WWW.ENU.KZ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК
ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Исатаева Н.Ж.
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., доцент М.А. Тұрсынова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды
қаласы
Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы
жалпы қатынастарды
білдіреді де, сол қатынастың көрсеткіші ретінде қызмет атқарады.
Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, септік, тәуелдік және жіктік. Бұл жалғаулар
түркі халықтар тіліне ортақ. Соладың ішіндегі қазақ тілі мен түрік тілінің
септік жалғауларын салыстыра қарайық. Түрік тілі мен қазақ тілінің септік
жалғауы бір-біріне өте ұқсас келеді. Алайда
қазақ тілінде жеті септік
болса,кей түркі тілдерінде алты немесе сегіз септік бар. Алты септік бар
тілдерде қазақ тіліндегі көмектес септігі болмаса,
сегіз септік бар тілдерде
құралдық, себептілік септіктерінің болуымен ерекшеленеді.
Септік (ismin halleri) сөйлем ішінде бір сөзбен екінші сөзді
байланыстырып тұрады. Ескі жазба ескерткіштерде жеті септік түрі
кездеседі. Әр септік жалғауларының дыбыс үндестігіне байланысты
нұсқалары бар.
Атау септігі (Yalın hal). Атау септік көне ескерткіштерде де, қазіргі түркі
тілінде де арнайы көрсеткіші жоқ септік түрі. Түркі
тіліндегі атау септігі де
Kim? Ne? (Кім? Не?) сұрақтарына жауап беріп, затты атап көрсетеді.
Мысалы:
baba-әке, ev-үй, oda-бӛлме, baş-бас, çocuk-бала т.б. Атау септігі
сөйлем ішінде кездесіп, бірнеше синтаксистік қызмет атқарады:
1. Атау септігіндегі сөздер негізінен бастауш қызметін атқарады:
Dost
ağlatır, düşman gülgürün(Дос жылатар, дұшпан күлдірер);
2. Жеке тұрып та, немесе көмекші сөздермен тіркесіп те баяндауыш
болады:
Bu-öğretmen – бұл-мұғалім;
3. Толықтауыш та бола алады:
Ağaç kestim-ағаш кестім;[2; 72]
Казақ тіліндегі атау септік бір жағынан басқа септіктермен мағыналарын
салыстырып ажырату мақсатында, екіншіден ол бір ғана затты атау үшін
емес, сонымен қатар кең грамматикалық
арнайы қызмет атқаратындықтан,
арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады. Атау септігі
Кім? Не?
Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлем ішіндегі синтаксистік
қызметіне қарай, атау септігі:
1. Бастауыш қызметін атқарады. Мысалы:
Мұғалім – ауылдағы мәдениет
күші.
2. Тұрған орнына қарай жіктік жалғай жалғанып та,
жалғанбай да
баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы:
Біз мұғалімбіз, ол мұғалім т.б.