Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі- бұл оның блгілі бір әлеуметтік-психологиялық статусты иемдену және қандай да бір әлеуметтік-психологиялық рөлдік функцияларды меңгеру процесі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.
Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы мүмкін:
-
ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
-
сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін сақтайды;
-
аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп, өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп, мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің «Мені» мен өзбеттілігін сақтайды.
Бейімделу мәселесін өте жақсы қарастырған психологтардың бірі Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б. Бірақ бұл бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық және интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды бұзылыстардың болуы ақыр соңында қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі, себебі, адам өз табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын бейімделу процесінің перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея бойынша, тұлғаның дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар көзі деп есептеген. Осылайша,тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша оның өмір сүруіне сай келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен түсіндіреді. Бұл ойлар өз қолдауын А.В.Петровский мен В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты.
Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес сипатта болуы мүмкін. Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық функциялардың, мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен және өз-өзімен конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне қол жұмсау) дейін әкеп соғады.
Жоғарыда аталғандардың барлығын жүйелей келіп, бейімделудің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерін қарастыру адамдардың қиын, сыни жағдайларда бейімделу процесін жан-жақты талдауға мол мүмкіндіктер береді. Сол себепті, адам өміріндегі қиын да келеңсіз жағдайлардың бірі болып есептелетін ажырасу кезіндегі бейімделу мәселесі, оның ішінде, ажырасу жағдайына жасөспірімдердің бейімделулерін қарастырмас бұрын, алдымен адамда жалпы бейімделу процесі қалай өтетіндігіне шолу жасауды жөн көрдік [48, 348-355].
Осы айтылғандардың барлығын негізге ала отырып, жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелерін қарастырайық. Бұл мәселені талдау кезінде біз жасөспірімнің тек бейімделу мәселесін ғана емес, сонымен қатар оның отбасындағы болған ажырасу жағдайына бейімделуі кезінде көрсететін реакцияларын, соның салдарынан болатын жасөспірім тұлғасындағы мінез-құлықтық, эмоционалды-психологиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі өзгерістерді ашып қарастырамыз.
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері
Ата-анасының ажырасу жағдайына әсіресе жасөспірімдердің жанама реакциялары көп жағдайда өте күшті болады. Жасөспірімдердің өздерінің бағалаулары бойынша, стресс тудыратын өмірлік мәселелер ішінде ата-анасының ажырасуы (ата-аналардың, туған аға-әпкесінің, жақын достарынан айырылудан) кейінгі төртінші орында тұр. Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде ең көп кездестін рекациялар:
-
Болған жағдайды терістеу, сенбеуге тырысады. Жасөспірім өзін ата – анасының арасында ешқандай шиеленістер жоқ деп сендіруге тырысады. Олардың түсіндіргенін тыңдағысы да келмейді, ата-анасының әлі де болса қайта ойланып, қосылып қалар деген үмітпен өмір сүреді. Көпшілік балалар өзінің ата – анасы қайтадан қосылады деген үмітпен өмір сүрулеріне байланысты мынандай мәліметтр келтіруге болады: 5 – 7 жастағы балаларда 65,7 % болса, жасөспірімдік кезде ол көрсеткіш азаяды, дегенмен де 16% - ды құрайды.
-
Үрей, қорқыныш, болашағына деген сенімсіздік, жасөспірімнің әлемді эгоцентрлік қабылдауы ретінде оны ең алдымен, жеке өмірінде болуы мүмкін өзгерістер қобалжытады. Сонымен қатар, тұратын жерінде, оқу орнында, материалдық жағдайда болатын ауысулар да алаңдатып, қобалжулар туғызады.Осыған қоса, жасөспірімдер өз қатарластарынан отбасылық мәселелері үшін ұялу сияқты қиындықтар туындайды[ 5, 190 – 195 б.].
Жасөспірімнің ажырасу жағдайына деген реакциясының психологиялық бейнесін құру үшін оның мінез-құлқын немесе симптомдарын ескеру қажет. Мінез-құлық ерекшеліктері қайғыру реакциясы ішінде аффект түрінде болуы мүмкін, бірақ олар сонымен қатар ерекше қорғану механизмдері және бейсаналы құмарлық арасындағы конфликтілерден тұратын күрделі невротикалық жағдайларды бейнелеуі мүмкін. Бірақ маңызды деп есептелетін жағдай, ол ерекше аффектілер немесе психикалық конфликтілер ешбір жағдайда сырттан көрініс таппауы керек, өйткені оларды үлкен адамдар «қалыпсыздық симптомдары» ретінде қабылдайды.
Жер бетінде біз өте қатты жақсы көретін адам егер бізді аяқ астынан ешқандай ескертусіз тастап кетсе, не болатынын елестету өте қиын. Бірақ көптеген ата – аналар бала үшін бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екендігін түсіне бермейді. Үйден кеткен әкесі тек үй ошағын, әйелін, балаларын ғана тастап қоймайды, балалары да тек ата – аналарының ажырасуын қайғырып қана қоймай, оған қоса, өзінің әкесінен мен (немесе анасынан) айырылғанын да ойлайды.
Кейбір жағдайларда бала ата – анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады.
Ажырасып жатқан ата-анасының өмірінде өзінің маңызды еместігін, ажырасуға қалай да болса бөгет жасай алмау, өзінің әлсіздігін сезінуінің барлығы ашу-ызаға әкеп соғады. Баланың ашу-ызасы ата-ананың екеуіне де бағытталуы мүмкін, мұндай ашу-ыза ата-ана үшін баланікіне қарағанда өздерінің жеке сұраныстары мен қажеттіліктері маңыздырақ болған кезде осы арқылы олар балаға ауырлық келтіретіндіктерін түсінген уақытта пайда болады [39, 254-267б].
Ата-ананың екеуіне бірдей ашу-ызаның болуы немес тек біреуіне ғана, яғни кімді көбірек кінәлі деп санаса, бұлардың ешқайсысы өзара ерекше болып саналмайды. Біріншіден, агрессиялар – бұл өзінің объектісін ауыстыра алатын құштарлықтар, яғни кейде бақылау кезінде бала кезектестік түрде бірде әкесін, бірде анасын жек көрсе, кей жағдайларда келтірген зардаптары үшін екеуін де бір уақытта жек көруі мүмкін. Екіншіден, саналы аффектілермен қатар сезімнің бейсанасы позициялары да болады.
Кінәлаудың ерекше түрі – бұл балалардың ажырасу жағдайы үшін өз – өздерін кінәлауы. Көп жағдайда балалардың ата – анасын немес олардың біреуін ғана кінәлауы өзінің жеке басын кінәлау сезімін қорғау болып табылады. Көптеген балалр, әсіресе жасөспірімдер ажырасу жағдайын естіп, аңдаусыз үстінен түсуі оларды қобалжытып, кейіннен ол ата – ананың қарым-қатынасы мен араларындағы конфликтілер баласына деген қатынастан қарағанда олар үшін неғұрлым маңызды екендігін түсінеді. Бұл баланың күтпеген эгоцентризміне, оның ата-аналарының ортасында әлем орталығы деген түсінік қалыптасады. Егер балада осы сенім күші болса, онда ол ажырасу жағдайын отбасын тастап кеткен ата-ана мен өзінің жеке қарым-қатынастарының құлдырауы деп түсінеді. Және ол өзін сәтсіздікті басынан кешірген махаббат құрбаны деп қабылдайды [30, 281-285б].
Осыған ұқсас кінә сезімдері ата-анасы ажырасқан барлық балаларда байқалатын өзінің толық құндылығын шеттетілу сезімі арқылы көрінетін жоғалтып алу сезімдерімен түсіндіріледі. Мұндай кінә қиялдары көп жағдайларда ата-ана арасында болған дау-дамай тәрбиелеуге байланысты, яғни бала төңірегінде болғандықтан, еске түсіру кезінде күшейіп отырады.Осылайша, бала өзін конфликтілердің басты себебі ретінде қабылдай бастайды.
Бала үшін бұл өзінің ата-анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санау жеткілікті түрдегі күрделі негіз болып табылады. Сондықтан, көп жағдайда көптеген балалар анасы мен әкесінің арасындағы конфликтіні біріктіруші ролінде ойнауға тырысады. Ажырасу бұл әрекеттің бұзылуының дәлелі болып табылады. Ата-ананың біреуінің кетуі- айырылу және махаббатты жоғалтып алу алдындағы қорқыныш сезіміне айналады. Бұл қорқыныштар жасөспірімдердің инстинктивті конфликтілерін жүзеге асырады және бұлар мәдени бейімделудің қозғаушы күштері болып есептеледі. Осының нәтижесінде, ажырасу көптеген балаларға жазалау, нашар тәртіптері үшін сазайын тарту, жеткіліксіз табысы мен шек қойылған ойлары үшін жазалау деп түсінеді [41, 25-23б].
Ата-анасының ажырасуында өзін кінәлау сезімінің дамуы шын мәнінде ереже болып табылады. Валлерштейн және Келлидің айтулары бойынша, осыған ұқсас құбылыстар 30-50 % жағдайларда кездеседі. Ал Ф. Гельмудтың айтуы бойынша, бұл кішкентай балалармен қатар жасөспірімдерде де сондай, кейде тіпті жоғары болуы да мүмкін. Баланың өзін-өзі кінәлау сезімі қорқыныш тудырады, яғни сазайын тарту және жеке басының биік күшінің алдындағы қоқыныштың пайда болуы Бірақ ата – аналарының ажырасуының себебінде өзін қатты емеспін деп есептейтін балаларда біршама күрделі қобалжу күйіне түседі екен. Мысалы, оларда: «егер мені анам немесе әкем бала – бақшадан алып кетпесе мен балаларға не деп айтамын» деген сияқты сұрақтар туындайды. Осыған қоса ажырасу жағдайына түскен балаларда болатын ең үлкен қорқыныш түрі - ол әкесін кейін тағы да анасын жоғалтып алу (немесе керісінше) қорқынышының пайда болуы.
Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын білмей қиналады. Эмоциялар әр индивитте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.
Бұлар тек жай ғана реакциялар емес, егер бала психикалық жағынан сау болса, онда осы эмоциялардың біреуіне ғана жауап қайтару керек, яғни реакциясы бір түрде ғана болуы қажет [37, 58-65б].
Өзінің ата-анасын жоғары дәрежеде жақсы көретін балалардың өзі олардың ажырасуларына қайғымен қарайды, өйткені, ажырасу олардың өмірлеріндегі шешуші оқиға болып есептеледі. Бірақ жоғарыда аталған сезімдер кез-келген баланың жан жинағында болады. Олар тек жан қиналысын ғана емес, сонымен қатар біруақытта жан теңдігін қалпына келтіру үшін күрес құралы болып та саналады.
Ажырасу жағдайынан кейінгі дағдарыстың күшеюінің екі негізгі себебі бар: олар ата-ана ажырасу арқылы балаға келтірген ауыртпалығы үшін өзіне жауапкершілікті ала алмау және ажырасудан кейін бала тәрбиесін жауапкершілікке алған ата-ана, яғни анасының ажырасудан кейінгі дағдарысы. Аталған мәселелер ажырасудан кейін ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпеуі мүмкін емес, ал бұл нақты қарым-қатынас баланың ажырасуға байланысты өзінің қайғыларын жеңуге жанама әсерін тигізетінін көрсетеді.
Экономикалық қысым және сонымен байланысты ауыртпалықтар ажырасқан ананың балаға аз уақыт бөлуіне әкеліп соғады. Отбасылық ауыртпалықтар ананың жұмыстан бос уақытта да баласына аз көңіл бөлуіне әкеледі. Осы уақытқа дейін анасымен болған кішкентай балалар енді бала – бақшаға барады немесе ата-әжесімен қалса, оқушы кезінде үйде жалғыз қалуға мәжбүр болады.
Жан ауыртпалығына тап болатын аналардың көңіл-күйлері өзгеріп тұрады. Стресстік жағдайда баласының ең қарапайым сұраныстары анасынан баласы шектен тыс талап етіп тұрғандай сезінеді. Аналардың күңіл-күйлері өзгергенде, ана мен бала қарым-қатынасын тек үстіртін мәселелері. Ана – бала қарым-қатынасының агрессивті жағы – тек бала жақтан ғана күшеймейді. Ананың осы уақытта баласына қатысты ерекше агрессияны дамытудың өзі көп негіз болып есептеледі [45, 78-85б].
Күнделікті болатын конфликтілер күшті тітіркенушілікті туғызады. Көрініп тұрғандай, ажырасқаннан кейін анаға баласының сұраныстары үлкен талап қойып тұрғандай болып, кейде шыдамы шегіне жетіп, таусылатын кездері де болады. Ұрыс пен тітіркенушілік өз кезінде екі жақты да «агрессивтілік оталуына» әкеп соғады.
Ата – ананың жасөспіріммен болған конфликтісінде агрессивтілікті шектен шығармай ұстап тұрудың маңызды факторы, ол ата-ананың баласының арман-тілектерін, не жасағысы келеді, неге қарсылық білдіріп тұрғанын түсінуде. Осылайша түсіну баламен біртіндеп сәйкестеніп немесе оның көзқарасымен келісімге келе алу мүмкіндігінің нәтижесі болады. Бұл дегеніміз, балаға деген талаптарды өзгерту керек дегенді білдіреді. Егер бала ата – аналарының көзқарасымен санасса, онда онда олар баланы қарсыласқаны үшін жазаламайды.
Отбасындағы ажырасу жағдайымен байланысты болатын агрессиялар бар. Көптеген аналар үшін ажырасу жаңа бастау негізі болып табылады. Әрине, өткен өмір жеке басының толық қалыптаспағандығына көп із қалдырса, соғұрлым балаға ашу – ыза, ұят және т.б. сезімдерден жаза тиюі мүмкін [1, 55-59б].
Осы уақытқа дейін ажырасу жағдайымен байланысты ата-ананың мінез-құлқындағы өзгерістер бақылауға алынды. Осыған байланысты бірінші орында ата-аналар ажырасудың балаға тигізер әсері қандай екендігін өз-өздеріне есеп бере ала ма деген сұрақ тұрды. Сол үшін ата-аналарға ажырасу бала үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсету үшін жұмыстар жасалды, яғни осы арқылы ата – аналар өздерінің жеке өмірлерінің қызығушылықтары арқылы келтірген ауыртпашылықтарын сезініп, келтірген зардаптары үшін өздеріне жауапкершілікті алып, баланың ары қарай дамуына жағдай жасап, оның мұңдары мен өкпелерін, агрессивтік көріністерін түсінген болатын. «Кінә үшін жауапкершілік» ажырасуға әкелген жағдайлардың дамуына немесе ажырасуда өзін кінәлі емеспін деп санайтын ата – аналардың да позициясы болу керек.
Ажырасудан кейін баланың қайғырулары басталып, ата-ананың кризисі аяқталады деп айту қате болар еді. Шын мәнінде олай емес, соңғы уақытта бұрын бірге болған жұптардың ажырасу кризисін зерттеп жатқан көптеген жұмыстар бар. Олардың жеке бастарының мәселелері азаймайды, керісінше, бірден өседі. Ажырасу көптеген ата–аналарға қосымша психикалық, әлеуметтік, экономикалық проблемалар әкеледі [11,44-78б].
Көптеген ата-аналардың жанама жан айқайлары балалардың реакцияларынан сәл ғана айырмашылығы бар. Балалар ажырасуды ең алғаш ата-анасының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты деп қабылдамайды. Олар өздерін әкесі немес анасы тастап кететіндігін түсінеді. Өкпелеу сезімдері, болашақ алдындағы қорқыныш, ажырасқан жұбына деген ашу-ыза, жек көру сезімі, сонымен қатар (жиі бейсаналы түрде) балаға қатысты да байқалып отырады.
Ата-анасының ажырасудан кейін баланың дамуы жайында сөз болғанда, бір-бірімен өте тығыз байланысты екі сұрақ туындайды. Бірінші сұрақ келесідей түрде болады: бала үшін толық емес отбасында өмір сүру деген нені білдіреді, яғни тек қана үлкендердің біреуімен ғана тұру. Екінші сұрақ: баланың енді бірге тұрмайтын ата-анаға деген қарым-қатынас құндылығы және маңыздылығы. Осы сұрақтардың екеуі де соңғы жылдары ажырасу мәселесіне арналған зерттеу жұмыстарының маңызды мәселелерін құрайды. Ажырасудың бала тұлғасының дамуына жағымсыз әсер етуін шектейтін немесе көмек беретін мүмкіншіліктер ата-аналар балаға ата-ананың екеуімен бірдей интенсивті қарым-қатынас жасауына жағдай жасаған кезде, яғни бала бірге тұрмайтын ата – анамен де қарым – қатынаста болатын болса, онда балаға ата-анасының берген көмегі ұтымды болады.
Кейбір авторлар атап көрсеткендей, көптеген балалр ата-анасы көп жыл бұрын ажырасқан болса да – бала да үнемі әкесіне деген сағыныш жалғаса береді. Сонымен қатар, оларда отбасының қайтадан қосылуын армандайды. Осыған байланысты мынадай көзқарас қалыптасады: балалардың ажырасуға дейінгі және одан кейінгі сипаттамасының бір бөлігі бейсаналы мақсат түрінде ата-аналарын күнделікті ұрыс тудыратын мәселелерден көңілдерін аудару, негізінде оларға бала туралы ортақ жауапкершілікті еске салып, олардың қосылуларын мақсат етеді [17, 219-233].
Баланың әкесімен интенсивті қарым-қатынас жасауының жалғаса беруінің маңыздылығы бала мен ана арасындағы қарым-қатынаста жеңілдік пайда болады және осымен байланысты балада өзіндік толық еместігін сезіну сезімі пайда болады. Көптеген балалар үшін ажырасу билікті жоғалту дегенді білдіреді. Басқа ата-анадан қорғаныш таба алмау мүмкіндігі бірге тұрып, бірге жатудан ата-анаға деген тәуелділік одан сайын күшейе түседі. Бұған қоса конфликтілермен күресу жолында сәтсіздік және қорғансыздық сезімі пайда болады. Түңілу, мұң және биліксіздік сезімі ажырасудан кейін балада өзінің толықсыздығын сезінуінің дамуына әкеледі. Керісінше, ажырасқаннан кейін де өз әкесімен жақсы байланыста болған балаларда өзінің адамгершілігін сезіну сезімі жоғары болады. Ал баласының қамқорын есепке алмайтын әкелердің балалары өздерін ешкімге керексіз сезініп, реніш сезімі басым болып, өз құрбыларынан әлеуметтік жетілу және өзінің адамгершілігін сезіну сезімінің дамуы жағынан кеш және артта қалады. Әкесімен жақсы қарым-қатынасты сақтаған ажырасқан отбасының балалары жаңа өмірлік жағдайларға өте жақсы бейімделеді. Отбасында жоқ ата-анамен «жақсы», «интенсивті» қарым-қатынасты қарастыруда оның «тек сандық», яғни сыртқы контактілерін айту жеткіліксіз. Жақсы, яғни ішкі қарым-қатынас осындай қарым-қатынастар жасауға іштей еркіндігін сезіну қажет. Ал бұл үшін тек баламен ғана емес, сонымен қатар ата-ана бір-бірімен қарым-қатынастарын жалғасымды түрде қолдап тұрулары керек.
Егер бұл іске қосылмай керісінше, ата-ананың әрқайсысы өз қызығушылықтарына баланы араларындағы ұрыс-керіске тартатын болса, онда балалар күрделі конфликтіге түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің жұбайлар жайлы жақсы нәрсе айтпайды, баланы ата-ана көп жағдайда тыңшы ретінде пайдаланып, ажырасқан жұбайы туралы сұрастырады немесе керісінше, кейбір нәрселерді айтуға шек қояды. Балаға мұндай жағдай үлкен күйзеліс тудырады. Бір жағына ол бұрынғыдай ата-анасының екеуін де жақсы көреді, ал екінші жағынан – бала ата-анасының күткендерін ақтай алмай қалып, соның себебінен екеуінің біреуінің махаббатын жоғалтып алудан қорқады. Ажырасу мәселесіне байланысты неміс ғалымы Юдифи Валлерштейн дәлелдегендей, ата-аналар арасындағы агрессивті келіспеушіліктер балада тек күйзеліс конфликтілерін ғана туғызбайды, сонымен қатар, олар өздерін бақытсыз махаббаттан емес, жек көрушіліктен пайда болған баламыз деп ойлайды. Бұл балалар өзінің еліктеуші адамына қатысты сәйкестендіру процесінде де үлкен қиналысқа түседі, олар өздерін жақсы көрмейді және өз өмірінің мәні неде екенін көре алмайды, көргісі де келмейді [18,224-245б].
Көптеген балалар өздерінің аналарын әкелерінің жоқтығынан кінәлайды. Әлсіздік пен қамқорсыздықты көрсететін аналар проблеманың нақ «объектісіне» айналады. Олар балаларын аналық қамқорлықтың жоқтығын сезінуге мәжбүр ете отырып, кінә сезімін сәйкестендіріп, баласында агрессивті қозулардың болуына жол бермейді.
Объектінің болмауы оның идеализациясын тудырады. Көптеген әкелер бала үшін барлығын қорғаушы «ханзада» деп есептеледі, олар ұзақ уақыттық сапарға кеткенде ауырлықтың барлығы анаға түсіп, әкелері жек көру пәніне айналады. Баланың идеалды әкесі осыған байланысты ұл баласының реалды өзін-өзі бағалауын қиындата және «Мен – идеалын» құруға кедергі келтіреді, ал қыз балаларға - ер адамдар туралы реалистік көріністің болуына кедергі келтіреді. Осыған қоса кері феномендер де бар, анасы ғана бар отбасында ер адамдардың сынға соншалықты алуына байланысты, ер балада жыныстық сәйкестену және қыз балада қарсы жыныстағыларға қызығушылықтары қатты күйзеліске ұшырайды. Осыдан келіп, Валлерштейн әкенің тек өмірлік бағдарға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мамандықтар жайлы мәліметтің болуында және де ұазақ уақыттық қарым-қатынас құру үшін, өмірлік мақсаттарынының қалыптасуында орны ерекше екендігін атап көрсетті. Валлерштейн ата-аналарына бала қызығушылығына қатысты белгілі мінез-құлықтың болуын көрсетеді, бірақ осымен бірге ол ата-ананың тағы бір нәрсені еске салады: ата-аналар жақсы ажырасқан ата-аналар атанулары үшін, олар өздерінің некелерін психикалық жағынан жақсы аяқтауы қажет, өздерінің эмоцияларымен дұрыс жұмыс істей білуге үйренуі керек және олар өз-өздеріне келіп, жаңа өмірге деген үмітке ие болулары керек [25, 58-68].
«Ажырасқан» бала.
Баланың және ата-ана өзінің арман-тілектері арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңе білу және тану қиындығы ата-ана ажырасу арқылы балаға келтіретін жасырын ауыртпалықтың қатарында орналасқан. Қызығушылықтан туындаған кінә сезімі көптеген ата-аналар бала мотивтерін есепке алуға тура келеді, мысалы, бала қызығушылығын өздерінің және қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланады: «Мен мұның барлығын бала қызығушылығына байланысты ант жасадым» деген сөздермен аяқталады. Нәтижесінде баланың ажырасуға деген реакциялары ата-ананың екеуінде қобалжытып мазалайтын маңызды мәселе ретінде емес, керісінше, баланың ажырасуға деген реакциялары ата-аналардың жеке қызығушылықтарына байланысты фрагменттерді шешу үшін қолданылады. Ажырасудан кейінгі жасөспірімде жиі ретте әкеге қатысты кризис туындайды. Әдетте, баланың ажырасудан кейінгі ата-ананың конфликтілі қарым-қатынастарына араласуы пассивті болады. Ол өзін қылмыскер емес, жәбірлеуші деп есептейді. Оның мінез-құлық аффектілері өзінің ниетіне, ойына бағытталған және ол ата-ананың ниетімен жүзеге асырылады. Баланың ниеті, ойлары өзіне көңіл аудартуға және ауырсыну мен қорқыныш сезімі, сонымен қатар айырылуды шектеуге бағытталған. Тек қана ата-аналардың қайғырулары қарама-қайшы емес, көптеген балаларда ата-ананың екеуіне де деген махаббатпен қатар олардың қайта қосылу керек деген арман бірге жүреді. Осымен бірге балаларда кері бағытта жүретін күшті тенденциялар байқалады, әсіресе, қамқорлықты қолға алмаған адамға, яғни - әкесіне бағытталған.
-
Бала анасын жақсы көріп тұрып, соған қатысты балада қорқыныштың әсерінен анасына деген агрессия пайда болып, қорқыныш сезімінің әсерінен бала анасына одан сайын тәуелді бола бастайды. Бұл агрессия баламен бірге тұрмайтын ата-анасына көшетін болса неғұрлым азаятын еді.
-
Ата-ананың ажырасумен байланысты көптеген балалар өздерінде кінә сезімін дамытып алуларынан әкелерінің жоқтығы үшін кінәні өтеу қорқынышының өсуіне әкелуі мүмкін.
-
Кейбір балалар керісінше, өкпелерін өз саналарында сақтап, әкелерін кешірмейді (көп жағдайда өмір бойы). Олар өздерін тастанды деп сезініп, сол атқа қалғандары үшін кектерін алуға тырысады.
-
Кей кездері анасына бағытталған жағымды талпыныстар әкесіне де бағытталуы мүмкін. Баланың анасымен идентификациялануы да оның әкесінен бас тартуына әсер етеді.
Осы және басқа да мотивтер балада әке махаббатына қарама-қарсы ағысты туғызады, яғни баланың әкесімен сәйкестенуіне қарсы әсерін тигізеді. Бұл психодинамикалық мәселе мынадан тұрады: өкпе, кінә сезімі және қорқыныштарын жоюға қолданылатын әкесіне қарсы тітіркендіргіштің дамуы шын мәнінде баланың психикалық мәселелерін кеңейтеді. Көп жағдайда балалар ыстық махаббат пен жек көру сезімінің ортасында қалады. Көптеген балаларға күресуге тура келетін жағдай, ол өз агрессияларын әкелеріне жұмсауларына байланысты анасына деген қарым-қатынас сақталады [33, 165-167б].
Ата-ананың ажырасуы қай уақытта болмасын балаға үлкен қиындықтар туғызады. Кейбір ғалымдардың айтулары бойынша ажырасулардың ұзақ уақыттық әсердің ерекше және ерекше емес түрлерін ажырата білу керек дейді. Анықталғандай, баланың ажырасуға дейінгі, ажырасу кезіндегі және ажырасудан кейін дамуының күрделі жағдайы қорғанудың протогенді процестерінің мүмкіндігін жоғарылатады. Осындай қорғану процестерінің нәтижесінде күрделі психикалық бұзылыстар (симптомдар, мінез қырлары) және де кейіннен невротикалық ауруға шалдықтыратын аса жоғары диспозицияның болуы. Бұл невротикалық диспозицияларды ажырасудың ұзақ уақыттық әсерінің ерекше емес түрі деуге болады, өйткені ажырасуды бала өзінде өмір бойы бейсаналы түрде сақтап жүретін конфликтілердің маңызды эмоциялық факторы, яғни пайда болу факторы ретінде бағалауға болады. Балаға ажырасудан кейін көрсетілетін көмек жасалынуы қажет. Көп зерттеулерде ажырасу жағдайынан кейін көмек көрсетілген балалар мен көмек көрсетілмеген балаларды салыстыруда балаларда едәуір айырмашылық кездескен. Мұндай балалар, яғни дер кезінде психологиялық көмек алғандар ажырасудан кейін көптеген айлар бойы конфликтіге көлемді қорқыныштарды сыртқа көрсеткен, дегенмен отбасында ата-ананың біреуімен жалпы шиеленіс өсе түскен, бірақ ажырасудан кейін отбасылық жағдай қауіпсіздікті ұсынғаны соншалықты, олар жағдайлардың өтуі барысында өздерінің қорғаныстарын біршама босата алды (әсіресе балалар әлі жеткіншектік жасқа жетпеген кезде).
Әрине, жағымсыз жағдайдың әсерінен болжамдар едәуір төмендеп кетуі мүмкін. «Тиімді емес» ажырасудан кейінгі қарым-қатынас экстремалды жағдайларға әкеледі. Балаға деген психикалық қысымның күштілігі соншалықты, ата-анасының ажырасуының нәтижесінде балада постравматикалық күйзеліс, яғни шыдамына шек қойған қорқыныштардың жарылысы болады. Осыдан келіп шығатын мәселе бала үшін екі жақты болып көрінеді: біріншіден, ата-ананың біреуімен айырылысу көптеген айларға созылатын немес көп рет қайталанып отыратын ауырсыну сезіміне айналуы. Бірақ не өзгермей сол қалпында қалады, бұл келесі: балалар ата-анасының арасындағы конфликтілердің объектісі болып қана қоймай, өздерін шешім қабылдаушы ретінде сезінеді [30, 67-75б].
Ажырасудың жасөспірім психикасының дамуына әсерінің келесі мәселесі агрессиямен байланысты.
Конфликтілер агрессиялы қозулармен қатар жүреді. Ата-анасы ажырасқан балалар агрессиялы конфликтіге неғұрлым бейімді болып келетін сияқты: өкпелеу, негізгі қажеттіліктерден бас тарту, регрессивті процестер, сәйкестену процесі және кінә сезімі баланың ата-ананың біреуіне немес екеуіне бірдей агрессияның күшеюіне әкеледі. Конфликтілерді өңдеу нәтижесі әр балада әртүрлі болады. Бала қорқыныштарын өзінің агрессиясына бағыттауы мүмкін. Осының әсерінен ол өзінің ары қарай жалғасатын өмірінде басынан өткен сәтсіздіктер мен адалсыздықты, тітіркенуі мен ашу - ызасын сыртқа шығарып көрсетуден қорқуы мүмкін.
Ерекше ұзақ мерзімді бұзылыстарға өзін толық сезінбеу мәселесі жатады. Егер балалар өздерін – тастанды және жеткілікті өлшемді махаббатты ала алмадым деп сезінсе; егер олар өз отбасын сақтап қалмауда өздерін кінәлі сезінсе; егер отбасынан кеткен адаммен бірге өздерінің маңызды бір бөлшегін жоғалтып алғандай сезінсе; егер өздерінің сексуалды сәйкестігінде сенімді болмаса; егер олар анасы үшін жетіспейтін жұптық орнын баса алмайтынын сезінсе; егер олар өздерін керексіз, ештеңеге жарамсыз екендігін сезінсе; егер олардың кінә сезімі өздеріне жаңа бір қате жасап қоюына қорқыныш тудырса және т.б. Балада өзі туралы көріністердің барлығы бейсаналы түрде болады. Сондықтан көп жағдайда ата - насы ажырасқан балалар өмір бойы махаббатқа лайық емеспіз деп ойлап, сәтсіздікті қайта басынан кешіру қорқынышын алып жүреді [42, 25-32].
Балаларда бұл мәселер кішкентай кезінен пайда болады, ол «өзіне ұқсайтындармен» қарым-қатынасында, кейіннен – жеткіншектермен қарым-қатынаста ең соңында – кәсіби және қоғамдық өмірде көрініс табады. Бір жағынан, бұл өзін толық сезінбеу сезімімен байланысты, осы арқылы олар өздерін жеңіліске түскен деп сезініп, не бірлестікпен қашады, не өзінің артықшылығын үнемі дәлелдеп отыруға мәжбүр болады.
Ата – анасы ажырасқан жасөспірімдердің ең көп ауырсынып, қайғыратын өмірінің бір аймағы – ол жұптық қарым – қатынас болып табылады. Бұл жыныстық даму кезінде басталады. Жалғыз қалған ата – анамен бала арасындағы қарым – қатынас тығыз қалыптасып, нағыз серіктестікке ұқсайды. Мұндай жағдайда ата – анаға баланы үйден шығару қиынға түседі, ал бала үшін – «анасын (немес әкесін) мүлдем жалғыз қалдыру да дәл сондай.
Осыған қоса «сыртқы қоршаған орта алдындағы» қорқыныш күшейе түседі. Мұндай жасөспірімдер ұзақ уақыт бойы үйіне тәуелді болуға бейім болып келеді. Егер үйден босатылып шығу жүзеге аспаса, онда қашып шығуға тура келеді. Кінә сезімінің дамуына жол бермейтін «қашып шығудың» бір түрі өз отбасын негізге алу болып табылады. Жалпы алғанда, жақсы бейімделіп, сол себептен қашу қиындық тудыратын әсіресе қыз балалар үшін. Олар осыған байланысты конфликтілерді пайдаланып, «сәйкес келетін мүмкіндікті» жібермеуге тырысады [ 1, 199 – 220 б.].
Салыстырмалы зерттеулерге қарағанда ажырасудан кейін балалардың бейімделуі оның анасының ары қарайғы іс-әрекетіне тәуелді болады, яғни анасы қайта заңды некеге тұра ма, әлде азаматтық некеде бола ма, жоқ ер адамдармен қарым-қатынасты үзе ме т.б. Аналары заңсыз түрде басқа ер адаммен бірге тұрған жасөспірімдерде бейімделу өте ауыр өтеді. Нәтижесінде, олар өздеріне сенімсіз болады. Көп жағдайда әкелері балаларымен кездескенде аналарының қылығын кекетіп, жақсы сөздер айтпайды, сол себепті жасөспірімдер моральдық тұрғыда әлсіреп қиналады.
Алайда, бұл проблеманың бәрін шешуге болады. Ол үшін жалғыз бала тәрбиелеп отырған әйел өз балаларына ер адамдар туралы жағымсыз түсініктеме қалыптастыратындай іс-әрекет жасамау керек. Өзі бұрыннан танитын немесе сыйласатын ер адамдар мен балалардың арасында жағымды, жақын қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасай білу керек [45, 42-51б]
Әсіресе, толық емес отбасында ұл балаларға өте қиын болады: олар қоғамды әйел билейді, ал ерлер ешкім емес деген ойға келуі де мүмкін. Осыған қарамастан олар өз аналарын қорғаумен болады да, өз жеке өмірлерін елестете де алмайды. Нәтижесінде, олар өздерінің гетеросексуалды құмарлықтарын сезінбейді де. Кейбір жағдайларда керісінше, жасөспірімдер аналарына қарсы шығып, үйден қашуы да мүмкін. Осының барлығының нәтижесінде жасөспірімдер әйелдерге жаман іс-әрекет жасауға бейім болып тұруы да осыдан.
Отбасыдағы ата-ананың ажырасу жағдайы тек ұл балаға ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар қыз балаларға да біршама кері әсер етеді. Қыз балаларға да, ұл балаларға секілді әйел мен ер адамның қарым-қатынасы туралы бұрмаланған түсініктер тән болады. Нәтижесінде олардың жыныстық идентификациясы өте өзгермелі келеді [30 350-355].
Әртүрлі мәліметтерге қарағанда толық емес отбасылар, яғни баламн жалғыз қалған ата-ана 13%-дан 40-45 % аралығында болып отыр. Мұндай отбасылар: ажырасудың салдарынан ата-ананың біреуінің өлімінен, сонымен қатар егер олардың біреуі жұмыс барысымен басқа жақта жүрсе немесе ата-аналары мүлде бірге тұрмаған отбасылар.
Жоғарыда бөлінген толық емес отбасының әрқайсысы өз ерекшеліктері мен бала дамуына да әсері әр түрлі болады:
-
ажырасқан отбасыларда жасөспірім көп жағдайда ата-анасының конфликтілі дисгармониялық қарым-қатынасына куә болады;
-
жесір қалған отбасыларда ата-аналарының бірге болғандарын еске түсіру көбіне жағымды эмоциялар тудырады;
-
анасымен ғана болатын балалар – нақты, реалды отбаслық қарым-қатынас, отбасылық қызметтерді сезінбейді.
Қазіргі кезде тек қана аналары бар отбасылар саны көбейіп келеді. 1980 жылы Қазақстанда тұрмыс құрмаған әйелдердің босануы 10,6 % болса, 1999 жылдан бері 27,9% -ды құрап отыр [39, 322-352б].
Қорыта келгенде, отбасындағы ажырасу жағдайы отбасы мүшелерінің барлығына, соның ішінде, жасөспірімдік шақтағы балаларының енді ғана дамып келе жатқан тұлғалық, эмоционалды, қарым-қатынас және т.б. сфераларына айтарлықтай зардабын тигізеді. Сондықтан да, отбасында ажырасуды болдырмау, олардың алдын-алу жолдарын қарастыру психолог мамандарының ғана емес, сонымен қатар , жалпы қоғам алдында тұрған үлкен міндет деп санаймын.
ТАРАУ. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Достарыңызбен бөлісу: |