113 Қ. Е. Есенова КӨркем шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі0.72 Mb.
#463099
  1   2   3
1264-1-2437-1-10-20151014



Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4 (134). 2011
113 
Қ. Е. Есенова 
 
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ 
УӘЖДІ-УӘЖСІЗ ҚОЛДАНЫЛУЫ
 
Жергілікті атаулар – сөйлеу стиліне тән тіл-
дік құбылыстар. Ауызекі сөйлеу, яғни комму-
никативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында 
жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық деңгейі 
жиі болғандықтан, жеке тұлғаның жеке сөздік 
қорына сіңген диалектілер сол жердің тұрғын-
дары үшін ғана ортақ, жалпылық сипатқа ие 
болады. Бұл – заңды құбылыс. Осы тұрғыдан 
келгенде де, жеке жазушылар өз ойын ұтымды, 
ұтқыр, өзіне қолайлы етіп жеткізу мақсатында 
диалектілерді шектен тыс еркімен қолданатыны 
байқалады. Екіншіден, өзінің сөздік қорына 
сіңіп кеткен диалектизмдердің әдеби тілдегі 
вариантын іздеп жатуды аса қажет деп есеп-
темейді. Үшіншіден, кейбір жергілікті тіл 
ерекшеліктерінің, әсіресе заттық және рухани 
мәдениет атауларының әдеби тілдегі варианты 
мүлде жоқ. Бір зат немесе құбылыстың атауы 
біреу ғана, бірақ оның өзі диалектизм деп 
саналып, диалектологиялық, аймақтық сөздік-
терде тіркелген. Белгілі бір изоглостық дең- 
гейімен шектеліп тұрған, жалпыхалықтық сипат 
ала алмай отырған, бірақ сол заттың негізгі 
жалғыз атауы болып танылған сөздерді 
диалектизм қатарына емес, әдеби тіл қатарына 
енгізу керек сияқты. Бұл жердегі бір ғана 
аймаққа тән деген қағиданы сол сөзге ғана 
қатысты тілдік ауытқу ерекшелігі деп көрсеткен 
дұрыс болар еді.
Бұл орайда Ш. Сарыбаевтың «Жергілікті 
ерекшелік - әдеби тілді байытудың көзі, әдеби 
тілге әр кезде азды-көпті еніп отырады, әдеби 
қолданысқа түскеннен кейін ол диалект болудан 
қалады. Егер жергілікті ерекшелік (диалект сөз) 
көркем шығармада арнайы стильдік мақсатта 
қолданылса, оны «диалектизм» деп атауға 
болады» [1, 37 б.], – дейтін пікірі көркем шығар-
мада қоланылатын жергілікті ерекшеліктерді 
ажыратып, танып сипаттауға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар бұдан кейінгі азды-көпті зерт-
теулерде осы термин ұтымды қолданылып 
келеді.
Диалектілер, сөйленістер (говорлар) – ұлт-
тық тілдің белгілі бір аймақтағы сөз құрауда, сөз 
тіркесін жасауда тарихи қалыптасқан, өзіне ғана 
тән дыбыстық ерекшеліктері бар тармақтары 
болып табылады. Алайда ол «дұрыс» сөйлеу 
тілімен салыстырғанда, нормадан ауытқу болып 
есептеледі.
Көркем шығармада жергілікті тіл ерекшелік-
терінің уәжді-уәжсіз қолданылу мәселесін сөз 
ете келіп, академик Р. Сыздық: «Диалектизм-
дерді көбірек қолдану өзге жазушыларды да, 
әсіресе соңғы ширек ғасыр ішінде жарық көрген 
үлкенді-кішілі проза үлгілерінде орын алады. 
Мысалы, Б. Алдамжаровтың «Қара нөсер» атты 
шағын шығармасында («Жазушы» баспасы, 
1981) кейіпкерлер тілінде де, автордың өз баян-
дауында да ояғын (ол жағын), анаяқ (ана жақ), 
іжқайда (еш қайда), ақ кеуілділік (ақ көңілділік), 
еге (ие), ауыш (ауыс), бәте (бата), кәйтсін (қайт-
сын), дайра (дария), ыңғи (ылғи), сояқ (сол жақ), 
құдағай (құдағи), отқан (отырған), аял (әйел), 
жүрәт (жұрағат), ешек (есек), пәт (бет), бір буат 
қағаз (бір бума қағаз), бүймәлім (беймәлім), 
жаңғыз (жалғыз), тиыш (тыныш), лайқат (лайық), 
сүгірет (сурет), ірә (тіпті), енапат (ағыл-тегіл), 
баратса (бара жатса), кәдірлі (қадірлі), бір 
күншідей (бір күнгідей) сияқты ондаған сөз 
стильдік мақсатта да (мүмкін, айталық, кейбір 
кейіпкерлер тіліндегісі), ешбір зәруліксіз де 
молынан қолданылған.
Мұндайда екі нәрсені іздеуге тура келеді: 
бірі – қалың көпшілікке бейтаныс сөздерді 
шамадан тыс әрі түсіндірмей қолданып, көркем 
шығарманың басты шарты жалпыға ортақтық-
тан ауытқу, екіншісі – шығарма тілін диалекті-
лендіру екендігі айтылады. Әрине, жоғарыда 
келтірілген мысалдар бірінші жағдайды таны-
тады, мұнда диалектизмдерді жазушы белгілі 
бір стильдік мақсатпен әдейі қолданған деуден 
гөрі, жауапсыздық көрсеткен, нәтижесінде 
көркем сөз нормасынан ауытқыған деп тануға 
тура келеді» [2, 242 б.], – деп көркем шығармада 
диалектизмдерді қолданудың уәжсіздігін баса 
айтып, нормаға қатысты алғанда, жауапсыздық 
қатарында таниды.
Мұндай қолданыстарды уәжді, мақсатты 
қолданыстар қатарына жатқызуға болмайды.
Себебі бұлар көркем шығармада белгілі бір 
қызмет атқарып, кейіпкер мінезін аша түсу 
мақсатында қолданылып тұрған жоқ. Оның 
үстіне әдеби тілге енгізуге болатын, баламасы 
жоқ кәсіби сөз т.б. деуге де келмейді. Мұндай 
қолданыстар негізінен әдеби тілде баламасы 
бар, әдеби тілдегі нұсқамен лексикалық, фоне-
тикалық дублеттер тудыратын қолданыстар бо-
лып келеді. Авторлық баяндаудағы мұндай қол-




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет