіп-қатердің алдын алу шараларын қолға алып, оны жоюды қамтамасыз ету. Халықаралық терроризм мен діни экстремизм, нашақорлық бизнесіне және заңсыз көші-қон қозғалысына қарсы күресетін салалармен қоян-қолтық жұмыс жасауға аса көңіл бөлінеді. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйесі өзгерісінің аса маңызды бағыттарының бірі, жаңадан төніп тұрған қауіп-қатер мен қарсылықты уақытында білу, сонымен қатар барабар шаралар қолдануға дер кезінде әрекет жасауға мүмкіндік беретін, болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру. Ұлттық мүддені қорғау, еліміздің халықаралық беделін арттыруға және ұлттық, өңірлік жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған праграматикалық және теңестірілген сыртқы саясат жүргізіле береді. Қазақстан ұлттық резервтік валюта қорын қалыптастыру мәселесінде өзінің мүда десін, қорғайды, дамытады. Бұл шаралардың нәтижелі болуы көп ретте Қазақстанның дағдарысқа қарсы жасалып жатқан шаралары мен дағдарыстан кейінгі елдің экономикасының даму қарқыны мен тұрақтылығына, инновациялық және диверсификацияланған экономика саласының нақты қол жеткен табыстарына байланысты.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде алғанда 2009 жылғы деңгейінің1 үштен бірінен жоғары өседі. Экономиканы әртараптандыру жоспарларын табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.
Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) елдің мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борышынан төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция орташа алғанда жылына 5-8 % деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағам саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға төмендейді Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бала-бақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жағдайы айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруін жалғастыратын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет