Қазақстанның КӨлдері



Дата02.03.2022
өлшемі6.1 Mb.
#455897
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

ӘДЕБИЕТТІк оқу Бөлімі:Қоршаған орта сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көлдері Сабақтың мақсаты: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді қолданасың. Шығармашылық жұмыс жасайсың.

Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық.

Үй тапсырмасын пысықтау

1. «Гүл күлтешесі» әдісі

«Дархан жер» өлеңін жатқа айту.

2. «Галереяға саяхат» әдісі

«Өзім еккен едім» тақырыбы бойынша сурет салу және салған суретті қорғау.

«Біліміңді қолдан» әдісі Қазақстанның қандай көлдерін білесіңдер?

Өтебай Тұрманжанов

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Ордабасы ауданындағы "Бөген" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927 - 30 жылдары). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын басқарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. ҚазПИ - де профессор міндетін атқарады. Кейін Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет - журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935 - 37 жылы) болды. Саяси қуғын - сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін атқарған. Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т. б. 40 - тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

«Сұрақ-жауап» әдісі

-Көл дегенді кім қалай түсінеді? -Көлдің теңізден айырмашылығы неде? -Көлдің өзеннен айырмашылығы неде? -Біздің аймақта қандай өзендерді білесіңдер?

«Түсініп оқу» айдары

«Балқаш көліне барайық» «Көл» өлеңін мәнерлеп оқу

Сөздіктер бекеті

Күбі-ағаштан жасалған қымыз іркіт пісетін ыдыс.

Барабар-тең бірдей

шолады-көреді

Майда жел-жұмсақ жел

Жеке жұмыс

  • Ақындар сипаттау үшін қандай көркемдегіш көзкемдегіш құралдарды (эпитет,теңеу) қолданған?
  • Білгенге маржан

    Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Автор өлең жолдарында қандай көркемдегіш құралдарды қолданған?

Автор өлең жолдарында қандай көркемдегіш құралдарды қолданған?

Балығы тайдай тулаған

Бақасы қойдай шулаған

Балқаш көлге барайық

Аллитерация- дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.

КЕСТЕНІ ТОЛТЫР

Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығу

Топтық жұмыс

1-топ Қазіргі кездегі өзен-көлдердің ластануы туралы әңгімеле

2-топ балқаш көлі туралы өлең құрастыру

3-топ «Сөздер банкасы» әдісі

4-топ суға бір мақал-мәтел жазу

Рефлексия «Борт журналы»

Үй тапсырмасы:

«ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚАША ОЙЫҢДЫ ЖАЗ.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет