Қазіргі дидактикалық тұжырымдамалар
1. Оқыту процесі психология-педагогика тұжырымдамаларына сүйенеді, оларды дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүйеге енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі дидактикалық жүйелер. Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардық теориясы бар. Дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады. Ол А.Я.Коменский, И.Песталоцци және И. Гербарттың дидактикасынан тұрады.
Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.
2. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) есімімен байланысты. Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады.Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Мүнан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.
XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдық басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.
3. Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |