Турбаева Меруерт Кайрбековна



Дата13.12.2023
өлшемі55 Kb.
#486483
Турбаева М.К


Студент: тұлғалық кескіні, азаматтық - адамгершілік сипаттамасы


М.К Турбаева

Студент /латынша Studens - шұғылданушы, оқып білуші, үйренуші/ - Қазақстанда жоғарғы оқу орнының білім алушысы. Ежелгі Римде танымдық жұмыспен айналысқан адамдарды “Студент” деген. Қазір бұрынғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында оқушыларды да “студент” деп атайды.


Студент - жастардың шығармашылық, танымдық – ізденімпаздық қабілеті жоғары, студенттер тобы - өзін қоршаған әлеуметтік орта, қоғамдық болмыс туралы өзіндік ішкі ой- пікірлері жүйелі қалыптасып келе жатқан белсенді топ болып танылады. Сондықтан да болар, кез-келген қоғам үшін студенттер оның интеллектуалдық потенциялын үнемі толықтырып отыратын қайнар көзі болып табылады.
Жоғары білім берілетін негізгі субьект бұл жоғарғы оқу орнында оқитын студент екені сөзсіз. Жоғары білім беру – бұл қоғам мүшелерінің, жеткіншек ұрпақтың адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екені анық.
Білім беру – бұл ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту [1].
Оқу іс-әрекетінің субьектісі - студенттің негізгі психологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: ақыл-ой, адамгершілік тұлғасының толысуы; сенімділік, дүниеге қалыптасқан көзқарас; жаңаны сезіну-қайсарлық, табандылық; болашаққа сенімділік көзқарас; өз беттілік, бірбеткейлік; сыни қарау және оқу орындарындағы тәртіпке деген сыни көзқарас; сондай ақ дөрекілік, ересектердің ақыл-кеңестерін қабылдамау тәрізді жағымсыз қылықтардан аулақ болу; ақыл-ой және танымдық мүмкіндіктер шыңы; жауапты шешім қабылдау: мамандықты таңдау және маман болу, өмірде өз орын таңдау; отбасын құру, жыныстық аймақтағы белсенділік. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып студенттердің оқу іс-әрекетіне тоқталсақ, бұл кезеңде оқу іс әрекеті өзгермелі келеді, яғни оқу әрекеті ғана емес, пәндер және оқытушылардың саны көбейеді, әр оқытушы өзінің пәнін оқыту әдістемесіне сәйкес студенттің оқу іс-әрекетіне түрлі талаптар қояды, осының барлығы алғаш жоғары оқу орнына білім алуға түскен студенке қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Жоғары сыныптарда бала оқулықтан оқып, мұғалімінің айтқанын қайталап оқитын болса, енді жоғары оқу орнында студентке тек бағыт-бағдар ғана беріліп, оқытудың кредиттік жүйесімен білім алуына тура келеді. Білім алу барысында ғылым негізін танып, сусындай бастайды. Жаңа ғылым салаларымен танысады, өзін қызықтыратын ғылымдарды терең зерттейді. Ашылған жаңалықтарды оқып ғылымның қызығына кенеледі. Жаңа мағлұматтармен танысу мақсатында кітапханаларға барып, ғаламтор желісіне кіріп өзінің білімін кеңейте түсуіне мүмкіндіктер ашылады.
Егер де студенттер өздері бір жаңалық ашып, тәжірбие жүзінде сабақ өткізілсе, қызығушылығы артып, белсенді іс-әрекетке түсіп, оның оқуға деген қатынасы жақсарады. Студенттің білім алу кезінде курстары жоғарылаған сайын білім ауқымы кеңейіп, өз бетімен жұмыс атқаруына тура келеді. Дәріс, семинар, практикалық сабақтар, коллоквиум, бақылаулар саны арта түседі. Білімді меңгерудің қорытындысы негізінде курстық жұмыстар, рефереттар, баяндамалар, ең соңында дипломдық жұмыс жазып қорғайды. Жоғары оқу орнында білім алып жүрген студент тек білім алып қана қоймай қоғамдық шараларға қатысуына, дебаттық клубтарға, спороттық қосымша секцияларға, студенттік ғылыми конференцияларға қатысуына мүмкіндігі болады. Студенттің бойында осындай қызығушылықтарды оята білу әрине оқытушыларға да байланысты [2].
Студенттің ойлау әрекетінің негізгі ерекшелігі - абстрактылы ойлауы. Бұл кезеңде студенттер қарым-қатынасқа түсуге талпынады, яғни құрбылармен қарым – қатынасқа түсуді өте қажет етеді. Шынайы достық осы кезде пайда болады. Жалпы қызығушылықтары, өмірге көз қарасы бірдей т.б. қасиеттеріне байланысты дос іздейді. Оларда екі түрлі қатынас басталады, бірнеше ұжым арасында, достарымен, курстастарымен қарым - қатынас, екінші – 2-3 адам арасындағы достық немесе қыз бен ұл бала арасындағы қызығушылық, ұнату сезімі болады. Достық жастан жасқа ұлғайып, белгілі бір сезімге әкеледі. Ұрысты ауыр көтереді. Достыққа олар үлкен мән береді, есейген шақта махаббат сезімі пайда болады. Бұған қарсы тұруға болмайды, күлкіге де айналдырудың қажеті жоқ. Оқытушыларға, әсіресе кураторларға қарама-қарсы жыныс туралы және де жыныстық қатынас туралы, қыздар мен ұлдар арасындағы айырмашылықты, сыйласымдылық туралы әңгіме жургізуді ұйымдастыру керек, ол шын жүректен айтылуы өте маңызды. Әрине жекелей әңгіме жүргізуге болады. Студенттік шақта балада ерік қасиеттері қалыптасады, өз қалағанын істеу, мақсатқа жетуге күш салу, қиыншылыққа төзе алуы дамиды. Бұл кезеңде ол өз еркімен әр түрлі әрекеттер жасайды. Жоғарғы сыныпта бала өз еркімен кей жағдайда ғана белгілі іс-әрекет жасап, негізінен оқытушының айтқанын орындайды. Ал студенттік шақ кезеңде көбінесе өз еркімен мақсат қойып, іс-әрекетін өзі жоспарлайды. Бірақ олар барлық жағдайды өз еркімен шеше бермейді, мысалы, өз еркімен ұнамаған сабақты жасамай қоюына, жалқаулық танытуына болмайды. Олай болса, студенттер жан-жақты сапалы білім беру, жалпы жоғарғы білім беру желісін жетілдіру - оны барынша ізгілендіруді, гуманитарландыруды, жас жеткіншек ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тәрбие беруді жаңартуды талап етеді. Студенттердің жеке тұлғасының, кемелділік бітім-болмысының қалыптасуына тек білім мен тәрбие беру үрдісі ғана әсер етпейді. Олардың жеке тұлғаларының қалыптасуына өзі өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған қоғамдық орта, микроорта - нақты қоршаған орта, отбасы, ұжым, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, оқу орны, көше, дос-жарандары тағы басқалары ықпал ететіні бізге мәлім. Сонымен қатар студенттің ағзасы да анатомия-физиологиялық өзгерістерге ұшырайды, бұл кейбір психологиялық ерекшеліктерінде байқалады. Адам ағзасы үнемі өсіп жетіліп отырғандықтан ағзада өзгерістер болып отырады. Студенттердің көпшіліктері ауылды мекендерден келіп оқиды. Тұрғылықты жердің өзгеруі де адам ағзасында түрлі өзгерістерге әкеп соғады. Студенттің бұрынғыдай ата-анасының жанында болмағандығынан оның күн тәртібі, тамақтануы,ұйықтап, дем алу мерзімдері өзгереді. Бұның өзі жас ағзаның дамуына кедергілерін тигізуі мүмкін [3].
“Біз адамды еңбекке, басқа да адамдарға, өзіне белгілі бір қатынас қалыптасты деп айтқанымызда, – дейді Россия Ғылым Академиясының академигі А.А. Бодалев, - осы қатынастардың астарында келесі бір жайттардың бар екенін білуге тиіспіз, олар: 1) адамда көзқарастың белгілі бір жүйесінің қалыптасқандығы; 2) ол үшін осы әлеуметтік құндылықтардың әрқайсысына сезімталдықпен жауап қайтарудың қалыптасуы; 3) ол үшін қажетті қасиетке айналған еңбек ету, қарым-қатынас жасау, т.б тәсілдерге тәрбиеленуі”.
Жоғарыда айтылғандарға негізге ала отырып жоғары оқу орнында оқытып, тәрбиелеудің басты міндеті – студенттерді жаңа қоғамдық қатынастар, нақтырақ айтқанда, нарықтық қатынастар мен қазіргі бәсекелестік жағдайында еңбектенуге қабілетті, алған теориялық білімдерін нарықтық жағдайда қолдана білетін, жан-жақты, әрі үйлесімді жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Студенттердің жеке басының қалыптасуы - өте күрделі үрдіс екені сөзсіз. Өйткені, студенттер де қоғамның белгілі бір тарихи формасының жемісі. Олай болса, студенттердің жеке басының қалыптасуы туралы пікірлер тұлғаның қалыптасуы жөніндегі ғылыми теорияға сүйене отырып, адамдарды /яғни студенттерді/ қоғамдық қатнастардың жиынтығы ретінде қарастырады.
. Әрбір жеке адам, соның ішінде студент- дара тұлға. Жеке тұлғаны үш түрлі өлшеммен сипаттауға болады: адамның дүниемен байланысының ауқымымен, олардың сатылану дәрежесімен және олардың орталық құрылымдарымен сипатталады [4].
Қорыта айтқанда, дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат бар. Әркімнің жеке басына тән өзіндік қайталанбас ерекшеліктері, атап айтқанда, тек өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, дағдысы, бет-пішіні, түр-сипаты, азаматтық-адамгершілік қадір-қасиеттері бар.
Мұнда ең алдымен адамның бойындағы даралық, кісілік қасиеттерінің жоғарыда талдап көрсеткеніміздей, үш деңгейде болатындығын аңғару керек.

  1. Әрбір адам – ең алдымен адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы адамзаттық қасиеттері болады. Олардың қатарына қуану, қайғыру, болжамдылық, ананы сүю, арамдық-зұлымдықтарға, әділетсіздікке теріс қараушылық, махаббат, жеккөрушілік, әділдікті ұнату т.б. көптеген рухани – психологиялық қасиеттер жатады.

  2. Әр адамның физиологиялық ерекшеліктерінен өзге жоғары жүйке-жүйесінің қызметінен туындайтын және оның тек өз басына тән психологиялық ерекшеліктері бар. Бұлар оның мінез-құлқында, сезім көріністерінде, қызба жандылығында, қимылдары мен жүріс-тұрысында, сөйлеуінде, өзгелермен қарым-қатынасында байқалады.

  3. Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, белгілі дәрежеге жеткен материялдық және рухани мәдениет жемістерімен сусындап өседі. Оның шыққан әлеуметтік ортасы болады. Осылардың барлығы қосыла келе адамның жан-дүниесінде өзіндік ізін қалдырады.

Сонымен, дара тұлға дегеніміз туа берілмейтін, өмір барысында қалыптасқан жаңа қасиеттері белгілі тарихи-мәдени ортада өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттері бар, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған әрекет субьектісі. Басқаша айтқанда, ол өзі өмір сүріп отырған қоғамның өмір тәжірбиесі мен мәдениет жетістіктерін бойына сіңіріп, жан-жақты әрі үйлесімді кемелденген тұлға, жетілген адам. Студенттердің жеке басын дара тұлғалық, кісілік деңгейге жеткізе қалыптастырып, дамытатын орта - ол жоғарғы оқу орны, оның ұжымы, профессор-оқытушылар қауымы, оқу-тәрбие үрдісі оның жеке басының ғылыми зерттеулер мен қоғамдық істерге белсене қатысуы, яғни өз бойында белсенді өмірлік позицияны қалыптастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі деп айта аламыз. Бұл үрдісті студентті әлеуметтендіру үрдісі деп атауға да болады. Себебі әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес, керсінше, оның белсенді қатысуымен, өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іске асырылады [5].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Психология. Полный энциклопедический справочник под редакций Б.Г. Мещерякова, В.П. Зинченко. Санкт-Петербург 2017

  2. Т.С. Сламбекова Педагогикалық психология.-Семей., 2017

  3. Асеев В.Г. Возрастная психология. Иркутск, 1989

  4. Братусь Б.С. Психологические аспекты нравственного развития личности. –М., 1977

  5. Донцов А.И. Психологическое единство коллектива.- М., 1986

В данной статье рассматривается студент – как личность, его морально-нравственные, духовные качества. С психологической точки зрения- это смысловые компоненты которые способствуют интенсивному обучению студента.




In this article the student of writhes- are person morality qualities. The psychological vision – that is a minnow components with intensive learning of student.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет