Қазақтың демократиялық бағыттағы басылымдары олардың көтерген проблемалары



Дата18.12.2023
өлшемі17.17 Kb.
#486850
сро


Қазақтың демократиялық бағыттағы басылымдары олардың көтерген проблемалары
Ұлттық сананы ояту жолында жанын пида еткен ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының қаламынан туған публицистикалық мақалаларда күрделі мәселелер көп. Оның өмірі қоғамдық сілкіністер мен әлеуметтік-таптық қақтығыстарға тап келді. Жазушының идеялық ой-танымы Орынборда 1913-1918 жылдар аралығында шыққан «Қазақ» газетінде түгел қамтылды.
Алдымен Міржақып Дулат­ұлы­ның публицистикалық туын­ды­ла­рын пайда болған уақыт ерек­шелігіне байланысты айқындасақ, бірін­шіден, 1917 жылғы Ақпан төң­ке­рісіне дейінгі – Ресей отар­шыл­дығына қарсы ел үшін, жер үшін күрес кезеңіне байланыс­ты жазылған публицистикалық шы­ғар­маларынан көреміз. Екінші­ден, Ақпан төңкерісінен бастап Қа­зан төңкерісіне дейінгі – Уақыт­ша Үкімет тұсындағы елдегі демо­кратиялық қоз­ғалыстар кезеңіндегі шығармалары болса, үшіншіден, Қазан төңкерісінен бастап, Кеңес өкіметі толық орна­ған­ға дейінгі – Азамат соғысы жылда­рын­дағы большевизмге қарсы кү­рес кезеңіндегі публицистикалық шығар­малары.
1913 жылы 2 ақпанда «Қазақ» газе­тінің алғашқы нөмірі жарық көрген­нен бастап (газеттің редакторы Ахмет Байтұрсынұлы және екінші редакторы әрі жауапты хатшысы Міржақып Дулатұлы) қаламгердің жариялаған қазақ қоғамындағы әде­биет сыны мен діни-рухани-мә­дени мәселелері оның кемел ойлы көсемсөздің шебері екенін айқын танытты. ХХ ғасыр басында «Қазақ» газетінің жарыққа шығуымен бірге қазақ халқының зиялы буыны қа­лыптасты. Олар жақұт жазбаларында ел тағдырын, жер тағдырын, ағартушылық мәселесін қозғады. «Қазақ» газетінің ұстанған өзіндік бағыт-бағдарымен қазақ зиялыла­ры ұлт тәуелсіздігі жолындағы идея­ларын кең қамтып, өз кезеңіндегі заманның күрделі әлеуметтік мәсе­лелерін баспа беттерінде жария­лады. ХХ ғасыр басында қазақ ба­сы­лымдарының ішінен «Қазақ» газеті алдыңғы саптан көрі­ніп, қазақ зия­лы­ларының кемел ойлы көсемдік та­нытқан мақалаларындағы озық ойлары халықтың санасын рухтандырды.
ХІХ ғасырдың екінші жарты­сын­­да қазақ ағартушылары аңсаған білімге үндеу ХХ ғасырдың бас ке­зінде нәти­же беріп, елді азаттыққа ұмтылдыруға жігер берді. Қазақ зия­лылары ел бағы­тын айқындап, тәуел­сіздік жолын нұс­қаған жаңа тұлға­лар іші­нен Міржақып Дулатұлы айрықша көрінді.
1913 жылғы 9 нау­ры­зда №5 нө­мірде, «Қазақ» газетінің дүние­ге ке­луі­мен кұттықтаған Шәкәрім ­қа­­жы Құдай­бердиевтің «Қазақ» құт­ты ­бол­сын!» атты өлеңінде:
Үмітті Орынбордан бала туды,
Қолына жарық сәуле ала туды.
Мақсаты: қараңғыда жүрген халқын
Ойлайды тура жолға қаратуды,
– деп сәттілік тілеген сөздері газет­тің әрі қарай қазақ баспасөзінің көш­басшысы болуына септігін тигізді.
Газеттің дереккөздері мен рухани құндылығы, шынайылық деңгейі оның шығарушылары мен негізгі ав­торлары Ахмет Байтұрсынов пен Мір­жақып Дулатұлының еншісінде болды. Большевиктер бүліншілігіне дейін патша жандармериясының қу­ғын-сүргініне қарамастан «Қазақ» газетінің бес жыл бойы үздіксіз шы­ғып тұруын қамтамасыз еткен қос қаламгердің еңбегі зор. Бұл жайын­да Алаш қозғалысының көсемі Әли­хан Бөкейханов 1915 жылдың 18 сә­уіріндегі «Қазақ» газетінде: «Мәдени жұртта көркем кітап жазып отыратын Ахмет, Міржақып газеттің уақ ісіне есіл ғұмырын байлап отыр» – деп жазды.
Қазақ баспасөзінің көш­бас­шысы болған «Қазақ» газетінің ­ма­териалдары М.Дулатұлының тек жеке өмірінің ғана емес, публи­цис­­тикалық еңбектерінің де дерек­көз­дері болып табылды. Олай бо­луы­ның себебі, «Қазақ» газетінде жұ­­мыс істеген жылдары оның бойы­на біткен бар табиғи публицистік таланты толығымен ашылып, терең білімділігі айқын көрінді деуге болады. М.Дулатұлының «М.,», «М.Д,», «Мадияр», «Түрік баласы» сияқты бүр­кеншік аттармен газет беттерінде үз­діксіз басылып тұрған материал­дары оның ақын-жазушы, саяси күрес­керлігімен қатар, пуб­лицист, сыншы, зерттеуші, тарихшы екендігін де көрсетті. «Қазақ» газетінің бірінші жылғы сандарында көтерілген «ұлттың саяси еркі мен жерін өз қолына түгел алып болып, енді қазақтың өз жеріне, атамекеніне өзін сыйғызбай ығыстыра бастаған ақ патшаның зорлығы; халық санасын ояту мәселесі; қазақ қоғамын темір құрсаудай қысып, бойын жаз­дырмаған ортағасырлық мешеулік; бірін-біріне айдап салып, билей беру мақсатында патша берген болыс­тық билікке таласу; ел қатар­лы өз мүддесін өзінің қорғауына жол бермеген надандық пен саяси құқық­сыздық т.б. ұлттық деңгейдегі басты мәселелер болатын. Осы көтерілген өзекті мәселелер М.Дулатұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жа­риялаған «Жер аудару», «Қазақ жай­­лы», «Шәкірттер жа­йы­нан», «Зем­ство һәм қазақ», «Мек­теп-мед­реселер мәселесі», т.б. мақа­ла­ла­рын­да қазақ ұлтының өмірі, ел ты­нысы жан-жақты бейнеленді.
бейнеленді.
«Қазақ» газеті Орынборда 1913 жыл­дың 2 ақпанынан бастап, 1918 жыл­дың аяқ кезіне дейін шығып тұр­ды. Осы кезеңде газеттің 265 нө­мі­рі жарық көрді. Газет қалыпты кө­лемде, алғашқы кезде жетісіне бір рет, ке­йін үш рет шықты. Ол қа­зақ халқының арасына көп тарап, үл­кен беделге ие болды. «Газет алғаш­қыда 3 мың данамен шықты. Бұл ол уақыт үшін тіптен көп таралым еді... Оппозициялық газет бола отырып «Қа­зақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозға­лыс­тың және бола­шақ «Алаш» пар­тия­сының баспа ор­ганы болды. Жа­рия­ланымдардың отар­шылдыққа қарсы сипаты өкімет орын­дарының наразылығын туғызды. 1913-1916 жылдардың өн бойында газет 26 рет жабылады.
М.Дулатұлының публицистика­лық еңбектері мен өмірінің жаңа кезеңінде 16-ның ойраны, Ақ­пан төң­керісі, Большевиктер бүлін­ші­лігі, ақтар мен қызылдардың қыр­ғыны, кеңестік-тоталитарлық жүйе­нің орнауы осы­лардың бәрі іскер пуб­лицистикаға тән заң­дылық­тар­мен «Қазақ» газетінде толық көрі­ніс тапты. Алаш арысы қазақ хал­қының ХХ ғасыр басындағы әлеу­­меттік жағдайын тұтастай қал­пын­да қабылдап, ұлттық сананы жаңғыр­тудағы өміршең идеялық ойларын «Қазақ» газеті арқылы саралап берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет