Әке – отбасының діңгегі
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Мақсаты : Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті бар плакат,ребус,шарлар.
Барысы :
Жүргізуші Әке,әке,әке осы сөз мейірімді, естір құлаққа
жағымды.Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы.Әке -әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі ,асырап сақтаушысы, қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы ,өзгелермен қарым-қатынас,өнер баланың көз алдында үлгі-өнеге алатын , соған қарап өсетін нысанасы.
1.Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап,көтеріп алатын
2. Сәулелі сөз сөне ме?
Орыны бөлек батаның
Бізге тәлім,өнеге
Ақ тілеуі әкенің
3. Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейді
4. Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейірімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып
5.Әкем шытса қабағын
Байқа балам –дегені
Алғаным көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны
6.Бойға қуат береді
Әй жарайсың дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді
7.Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді Көрініс: «Әке мен бала.»
8.Ойнаймыз,күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
9.Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазды жүрекпен
Жыр арнаймын өзіңе
10.Қамқорсың әке өмірде
Қуатым сенсің көңілге
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгіңде
11.Аңсадым жылы сөзіңді
Ақылшым болған кезіңді
Есімде әке сақтаймын
Асқар биік өзіңді
12.Арманым едің аңсаған
Әкелсем бақыт мен саған
Ұрпағың болып жалғадым
Қуаныш әкеп сен маған
13.Теңіздей шалқып жүремін
Сүйенер сенсің тірегім
Барсам да қайда жан әкем
Өзіңмен бірге жүрегім
14.Аққудай ақ арманым
Ауырмашы әкешім
Ауруы көп-ау жалғанның
Қартаймашы әкешім
15.Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын ғұмырың
Ән: «Әке арманы» М.Омаров. «Әке туралы ән. Ш.Қалдаяқов»
Әке туралы жыр.
-
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор адам қайда маған
-
Сүрінсем сынай қарап от жанарың
Сен мені жақтамадың, ақтамадың
Әр дайым осы қатал мінезіңмен
Күш алып мақсатыма аттанамын
-
Жан әке, шертіп сезім домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың
-
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса соның жолдасымын
Қуан сен қуана бер әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Әкем әнім
Сөзі: О.Сүттібаев.
Әні: Ә.Сүлейменов.
-
Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан
Көңілім бүгін алаңдап
Күттің бе, әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Адалдық әркез көксеген
Үйрендім, әке тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда мәңгі жетсе дем
Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам, сүйсіндің
Мойыныңа көптен асылмай
Сағындым, әке, иісіңді
Ағаларым.
Құшағы оттай ыстық сахарадай
Көңілі алып ұшықан шағаладай
Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой, ағаларым
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол ағаларым
Атыңнан айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңді ізіңдегі қарап жүр деп
Қалдырған өздеріңді бабаларым
Әке туралы ой.
Сөзі: А. Шамкенов.
Әні: Ж. Сейілов.
Өмірдің көрген талай жол торабын
Әкеден кім аяйды қолда барын
Әкенің ақ тілегін өтеу парыз
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген
Суыққа шалындырмай мәпелеген
Өмірдің соқпағымен өрге тартып
Алдымен адам бол деп жетелеген
Тағдырдың кеуде тосып жартасына
Біз үшін түскен майдан ортасына
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында
4-оқушы: Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейрімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
5-оқушы: Аққудай ақ орманым
Ауырмашы әкешім
Ауруы көп-ау жалғанның
Қартайиашы әкешім
6-оқушы: Бойға қуат береді
Әй жарайсын дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соңы естігім келеді.
Көрініс: «Әке мен бала»
Ү бөлім Сіз білесіз бе ?
Әкелерге тез жауап беретін сұрақтар қойылады
1)Балаңыздын туган күні ?
2)Балаңыздын сүйікті асы ?
3)Отбасының басшысы кім ?
4)Балаңыздың ең жақын досы?
5)Балаңыздың арманы
6)Сынып жетекшісінің толық аты-жөні ?
7)Қай пәнді жақсы көреді ?
8)Мектептің мекен-жайы ?
9) Қандай газет журнал оқиды ?
10) Отбасы дегенді қалай түсінесіз
Қортынды бөлім
Сәулелі сөзі сөне ме
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілеуі әкенің .
Бойға қуат береді-
«Әй жарайсың» дегені,
Мен әкемнен әр кезде,
Соны естігім келеді.
Ойнаймыз,күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда,жан әке,
Өзіңмен бірге жүремін.
Сізсіз әке ақылды,ең шыншыл,
Сізсіз әке жақыным,ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Қабыл алғын бала жүрек тілегің.
Мұғалім :
Ұлың өсіп ержетті жігіт болып,
Қызың өсіп бой жетті үміт болып.
Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,
Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.
Жыр арнап,ой қозғадық кең көлемде,
Балаларың бейім ғой әр өнерге.
Бас иіп ата-анаға алғыс айтып,
Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге.
Хор : «Әкешім» Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкенің жақындығы жездедей-ақ.
Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.
Әкесі бардың арысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Сайына қарай саласы,
Әкесіне қарай баласы.
Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
Әке көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Әке тұрып,бала сөйлесе шіркіндігі,
Аға тұрып,іні сөйлесе еркіндігі.
Әке барда ел таны,көріп жүріп,
Атың барда жер таны,желіп жүріп.
Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
Достарыңызбен бөлісу: |