«Қазақтелеком» АҚ-нан бір көз тәсілімен 2013 жылға тіркелген телефонды байланыс қызметтерді және басқа да коммуникациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың жиынтығы жөнінде хаттама



Дата24.02.2016
өлшемі38.24 Kb.
#11938


«Қазақтелеком» АҚ-нан бір көз тәсілімен 2013 жылға тіркелген телефонды байланыс қызметтерді және басқа да коммуникациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың жиынтығы жөнінде хаттама

Астана қаласы, Уәлиханов көш., 13/1 2012 жыл 29 желтоқсан сағат 15.00

1. Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР ҰБО), мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 13/1, «Қазақтелеком» АҚ-нан бір көз тәсілімен 2013 жылға келесі тіркелген телефонды байланыс қызметтерді және басқа да коммуникациялық қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) сатып алуларын өткізді:

Абоненттік төлем (Қалалық телефон нөмірі) — 20 дана;

Интернетке коммутация жасаушы қол жетім;

Қалааралық сөйлесулер (ҚР);

Халықаралық сөйлесулер;

Төлемді анықтама;

Басқа да қызметтер ҚТБ (ТҚТ);

Ұялы операторлар желілерінде сөйлесулер.

2. Сатып алулар үшін бөлінген сома – 1 003 319,04 (Бір миллион үш мың үш жүз он тоғыз теңге төрт тиын) теңге.

3. 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32 бабының 1 тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 120-п «Бір көз тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы» ҚР ҰБО Бас директордың бұйрығының негізінде, телекоммуникациялық қызметтің нақты телефон нөмірлерінің қызмет көрсету бойынша үйлесімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында және басқа телефондық байланыс операторларының телекоммуникациялық қызмет көрсету бойынша техникалық мүмкіншіліктерінің болмауына байланысты бір көз тәсілі қолданылды.

4. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Заңның 8 бабының 1 тармағымен ескерілген, мамандырылған талаптарға, келесі ұсынылған құжаттардың негізінде сәйкес:

1) Заңның 6 бабымен ескерілген, мемлекеттік сатып алулар жүрісіне байланысты, шектеулердің жоктығын растауымен бір көз тәсілмен Қызметтерді мемлекеттік сатып алуларда қатысуды қабылдауға келісімі туралы «Қазақтелеком» АҚ 29.12.2012 ж. № 8-01 хаты;

2) «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінде «Қазақтелеком» АҚ құнды қағаздарының тұрғаны туралы 2012 жылғы 13 тамыздағы № 10008/1461/12 «Қазақстан қор биржасы» АҚ үзіндісі;

3) «Қазақтелеком» АҚ біліктілігі туралы мәлімет;

4) 2011 жылғы 6 мамырдағы №11000766 қосымшасымен және қосымшаға толықтырулармен жергілікті, қалааралық телефон байланысы қызметтерін, деректерді беру және телеграф байланысын, жылжымалы радиотелефон байланысын, теледидарлық және дыбыстық бағдарламаларды трансляциялау бойынша қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерілік қызметпен айналысуымен «Қазақтелеком» АҚ-на берілген нотариалды расталған мемлекеттік лицензиясының көшірмесі;

5) қызметтер бағасының жазба негіздеуі;

6) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипатамаларын, қызметтер көрсетуінің мерзімдерін және көлемдерін, ұсынылатын қызметтердің сапасына кепілдерін сипаттауымен Қызметтердің техникалық сипаттамасы;

7) «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасының «Қазақтелеком» АҚ «Астанателеком» ҚТО филиалының Бас директорына 2012 жылғы 11 маусымдағы №271 нотариалды куәландырылған Бас сенімхаттың көшірмесі.

8) «Қазақтелеком» АҚ «Астанателеком» ҚТО филиалының Бас директорының «Қазақтелеком» АҚ «Астанателеком» ҚТО Кеңейтілген сервис орталығының бастығына 2012 жылғы 4 шілдедегі нотариалды куәландырылған Сенімхаттың көшірмесі.

5. Қайсымен шарт жасасатын, өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттын бағасы: «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 31) Шарттың жалпы сомасы 1 003 319,04 (Бір миллион үш мың үш жүз он тоғыз теңге төрт тиын) теңгені құрайды.



6. Сарапшыларды тарту туралы ақпарат: сарапшылар тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы бір көз тәсілі сатып алулар деректердің нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамынан (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 31) тіркелген телефонды байланыс қызметтерді және басқа да коммуникациялық қызметтерді сатып алуды.

2) Тапсырыс берушіге - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, 010000, Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 13/1, 2013 жылдың 9 ақпан мерзіміне дейін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасау.



3) Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысына - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қаржы департаментінің Мемлекеттік сатып алулар басқармасы осы хаттаманың мәтінің Тапсырыс берушінің интернет-қорына жіберу.

Бас директор Момынәлиев Қ.Т.
Мемлекеттік сатып алулардың

ұйымдастырушысының өкілетті уәкілі Наржанова Ж.Қ.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет