ҚазақТҰтынуодағЫ


ТАҚЫРЫП: ФРАНЦИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ



бет12/31
Дата24.02.2016
өлшемі1.27 Mb.
#12999
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

4 ТАҚЫРЫП: ФРАНЦИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ





    1. Францияның классикалық саяси экономиясының ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі.

4.2 Пьер Буагильбер– Францияның классикалық саяси экономия мектебінің негізін салушы.

4.3 Франсуа Кенэнің физиократизміне сипаттама және оның «Экономикалық кестесі».

4.4 С. Сисмонди – экономикалық романтизм өкілі.

П. Ж. Прудон және оның әдістеріне сипаттама.


Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:

  • Францияның классикалық саяси экономиясының ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігін;

  • Франция мектебінің ауыл шаруашылық өндіріс кәсібін идеяландыруын;

  • Пьер Буагильбердің экономикалық көзқарастарын;

  • Физиократизм мектебін құрушы Ф. Кенэ және оның «Экономикалық кестесін».

  • Ұлттық табыс, капитал, өндіріс және тұтыну туралы С. Сисмондидің ілімін;

  • Ұсақ буржуазияның өкілі П. Прудоның теориясын;



4.1 Францияның классикалық саяси экономиясының

ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі.


Францияның классикалық мектебінің ағылшын мектебінен өзгешелігі мыналар; меркантилизм саясатымен аяусыз күрес жүргізді және ұлттардың түбегейлі байлығын сауданы дамытудан және ақшаны жинақтаудан емес, «жердегіні өндіру» арқылы молшылық жасаудан іздеді. Тек егіншілікпен айналысатын еңбек қана өнімді еңбек деп санады, өйткені онда табиғат пен жер жұмыс істейді деген идеяны уағыздады, қозғады.

Францияның классикалық мектебінің өкілі

П. Буагильбер ауыл шаруашылық өндірісін идеаландырып, соны қолдаса, ағылшын мектебінің өкілі У. Петти өнеркәсіпті дамытудың жақтаушысы болды.

Францияның классикалық мектебінің өкілі

П. Буагильбер ақша, тауарлар арасындағы әділетті айырбастың бұзылуына себепкері деді, ағылшын У. Петти ақша экономиканың дамуын қозғаушы күш деп санады.

Сонымен Франция мектебі шағын кәсіпкерлердің мүдделерін білдірсе, ағылшын мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғады.

Физиократтардың Франция мектебі (грекше «табиғат билігі») франциядағы классикалық саяси экономия ағымына дамудың негізгі рөлін ауыл шаруашылық өндірісіне беріп, ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады, ал ағылшын классикалық мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін білдірді. Физиократтар үшін «ақша капиталы» деген ұғым болмады, олар ақшаның өзінен-өзі жеміссіз екендігін дәлелдей келіп, оның тек қана айналым құралы ретіндегі бір ғана қызметін мойындады. Ақшаның жинақталуы қауіпті деп санады, өйткені айналымдағы ақша қорға жиналса, онда оның бар пайдалы жұмысы – тауарлар айырбасындағы негізгі қызметінен айырылады деді.

Сондықтан Францияның классикалық мектебі мынандай қорытынды жасады, өндірудің мақсаты – тұтыну деп санады, сондықтан да тұтыну құнын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ағылшын саяси мектебі өндіргіш күштерді дамытуда капитализмнің басты мақсаты – тауар шығару, сондықтан бағалауға және талдауға негіз етіп айырбас құнын алды.

Физиократтардың «таза өнім» доктринасы тек қана ауыл-шаруашылық өндірісінде пайда болады және салықты белгілі бір кезеңде тек жер иеленушілер ғана төлеуге тиісті деген ұғымдары Францияда капитализмнің дамуын тежеді.

4.2 Пьер Буагильбер– францияның классикалық

саяси экономия мектебінің негізін салушы.


Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты байлықтың көзі ретінде негіздеу.

П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның ойынша ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген пікірі- Францияның экономикалық идеясында XVIII ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. Осы кезде П. Буагильбердің ойы мен танысқан король Людвиг XIV мануфактураны ұлғайтуға мемлекеттік протекция (қолдау) көрсетіп француз тауарларын экспортқа шығаруды қолдады, сыртқы – импортты тежеп, ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары салық салуды заңдастырды. Бұл өнеркәсіп өндірісінің дамуын тежеп, ұлттық шаруашылыққа үлкен зиян келтірді.

Фермерлік ауыл шаруашылық экономикалық қатынас қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйымда салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады.

П. Буагильбер , У. Петти сияқты меркантилистерге қарсы қоғамдық “байлықтың” өзіндік концепциясын берді. Оның пікірі бойынша ақшаның байлығы оның жиналған массасында ғана емес, сонымен бірге қажеттілікті қамтамасыз ететін заттарды – тауарларды (нан, ет, сүт, шарап, киім-кешектер және т.б).. жатқызды. Мұндай “байшылық” жер иеленушілердің жақсылығынан, ақшаның көптігінен емес, жерді өңдеп, оны уақытында дайындап егін егіп, еңбек сіңіріп, өнім алу керектігін, онсыз өмір сүру мүмкін еместігін дәлелдеді.

Жалпы П. Буагильбер бойынша экономика ғылымының басты міндеті тек қана ақшаны көбейту ғана емес, сонымен бірге тамақ пен киімді көп өндіру, яғни У. Петти сияқты саяси экономия пәні өндіріс саласын талдап, айналым саласына қарағанда оның қоғам дамуына, байлықтың өсуіне маңызы жоғары екендігін мойындады. Буагильбердің өндіріс пен айналыс қатынастарын зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі:


  • Шектелмеген еркін бәсеке жағдайында экономиканың тепе-теңдігіне сену;

  • Ұлттық экономика үшін жеке-дара мүддені (жеке меншік), қоғамдық мүддеден жоғары санау;

  • Шаруашылық өмірінде ақшаның маңызы мен ерекшелігін бағаламау;

  • өнеркәсіп пен сауданың маңызын жоққа шығару.

Англиядағы Петти сияқты Буагильбергеде еңбек құны теориясын негіздеуші деген (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді. Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді.

Пьер Буагильбер ауылшаруашылық өндірісі францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті бір жақты көтермелеуге қарсы күресті.

Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді.

Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады деді. Француз экономист-социологтары С.Сисмонди мен П.Прудон жүз жыл өткеннен кейін, классикалық мектептің көп ережелерін (теорияларын) жоққа шығарып, өздерінің реформаторлық бағдарламаларында П.Буагильбердің идеяларын қолдады. Мысалы С.Сисмонди халықтың қал жағдайын жақсартуды үкіметтен күтті, утопиялық тілектер мен ғылыми- техникалық прогресс сәйкес келмейтіндігін түсінбеді.

П.Прудон ақшаны жоюды қолдады, утопия мен анархияға толы реформаторлық идеяларды да мойындады.

Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет