Эссе: “ Қазіргі Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның ролі”
Біздің елдің қазіргі кезеңдегі дамуы Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп сипатталып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастырады.Ал осы жаңғыру үшін философияның рөлі қандай болмақ? Әсіресе, ұлттық философия бізге не бере алады? Оны қалай ұғамыз?
Экономиканың жаңғыруы сананың жаңғыруымен тығыз байланыста екенін барлығымыз білеміз, сондықтан Қазақстанның әр азаматы, бүкіл елдің дамуының сапалы жаңа деңгейіне өту үшін өзгерістердің қажеттілігін түсінуі керек. Қазақстандық қоғам мақсаттардың сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани және идеологиялық негізге ие болуы керек. Ал осы айтылғанның барлығы да, менің ойымша, философияның ішінде қамтылған деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғырудың табалдырығын аттағанын мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында бес басымдық туралы айтылған: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту; іскерлік ортаны күрт жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капиталды жақсарту; институционалдық трансформация, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар. Бірақ мұның философияға не қатысы бар деп көбіміз ойлап қалуымыз мүмкін. Мәселе мынада: философия – бұл өмір даналығы туралы ғылым. Бұл дегеніміз, философия білім беруден бастап, экономикаға дейінгі барлық салада болуы керек. Философия адамның тіршілік етуінің мүмкін болатын жағдайларына қол жеткізудің маңызды факторларының бірі болып табылатын субъектінің өмірді тануына бағытталғанын барлығымыз білеміз. Бұл біздің елдегі үшінші модернизацияның мақсатына ұқсас екені сөзсіз. «Біздің өміріміз – бұл біздің ойымызша». Рим императоры және философы Марк Аврелий осылай ойлады. Бұл сөздерді, әрине, Қазақстанның үшінші жаңғыруына жатқызуға болады деп ойлаймын, өйткені біздің өмірімізде көп нәрсе біздің ойымызға байланысты. Бұл бірнеше рет дәлелденді. Осылайша, біз еліміздің гүлденіп, дамып, жайқалып қанатын кеңге жайғанын қаласақ, барлығын өз ойымыздан, халықтың ойынан бастау қажет. Себебі, мемлекеттің негізгі тірегі халық емес пе? Бұл мәселеге ақылмен және ойлана қарау керек. Жоғарыда айтылғандай, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшінші жаңғырудың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Менің зерттеулерім бойынша сыбайлас жемқорлық ерте заманда пайда болған. Сыбайлас жемқорлық құбылысын әлеуметтік-философиялық тұрғыдан түсінуге алғашқы әрекеттерді антикалық дәуірде Платон мен Аристотель бастаған. Платон идеалды мемлекет тұжырымдамасын құра отырып, билеушілер мен сақшыларды кез-келген нәрсеге иелік ету мүмкіндігінен айырды. «Мұндай жағдайда ғана алтынға бай емес, бақытты адам немен бай болуы керек: ізгілікті және парасатты өмір. Егер кедейлер мен қолында жоқтар сол жерден бір бөлікті тартып аламын деп, қоғамдық тауарларға қол жеткізуге ұмтылса, онда жақсылық болмайды », - дейді ежелгі грек философы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты да қазіргі өскелең жас ұрпаққа философия негізінде оқып үйретсек, жете түсіндірсек, тышқандай кеміріп келе жатқан жемқорлық атаулыға кесілу қойылар еді деп нйлаймын. Жаңғыруда орындайтын келесі мақсат-іскерлік істі жақсарту, және кеңейту. Ол үшін де билік басындағылар ой жағынан жақсы философиядан хабары бар, жақсы сөйлей алатын, ынтымаққа келтіре алатын жандар болуы қажет. Ал дәл осы қасиеттерді философияны түсінген, оның негізгі идеясын жақсы қабылдай алған кез келген адамның бойынан табуға болады.
Жоғарыда айтылған барлық ойлар мен пікірлерді қорытындылай келе айтарым, Қазақстанның үшінші реттік жаңғыруы үшін де, дамуы үшін де кемелді болашағы үшін де философияның соның ішінде ұлттық философияның алар орны ерекше екендігінде күмәнім жоқ екенін айтқым келеді. Қазақ елінің әрбір жалындаған жас-жеткіншектері,әрбір ұрпағына танымды тәрбие беретін ана мен әке, артынан тараған тамырына салалы ақыл айтып отыратын ата-әже, барлығы-барлығы Қазақтың маңдайына біткен Абай, Ыбырай, Мағжан аталарымыз бізге қалдырған өмірлік өшпес философиясын жете түсінсе, ынтымаққа толы Қазақстанның талай асуы мен белесі артта қалмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |