азық далада бір үйшік тұр.
Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді.
Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын. — Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын
. — Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін
. — Кел, бізбен тұр! Енді олар төртеу болады. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын
. — Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін. — Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын. — Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге! Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық. Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
Дерек көзі: https://erketai.kz/ertegiler-alemi/uishik-oris-halik-ertegisi/
Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын!
– Мен бақылдауық бақамын.
– Мен қорқақ қоянмын!
– Мен қу түлкімін!
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын!
Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 71 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Достарыңызбен бөлісу: |