Республикадағы екінші
Жетпісінші-сексенінші жылдар Қарағандының экономикалық өркендеуі тәрізді әлеуметтік-мәдени өміріне, сондай-ақ ғылым мен білім саласына келелі табыстар әкелген айтулы кезең болды. Егер бұл күнде астана мен облыс орталықтары түгілі аудан орталығының өзінде университет пен академия деп аталатын түптегі шикі оқу орындары көптеп саналғанымен, сол 70-ші жылдың басында Қазақстанда білімнің іргелі қарашаңырағы, баршаның мақтанышы Алматыдағы жапғыз ғана Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті болатын.
Ел экономикасының дамуы, республикамыздың орталық және солтүстік өңірлеріне білікті маман кадрлар даярлау мақсатында Қарағандыда 1972 жылы университет ашу туралы шешім қабылданды. Бұл республика көлеміндегі аса маңызды оқиға еді. Болашақ университеттің іргетасы сол 1972 жылы қаланың жаңа дамып келе жатқан Оңтүстік-Шығыс бөлігінде қаланды. Жаңа университеттің болашақ ғимаратының алғашқы тасын қалауға арналған үлкен салтанат өтіп, оған академик-жазушы Сәбит Мұқанов арнайы келді. Университеттің тұңғыш ректоры болып, Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы; профессор, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, СССР Жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы Бөкетов тағайындалды.
Алғашқы оқу жылында университеттің биология, тарих, математика, химия, физика, филология, экономика, заң факультеттерінде 4820 студент оқыды. Оларға 38 кафедрада 280 ұстаз-оқытушы дәріс берді. Бұлардың ішінде 4 ғылым докторы, 82 ғылым кандидаты болды.
Қарағандыдағы политехникалық, медициналық институттардың да материалдық-техникалық базасы осы жылдары нығайды. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, 1958 жылы политехникалық институттың I курсына күндізгі бөлімге 425 студент қабылданса, 1983 жылы 3075 студент оқуға түсіп, 1807 инженер даярланып шықты. Осы жылдары институтта бір мезгілде 19 мыңнан аса студент білім алды. Оларға 919 оқытушы дәріс берсе, оның 40 пайызынан астамының ғылыми атақтары болды. Атап айтсақ, сексенінші жылдардың басында Қарағанды политехникалық институтында 20 профессор, ғылым докторлары, Қазақ ССР Ғылым Академиясының екі мүше-корреспонденті еңбек етті.
Институттың өркеңдеп, оның оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуына, материалдық-техникалық базасын нығайтып, мамандардың жоғары біліктілігін қамтамасыз етуде институт ректоры, Еңбек Ері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілқас Сағыновтың еңбегі зор болғандығын ерекше атап өтуге болады. Өзінің 45 жылға созылған инженерлік және ғылыми-педагогикалық қызметінде ол техникалық прогресті игеру мен көмір өнеркәсібін дамытуға және инженер-техник кадрларын даярлауға елеулі үлес қосты.
Негізі 50-жылдарда қаланған медициналық институт та 70-80-ші жылдары өсіп-өркендеді. Осы оқу орнының аяғынан қаз басып тұруына, оның білікті маман-дәрігерлер даярлауда жоғары табысқа жетуіне институттың алғашқы ректоры Петр Поспеловтың сіңірген еңбегі үлкен. Орталық Қазақстандағы осы оқу орнын басқарған ширек ғасырға жуык, мерзім ішіңде ол Қарағанды медицина институтын республикамыздағы алдыңғы қатарлы медицина мамандарын даярлайтын іргелі оқу орнына айналдыра білді. Институт мамандары тек білікті дәрігерлер даярлап қана қоймай, Қырым мен Кавказдың шипалы курорттарына пара-пар жергілікті іргелі емдеу-сауықтыру орындарын да ашуға ықпал ете білді. Жер асты пайдалы минералды сулары мен емдік к.асиеті бар саздарды тиімді пайдалана отырып облыс аумағында Жосалы, Шалқия тәрізді шипажайлардың өмірге келуіне мұрындық болды. Қарағанды медицина институтының тулектері республика түгілі, бұрынғы Одақ бойынша жоғары бағаланды. Себебі, мединститут өзі алғаш ашылған кезден бастап адам жанының арашашыларына терең білім мен жақсы тәжірибе беруді қамтамасыз етті. Сондықтан да болар, бұл күнде алыс және жақын шетелдерде жемісті қызмет атқарып жүрген Қарағанды мединститутының түлектері аз емес. Қарағандының жоғары білім жүйесі бір орында тоқырап қалған жоқ. Жоғары мектептер қатары уақыт озған сайын толығып отырды. Мұның өзі Қарағандының ел өміріндегі алатын орнына байланысты болды. Республиканың орталық және солтүстік өңірі үшін Қарағанды қаласы шын мәнісінде іргелі білім орталығы ретінде танылды. Барлык. таланттар, әсіресе, техникалық білім саласы бойынша талапкерлер Қарағандыға тоғысты. Әрі Қарағанды қаласында республикамыздағы ең көп ғылыми-зерттеу институттары шоғыры қалыптасты. Олар Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институттарының бөлімшелері әрі құрамдас бір бөлігі ретінде жұмыс атқарды.
1966 жылы республикамыздағы тұңғыш сауда-кооператив институты да Қарағандыда ашылды (қазіргі Қарағанды экономикалық университеті). Ал 1970 жылдың тамызында дене тәрбиесі педагогикалык. институты құрылды. Сол жылы СССР ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебі (қазіргі Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ заң институты) өмірге келді. Ол жалғыз Қазақстан үшін ғана емес, көрші Қырғызстан үшін де мамандар даярлаған оқу орны болғандығын айта кету керек. Тағы бір жетістік -ашты.
Ғылым мен білім саласындағы 70-ші жылдардағы келелі ілгерілеушілік сексенінші жылдары одан әрі жалғасты. 1983 жылы Қарағандыда Қазақ ССР Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің құрылуы облыс қана емес, жалпы республикамыздағы елеулі оқиға болатын. Республика Ғылым Академиясы бөлімшесінің Қарағандыда ашылуы аймақтың еліміздің өміріндегі алатын орнының үлқен екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қарағанды Алматыдан кейінгі ғылыми потенциалы жағынан екінші қала екендігін тағы айғақтады. Ал индустриялық дамуы жағынан республикада көш басында тұрды.
Республика Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің алғашқы құрамына ҚазССР академиктері А.Абдуллин, Т.Әшімбаев, Б.Боровский, Е.Бөкетов, С.Қожахметов, Ә.Сағынов, Б.Суворов, ҚазССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшелері Д.Әбішев, И.Байтуллин, Ш.Балғожин, М.Ермеков, З.Молдахметов, И.Попов енді. Бөлімшенің академик-секретары болып Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі З.Молдахметов бекітілді.
Қарағандының ғылыми әлеуметі дамыған және жоғары мектебі өскен 70-80-ші жылдарды еш ұмытуға брлмайды. Сол мектептен сан жүздеген білікті мамандар, ғалымдар өсіп жетілді.
...Көз алдымызға сонау 1972 жылғы қаланың жартылай құлазып жатқан Оңтүстік-Шығыс аумағындағы республикамыздағы екінші университеттің іргетасы қаланған сәт келеді. Осы салтанат туралы газетімкзге журналист әріптесіміз Матай Айнабеков оқиға ізімен көлемді репортаж жариялаған. Бұл күнде Оңтүстік-Шығыс аумағы өсті. Осыдан § 32 жыл бұрын университеттің алғашқы' кірпіші қаланса, бүгінде ол студенттер қалашығына айналды. Университеттің жатақханаларынан бастау алып жоғары өрлеп, жаңа корпустар орналасқан үлкен даңғылдың халқымыздың ардақты ұлы Сәбит Мұқанов есімімен аталуының өзінде де бір мән бар-ау. Кезінде ақжол тілеп, тұңғыш тасын қалаған академик-жазушы есімімен осы көшені атаймыз деп арнайы талпынбасақ та жаратқанның өзі Сәбит аруағын Қарағанды университетімен сабақтастырғанына риза боласың.
Аман ЖАНҒОЖИН,
Ермағамбет ЛҰҚПАН.
Достарыңызбен бөлісу: |