Қазақстанның xyiii ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті. Сабақ мақсаты: Білімділік



Дата03.07.2016
өлшемі59.67 Kb.
#175517
Бердіжарова Лаура

№134 орта мектеп мұғалімі.

Қызылорда обылысы

Қазалы ауданы

Шәкен ауылы

Қазақстанның XYIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті.

Сабақ мақсаты:

Білімділік :Оқушыларды ХVІІІ ғасырдағы мәдениеті орыс және шет ел ғалымдарының зерттеулерімен ,олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Дамытушылық: Оқушылардың  білімдерін  тірек -  сызба  арқылы  түсіндіре отырып  толықтыру, шыңдау. Картамен  жұмыс жүргізу, топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз елінің Өлке тарихының тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, Ойын-сабақ, Дерек жинау,
Сабақтың  әдісі:   Сұрақ – жауап , түсіндіру, тірек сызба  арқылы

  оқыту,  топпен және жеке  жұмыс, «Почта» ойыны, «білім жәрмеңкесі», мәтінмен  жұмыс.


Пәнішілік байланысы: 
Тарих. Музыка. Еңбек. Әдебиет, Өлкетану.
Көрнекіліктер:  Интерактивті тақта.
Тірек – сызба,  Альбомдар, суреттер, карта.

І. Ұйымдастыру. . ( 2 мин)

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. почта ойыны(7 мин) Хат арқылы сұрақтар тарату.

ІІІ. Артық болмас білгенің. 3 мин

Р

Сұрақтар

А

В

С

Д

Е

1

Сырым тұтқыннан қашан босатылды?

1783 ж

1784 ж

1785 ж

1786 ж

1787 ж

2

Сырым тобы қай тауға орналасты?

Мұғал-

жар


Қаратау

Алтай

Тарба-ғатай

Сары -арқа

3

Есім хан қашан хан болып сайланды?

1788 ж

1794 ж

1795 ж

1791 ж

1787 ж

4

Көтерілістің қозғаушы күші?

Феодал дар

ұлттар

Қазақ шаруасы

қазақтар

Орыс тар

5

Сырым қай жылы қайтыс болды?

1806 ж

1805 ж

1804 ж

1803 ж

1802 ж

6

Көтерілістің сипаты?

Отарлауға қарсы

Монар -хиялық

Феодал- дық

Азамат -

тық


Моархиялық отарлау

ІV. Жаңа сабаққа даярлық (5 мин)




V. Жаңа сабақты түсіндіру.  ( 15 мин)

Ж о с п а р: 1.Қазақтың ақындары.



2.Орыс ғалымдарының зертеулері.
ХVІІІ ғасырда қазақ халқы мәдениеті тарихында ерекше дамыған өнер
Ауыз әдебиеті Музыка өнері Жырауларлық





Ақындар

Туған жылы.

Туған жері.

Қызметі.

Шығармасы.

1

Ақтамберді жырау Сарыұлы.

(1675 – 1768 ж)

Оңтүстік Қазақстан Қаратау өңірі.

Жырау, қолбасшы,дипломат, қыскаша сөздер шебері

Қабанбай, Бөгенбайларға жыр арнаған.

2

Тәттіқара ақын.

ХҮІІІ ғасыр.

Қостанай обылысы, Урицкий ауданы.

Азатық күрестің азаншысы, жауынгер ақын.

Жәнібек ,Баян, Бөгенбай, Абылай хан туралы жырлаған.

3

Бұқар жырау Қалқаманұлы.

(1684 – 1781 ж)

Павладар обылысы, Баянауыл ауданы

Әйгілі жырау,Абылай хан ақылшысы, абыз.

Бізге жеткен жыры 1200 жол. Өмір, ерлік.ит.б жазған.

4

Үмбетей жырау Тілеу ұлы.

(1706 – 1778 ж)

Оңтүстік Қазақстан обылсы Қаратау өңірі.

Жырау,жыршы.Бөгенбай батыр серігі.

Бұхарға,Бәкеге, Жауқашарға,Жантай батыр,Бәгенбай өліміне,

5

Жанақ ақын.

(1775 – 1846 ж)

Шығыс Қазақстан обылысы, Абыралы ауданында

Суырып салма ақын.ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы өкілі.

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» поэмасын бүгінге жеткізген.

Петр Симон Паллас - Неміс саяхатшысы натуралист 1768 – 1774 ж Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін басқарды. “Ресей мемлекеттерінің әр түрлі аймақтарына саяхат”атты еңбегінде халықтың жағдайы орналасуы туралы баяндалады.

Петр Иванович Рычков - Қазақ тарихын зеттеуде И.П.Рычковтың еңбегі зор. “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “Орынбор тарихы” (1730 – 1750ж)” атты тамаша терең зерттеу еңбектерінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын атап өтті.

Герард Фридрих Миллер - Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін де “Сібір тарихының атасы” атанған Г.Ф.Миллер Қазақ Хандығы туралы Мағлұматтар оқып, зерттеп жүйеге келтірген.

VІ.Сабақты бекіту. («білім жәрмеңкесі» арқылы 10 мин)

Кітап - Бұхар жырау қай ханның кеңесшісі болған?

Қоңырау - Қабанбай, Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау?

Дәптер - Философиялық ойларымен белгілі болған жырау?

Сөмке - И.П.Рычковтың еңбегі?

Балапан - Үмбетей жыраудың жырлары?



VІІ.Үйге тапсырма. (§ 12 оқып тақырып бойынша тест құру ,реферат жазу) 2мин

VІІІ. Оқушыларды бағалау. (1 мин)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет