Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі бас бостандығынан айыру орындарының даму тарихы



бет3/3
Дата21.10.2022
өлшемі19.05 Kb.
#463214
1   2   3
2 СОЖ

Сонымен қатар, осы зерттеу шеңберінде, ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, қамауға алу түрінде жаза қолданудың өзіндік дамуының шартты түрдегі үш кезеңін көрсеткен жөн.
Бірінші кезең – тергеу институтының пайда болуы, Ресей патшалығының әсері, Қазақ Хандығының Ресей империясына қосылуынан бастап патшалық режим жойылып билікке большевиктер келген 1917 жылға дейін.
Екінші кезең – 1917 жылдан бастап 1991 жылға дейін, нақты айтқанда, СССР болған кезде. Осы кезеңде жедел-іздестіру қызметінің белсенді дамуы, пенитенциарлық жүенің қүрылуы, сонымен қатар қылмыстық-атқару қүқығы саласындағы ғылымның дамуы, айыптылар мен сезіктілерді оқшаулау үшін мекемелердің жаппай қүрылысы өтеді.
Үшінші кезең - Қазақстан Республикасының қүрылуы мен 1991 жылы тәуелсіздік алуынан бастап қазіргі уақытқа дейін. Мемлекеттілік дамуының таңдалған бағытының нәтижесінде, адам қүқықтарын сақтау аса өткір болып отыр.
Қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің дамуындағы маңызды қадам 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің әзірленуі болып табылады.

Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты оңды нәтижелерге жетуге жетелейтін бағдарламалар қатары жүзеге асырылуда. Сотталғандардың қүқықтары қарастырылып, мекемелер үшін оңды жағдай жасалуда. Қылмыстық-атқару жүйесінің бүрынғы жағдайы мен бүгінгі жағдайы, әрине, салыстыруға келмейді. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында мекемелердің хал-ахуалы бүрынғыға қарағанда айтарлықтай жақсарған. Көптеген мекемелер заманауи қүралдармен жабдықталған. Десекте әлі де алға қойылған мақсат-міндеттер қатары кемір емес.


Десекте, мекемелер жағдайы алға басқанмен, сотталғандар қатары азаяр емес. Басты мақсат - сотталғандарды түзеу, жазасын өткеріп шыққан азаматтардың қоғамға бейімделуі, қоғамнан өз орнын табуы үшін жағдай жасау, бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру бойынша міндеттердің орындалуына атсалысу болып қала береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет