«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша
Түсінік хат
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 10-11 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты (қысқартылған оқу жүктемесімен ҮОЖ ҚР БжҒМ №125 бұйрығы бойынша инвариантты компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні) немесе аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты (жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ ҚР БжҒМ №415 бұйрығы бойынша вариативті компоненттің «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы ішінде) құрайды. [21,22]
Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;
оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
Пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;
Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;
оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;
практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.
Синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on- line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;
Пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
«Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;
білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.
Клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.
Оқу материалының мазмұны оқу процесін геймификациялау (ойын техникасы), жобалық оқыту және кейстік жұмыс қағидаттарына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |