Азимбаев Ж. А., Нуржан Н. Н. ТоғЫЗҚҰмалақ ойынын үйрену әдістемесі



бет13/15
Дата20.05.2022
өлшемі0.66 Mb.
#458152
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тогызкумалак уйрену адистемеси

Ойын нәтижелерін есептеу





  1. Ойын қарсыластың біреуі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинағанға дейін ойналады.

  2. Ұтысқа ие болған ойыншыға – 1 ұпай, ұтылған ойыншыға - 0 ұпай беріледі. Егер ойын тең аяқталса екі ойыншы да 0,5 ұпайдан алады.

  3. Ойын аяқталған болып есептелінеді, егер:

  • ойыншы ұтылғанын мойындаса;

  • ойыншы берілген мерзім ішінде тиісті жүрістерді жасап үлгермесе және қазанындағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса;

  • ойыншы ойынды жалғастырудан себепсіз бас тартса;

  • ойыншылардың бірі немесе екі ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келсе;

  • екі ойыншының бірі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинап үлгерсе.

  1. Егер қарсыластардың бірі ойынға келмесе немесе 30 минуттан аса кешігіп келсе, ойын хаттамасына ойында болған ойыншының тұсына (+), ал келмеген ойыншының тұсына (-) белгісі қойылады. (+) белгісі 1 ұпайға тең.

Бұл белгілердің ерекшелігі спортшыларға кезекті спорттық дәрежелер бергенде ескерілмейді.

  1. Егер екі ойыншы ойын аяқталғанда қазанына 81-ден құмалақ жинаса, ойын тең аяқталды деп есептелінеді.

  2. Ойын барысында екі ойыншының өзара келісімі бойынша ойын тең аяқталуы мүмкін.

  3. Уақыты таусылған, бірақ қазанына 82 және одан да көп құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.

  4. Ойыншы тең ойынды тақтада жүріс жасағаннан кейін, сағатын баспай тұрып ұсынады. Ұсынылған тең ойынды әр ойыншы жазу бланкаларында арнайы (=) белгісімен белгілейді.

  5. Ойын барысында ойыншы тең ойынды қарсыласына бір рет қана ұсына алады.

  6. Ойыншы жарыстан шығып кетсе немесе шығарылса:

    1. Айналма жүйемен өткен жарыстарда:

а) егер ойыншы жалпы ойын санының жартысынан кемін өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінен алынады;
б) егер ойыншы жарыстың жартысынан артық ойын өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынады. Тек онымен кездесуге тиісті ойыншыларға (+) белгісі қойылып отырады.

    1. Реттелмелі швейцар жүйемен өткен жарыстарда:

а) ойыншының ұпайлары жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынып, тек нақты ойналған ойындарының ұпайлары ғана есепке алынады.


Ойын сағаты туралы



  1. Ойын сағаты дегеніміз шектеулі мерзім ішінде жасалған тиесілі жүрістерді бақылауға арналған қос циферблатты сағаттар.

  2. Жарыс барысында ойыншыларға төрешілердің рұқсатымен сапалы ойын сағаттарын таңдау артықшылығы беріледі.

  3. Әр жарыстың ережесінде сол жарыста қолданылатын шектеулі мерзім өлшемдері белгіленеді.

  4. Жарыс барысында әр ойыншыға тиесілі төмендегідей шектеулі уақыт мөлшерлері қолданылады:

а) 2 сағаттан беріледі;
б) 30 жүріске 1 сағат 30 минут және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;
в) 20 жүріске 1 сағат және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі; г) 1 сағат 30 минуттан беріледі;
д) 1 сағаттан беріледі; е) өзге де мөлшерлер.

  1. Төреші сағатты қостаушы ойыншының оң жағына қояды. Кезекті ойын басталғаны туралы хабарланғанда бастаушы ойыншылардың сағаттары іске қосылады.

  2. Ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін қанша уақыт кешіксе, сол уақыт ойлануға берілген уақыт есебінен есептелінеді. Кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келген ойыншыға жеңіліс жарияланады.

  3. Ойыншы тақта үстінде кезекті жүрісін жасағаннан кейін өзінің сағатын тоқтатып, қарсыласының сағатын іске қосуы тиіс. Сағатты саусақтың ұшымен ғана іске қосады, оны ұрып іске қосуға тиым салынады.

  4. Ойыншы сағатты жүріс жасаған қолымен іске қосады.

  5. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамай, қарсыласының сағатын іске қоса алмайды.

  6. Ойын барысында ақауы бар сағаттар алмастыруға жатады.

  7. Егер ойын сағатсыз басталып, төреші сағатты кейінірек қоятын болса, онда бақылау сағатында қалған уақытты тең екі бөлікке бөліп қояды. Сағат ойын аяғына қарай қойылса, онда төреші екі ойыншыға да 15 минуттан кем уақыт қоймайды.

  8. Сағат жалаушасын құлатып, қазанына 81-ден кем құмалақ жинаған ойыншы ұтылды деп есептелінеді.

  9. Бақылау сағатындағы жалауша құлағаннан кейін төреші сағатты тоқтата тұрып, ойыншылардың тиесілі жүрістерді жасағандарын тексереді.

  10. Ойын соңында екі ойыншының да жалаушалары бір уақытта құлап, кімнің жалаушасы бірінші құлағанын анықтау мүмкін болмаса, онда төреші екі ойыншыға қосымша 5 минуттан уақыт бере алады.

  11. Ойыншы төрешіге өтініш білдіру үшін сағатты тоқтатуы мүмкін. Төреші ойыншының өтінішін негізсіз деп тапса, онда сағатты тоқтатқан ойыншыға жаза түрі қолданылады.

  12. Ойыншы тиісті жүрістерді белгіленген уақыт мөлшеріне жеткізбей жасаса, онда қалған уақыт мөлшері ойыншының келесі жүрістер жасау үшін қажет уақыт қорына қосылады.

  13. Ойыншыға ойын уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі қатардағы төреші жасаған жүрістерін қадағалайды. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін қарсыласы сағат тілін басқаннан кейін ғана жасайды.

  14. Егер ойын барысында сағат төрешінің қателігінен тоқтатылса, онда ойын ары қарай жалғастырылады.

  15. Жарыс төрешілері жарыс барысында туындаған кез-келген даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешуге ұмтылғандары абзал.



Ойынды кейінге қалдыру



  1. Жарыстың Бас төрешілер алқасы белгілі себептерге байланысты (маңызды іс-шараларға қатысу, дәрігердің қабылдауында болу, т.б.) ойынды кейінге қалдыруға шешім қабылдай алады.

  2. Егер белгілі бір себептермен аяқталмай қалған ойынды жарыстың Бас төрешілер алқасы кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдаса, онда жүріс жасайтын ойыншы өзінің жүрісін құпиялы түрде бланкіге жазады.

  3. Төреші екі ойыншының қатысуымен олардың жазу бланкаларын конвертке салып, желімдейді. Жазу бланкаларында ойыншылардың, сонымен бірге құпия жүріс жасаған ойыншының аты-жөні, құпия жүріске дейінгі тақтадағы жағдай, жүрістің реттік саны, пайдаланылған уақыт мөлшерлері жазылады. Конверттің бүтіндігі мен сақталуына қатардағы төреші төреші жауапты. Төреші конвертті ашпас бұрын оның бүтіндігін екі ойыншыға көрсетуі тиіс.

  4. Ойынды жалғастыру кезінде тақтадағы соңғы жағдай қалпына келтіріліп, сағатта екі ойыншының пайдаланған уақыттары қойылады. Конвертті ашқан төреші құпия жүрісті ауызша оқып, жүріс жасайтын ойыншының сағатын іске қосады. Жүріс жасаушы ойыншы жазылған құпия жүрісті жүруге міндетті.

Блиц және рапид



  1. Төрешілер блиц және рапид ойындарына қатысушылардың санына байланысты жарысты өткізу жүйесін белгілейді. Қатысушыларды рейтинг көрсеткіштері бойынша арнайы кестеге тіркейді.

  2. Ойын барысында жазу бланкалары толтырылмайды. Бақылау сағаты қостаушы ойыншының оң жағына қойылады.

  3. Блиц ойынында әр ойыншыға 7 минуттан, ал рапидте әр ойыншыға 20 минуттан уақыт беріледі. Қосымша уақыт беру төрешінің құзырында.

  4. Әр жұпқа бір төреші тағайындалады. Төреші екі ойыншының ойынға дайын екенін растағаннан кейін сағатты іске қосады.

  5. Ойыншылар ойын басында құмалақтардың тақтада дұрыс орналасуын тексереді, себебі ойын басталғаннан кейін наразылықтар қабылданбайды.

  6. Ойын барысында ойыншы қолы тиген отаудан жүруге міндетті емес. Ойыншы құмалақтарды реттеп қоюды өз уақыты есебінен жүзеге асырады.

  7. Ойын барысында құмалақтарды шашып алған ойыншы оларды өз уақыты есебінен қалпына келтіреді.

  8. Ойыншының кезекті жүріс жасау кезінде сағатының жалаушасы құласа, ол жүрісті аяғына дейін жасайды.

  9. Сағат тілінің құлағаны жөнінде төреші немесе екі ойыншының бірі ғана айта алады.

  10. Электронды сағаттарда уақыт көрсеткіші 00:0000 (сағат-минут-секунд) болғанда, төреші уақыттың аяқталғаны жөнінде хабар береді.



Наразылық туралы

  1. Команда өкілі немесе жаттықтырушы кезекті ойын аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жарыстың Бас төрешісінің атына және жүгіну алқасына наразылық хатын түсіре алады.

  2. Нәтижелері көрсетіліп, қолдары қойылған ойындарға байланысты наразылықтар қабылданады, бірақ қаралмайды. Себебі, ойыншылардың жазу бланкаларына қойған қолдары сол ойынның қорытындысын мойындағанын білдіреді.

  3. Келесі ойынның жеребесі жасалғаннан кейін түскен наразылықтар қабылданбайды және қарауға жатпайды.

  4. Наразылық беруші тарап 1000 теңге көлемінде жарна төлеуге міндетті. Жарнасыз наразылықтар қарауға жатпайды.

  5. Наразылық қанағаттандырылған жағдайда жарна қайтарылады, ал кері жағдайда төрешілердің еңбек ақысына беріледі.

  6. Наразылық хаты түскеннен кейін Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасы жиналыс өткізіп, наразылық бойынша шешім қабылдауға міндетті.

  7. Бас төрешілер алқасы команда өкілін немесе жаттықтырушысын наразылық бойынша қабылдаған шешіммен таныстыруға міндетті.

  8. Бас төрешілер алқасының наразылық бойынша қабылдаған шешімі қайта қарауға жатпайды.

  9. Наразылық хаты түспей, ойын аяқталғаннан кейін ойын бланкасына 30 минут ішінде қол қоймаған ойыншыға ескерту беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет