Қала туында келісті орден Қазыналы қарашаңырақ



Дата17.07.2016
өлшемі41.5 Kb.
#206266
Қала туында келісті орден

Қазыналы қарашаңырақ

СССР Жоғарғы Советі Президуымының Жарлығы Қарағанды қаласын Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтау туралы
Қала еңбекшілерінің социалистік құрылыста сіңірген еңбегі үшін, олардың елді индустрияландырудағы зор ролі мен Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын талқандауды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі атап өтіле отырып, Қарағанды қаласы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталсын
Москва. ремль, 6 сәуір 1984 ж.


Сексенінші жылдардың ортасына қарай Қарағанды облысы мен оның орталығы өзінің экономикалық және әлеуметтік даму тарихында шырқау биікке шықты дей аламыз. 1983 жылғы желтоқсан айында 6олып өткен XXIII облыстық партия конференциясында жасалған есепті баяндамада бесжылдықтың басынан бері облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 10,7 процент, еңбек өнімділігі 3,9 процент артқандығы айтылды. Бассейнде 138 миллион тонна көмір өндірілді, оның 1 миллион тоннасы жоспардан тыс. Күн тәртібіндегі көкейтесті ғылыми-техникалық проблемаларды шешуде Қазақстан Ғылым академиясының жаңадан құрылған Орталық Қазақстан бөлімшесіне үлкен үміт артылады. Шұбаркөл кен орнының ашылуы арзан, ашық әдіспен көмір өндіруді едәуір арттыруға мүмкіндік бермек. «Орталық» әуежайда ұшу-қону алаңы іске қосылып, басқа да объектілер салынғандықтан алып ұшақтарды қабылдай алатын болдық. Сол жылдары Ертіс-Қарағанды каналынан Жартас су қоймасына қарай су құбыры тартылды. Мұның өзі облыс орталығы мен серіктес қалаларды суармалы алқаптың көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге жағдай тудырды. Әлеуметтік-мәдени өмірде де елеулі өзгерістер болып жатты. Екі мың көрермендік Цирк ғимараты іске қосылып, симфониялық оркестр құрылды. Сөйтіп Қарағанды шын мәнінде республиканың Алматыдан кейінгі екінші ғылым-білім орталығына айналды. 1983 жылдың ақпанында халқының саны 600 мың адамға жетіп, халық саны жөнінен де республикада екінші орынға бекем орнықты.

Қарағандылықтардың сонау отызыншы жылдардан басталған қажырлы еңбегі, Ұлы Отан соғысы кезінде неміс-фашист басқыншыларын талқандауға қосқан үлесі сол кездегі одақтық үкімет тарапынан лайықты бағаланды. 1984 жылғы 6 сәуірде қала Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Бұл кезде еңбекшіл Қарағанды өзінің ол қала мәртебесін алуының 50 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алып, үлкен салтанатпен атап өткелі жатқан.

Отанның жоғары наградасын тапсыруға СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, халқымыздың ардақты ұлы Д.Қонаевтың өзі келді. 22 мамырда Кеншілердің Мәдениет сарайында осы оқиғаларға байланысты салтанатты жиналыс болып өтті. Дінмүхамед Ахметұлы қарағандылыкдарды жоғары наградасымен жылы құттықтап, жарқын сөз сөйледі.

Ол Қарағандының кеңестік дәуірде, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қалыптасу тарихына шолу жасады. Әр жылдары Қарағандының үшінші көмір ошағы, сән-салтанатты қала болып қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың аттарын атады. Соғыс жылдары жау Донбассты уақытша жаулап алғанда көмірлі Қарағандының маңызы еселеп артты. «Біреуіміз үшеудің орнына жұмыс істейік! Көмір – бұл да қару. Еңбекте де ұрыстағыдай алғы шепте болайық!» – шахтерлер қаласының ұраны осы болды, деді Дінмұхамед Ахметұлы. Осы патриоттық қозғалыстың көш басында Бәшір Нұрмағанбетов, Әбуғали Тұраров, Иван Сигарев, шахтер еңбегінің басқадай көптеген екпінділері тұрды. Соғыс жылдары шахталардың бірін Алексей Стаха-нов басқарды. Еңбек вахтасына турып тылдың гвардияшылары бір жеңістен соң бір жеңіске қол жеткізді. Сөйтіп, Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қызыл Туына бірнеше мәрте ие болды.

Ел Қарағандыдан тек қана бірінші сортты көмір алып қойған жоқ, деп сабақтастырды ойын республика басшысы. Украинаның марганец рудниктері жау қолында қалғанда қарағандылықтар орнын толтыра білді. Қорғаныс мақсатына Қарағандының мысы, вольфрамы мен молибдені тасқындап ағылды.

Димекең тылда және қан майданда ерліктің үлгілерін көрсеткен қарағандылықтардың аттарын зор құрметпен атады. Соғыстан кейінгі даму тарихына шолу жасағанда облыс орталығы Қарағанды-Теміртау аумақтық-өндірістік кешенінің жүрегі болғандығын атап өтті. Сондай-ақ, Қарағанды республиканың жоғары білім беру орталығы болғандығын, жоғары білікті кадрлар дүкеніне айналғандығын тілге тиек етті. Отанның жоғары наградасын тапсыра отырып, ол кеншілер қаласының селоға көмегі, республика агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосып отырған үлесіне жоғары баға берді.

Дінмүхамед Ахметұы рухани саладағы жұмыстарға тоқтала келе облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттері маңызды проблемаларды көтеріп, шешіп отыр, деді. («Орталық Қазақстан» газеті, 24 мамыр 1984 ж.)

Өз сөзінде Д.Қонаев біздің облыс 1958 жылы астық жене басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып, 60 миллион 200 мың пұт астық тапсырғаны үшін Ленин орденімен наградталғандығын еске алды. Содан кейін ол қатысушылардың ду қол шапалақтауы үстінде Еңбек Қызыл Ту орденін қала туына қадады. Жоғары награданы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Устиновский, қалатком төрағасы Б.Әбдірахманов, Социалистік Еңбек Ерлері, «Киров» шахатасы кен жұмысшыларының бригадирі Қ.Әбдірәсілов, «Карагандажилстрой» тресінің құрылысшылар бригадирі И.Примачук және т.б. қабылдады.

Екі жыл өткеннем кейін қарағандылықтар тағы бір айтулы датаны тойлауға дайындала бастады. Орталығы Қарағанды қаласы болып Қарағанды облысының құрылғанына 1986 жылы 50 жыл толмақшы еді. Осыған орай облыстық партия комитетінің арнайы шешімімен «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын шығару ұйғарылды. Қазақ Совет Энциклопедиясының ұжымы бұл жұмысты келер жылдардың үлесіне жоспарлап қойған екен. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.Коркин кітапты облыстың 50 жылдық торқалы тойы қарсаңында шығаруды өтініп хат жазды. Сөйтіп, Қарағандыда ҚСЭ бас редакциясының мүшелерімен бірге арнаулы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына облыстық партия комитетінің хатшысы Қ.Аманбаев жетекшілік етті, оның құрамына облыстағы белгілі журналистер А.Жанғожин, В.Минин, Б.Мұқышев, И.Югай енді. Жергілікті журналистерден, ғалымдардан, халық шаруашылығының ірі мамандарынан құрылған авторлық ұжым энциклопедиялық еңбекті небары екі жыл ішінде сапалы дайындап шықты. 1986 жылғы 4 қазанда облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» энциклопедияның газеттерінде жарыққа шыққандығы туралы хабар жарияланып, екі айқарма бет берілді. Ертеңіне Кеншілердің Мәдениет сарайында КҚП облыстық комитеті мен халық депутаттары облыстық кеңесінің Қарағанды облысының құрылғанына 50 жыл толуына арналғам салтанатты мәжілісі болып өтті. А.Коркин «Қарағанды облысының 50 жылдығы туралы» баяндама жасады. Салтанатқа Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакторы, белгілі ғалым Р.Нүрғалиев құрметті қонақ ретінде қатысты. «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.Коркиннің кіріспе мақаласымен ашылады. Мұнан кейін табиғаты мен табиғи қорлары, халқы, тарихы, экономикасы, қала қүрылысы жөне архитектурасы, халық ағарту ісі, ғылым және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, дене тәрбиесі және спорт, әдебиеті мен өнері, экономикалық және мәдени байланыстары туралы 11 шолу очерктері мен екі мыңға жуық алфавиттік мақалаларда Орталық Қазақстанда үшінші көмір ошағының құрылуы, әрі көмір-металлургия кешенінің қалыптасуы, өскелең өңірдің тарихы, жасампаз адамдары ғылыми және нақты деректермен жан-жақты сипатталады. Сөз жоқ, бүл энциклопедия қала мен облыстың рухани өміріндегі елеулі оқиға болды.


Аман Жанғожин,

Ермағанбет Лұқпан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет