Сұрақтар мен тапсырмалар:
1) Тіл білімінің зерттеу нысаны.
2) Тіл білімінің салалары.
3) Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімі.
4) Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.
5) Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Тіл білімінің салаларының әрқайсысына сатылай комплексті талдаудың сызбаларын жаса.
Ұсынылатын әдебиеттер:
.
1.Фромкин В. Тіл біліміне кіріспе/ В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс. – 10-басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 бет
2.Аханов К. «Қазақ тіліндегі омонимдер». Алматы-1958 ж
3. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» Алматы,2002ж.
№2- тақырып: Тілдің тарихи дамуы
Жоспары:
1.Тіл мен қоғам байланысы
2. Тіл дамуының сыртқы және ішкі факторлары.
3.Тілдің шығуы мен даму кезеңдері.
4. Біртұтас тіл теориясы.
1.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан. Тіл мен қоғамның өз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет. 2. Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады. 3. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады. Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз. Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді.
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі көрінеді. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. 3. Диалектикалық матерализмнің ойлау мен тілдің өзара тығыз байланыстылығы туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыққа алатын бірден бір дұрыс қағида. Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың ) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлаудың байланысының нақтылы формасы туралы мәселе, тілдің әртүрлі жақтары – материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасымен ұғымының арақатысы және байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе т.б мәселелер енді. Аталған мәселелердің барлығыда күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына),бірінші жағынан, қабылдау мен елестің сезіну, көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етеді. Тіл және ойлау турапы айтылған пікірлерді үш түрлі көзқарастың төңірегіне топтауға болады.
1. Тіл және ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ;
2. Тіл және ойлау арасында ешқандай бірлік, байланыс жоқ;
3. Тіл және ойлау өзара тығыз байланысты, бірге туып, қатар жасап келе жатыр, бірінсіз бірі болмайды, бірақ Бұлардың бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар диалектілік бірлік дейтін тұжырымдар.
Бұлардың ішіндегі бірден-бір дұрыс тұжырым соңғысы. Өйткені тіл — ойпау құралы, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығарып, басқаларға білдіретін құрал, ал ойлау —тілдің идеялық жағы, тіл арқылы берілетін мазмұнның негізі. Тіл және ойлау бір бүтіннің екі жағы, екі саласы: бірі материалдық, екіншісі — идеялық жағы. Тілдің бір жағынан, ойлауға, екінші жағынан, болмысқа қатысын талдау — жалпы тіл білімінің аса күрделі әрі талас туғызып келе жатқан мәселелері. Ойлау арқылы тілдің шындық өмірмен байл анысы жүзеге асады. Ойды білдіру мен жеткізудің құралы бола отырып, тіл ойлаумен тікелей қарым-қатынасқа түседі. Тілдің тұлғалары (единицалары: сөз, сөйлем) ойлау түрлерін (ұғым, пайымдау) белгілеуге негіз болады. Ойлау тілдің негізінде болады.
4. Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.
Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді .
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады .
Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
Қоғам тілдің пайда болуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша әске асады. Тілдің дамуы заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы түрлі көзқарастар бар.
Мысалы. Н.Марр тілдің даму мәселесі жөнінде «сатылық даму теориясын» ұсынды. Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді. Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды.
Кейбір лингвистердің (ағайынды Шлегельдер, Гумьболд және т.б) тілдің өткен дәуірін – классикалық дәуір, ал бергі дәуірлер тілдің құлау, бүліну дәуірі деп есептеулері ешбір шындыққа жанаспайды, мүлдем қате көзқарас.
Тілдің биологиялық құбылыстың қатарына жатқызатындар , мысалы неміс лингвисті Август Шлейхер, тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді.
Тілдің даму заңдылықтарына келмес бұрын, алдымен тілдің заңдарын – жалпы заңдар(общие законы) және жеке заңдар(частные законы) болып екіге бөлінетіндігін айтып алуымыз керек.
Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі құрылымдық элементтерінің даму қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады.
Тіл дамуының жеке заңын оның барлық саласымен, атап айтқанда: лексикамен де, грамматикасыменде, фонетикасынан да табуға болады.
5. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары
1. Тілдің даму заңдылықтары жөніндегі мәселе – жалпы тіл тану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік құбылстардың сырын білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән мағынасын түсіну мүмкін емес.
Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің лингвистикалық проблемаларының бірі ретінде қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тілдің тарихи құбылыс екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бұрушылық ХІХ ғасырдың басында, салыстырмалы – тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен басталады.
Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі болатын жағдайлары болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке, нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ, бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
2. Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі түрі – тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Басқа тілдермен байланыссыз, томаға тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Тілдер қарым-қатынасының тіл дамуына тигізетін елеулі әсері барлығы тіл білімнде бұрыннан белгілі. Бұл әсер тілдер арасындағы қарым-қатынастың сипатына қарай әр түрлі болады. Тілдік қарым-қатынас (контакт) әр түрлі тілде сөйлейтін халықтардың бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынасқа келуі нәтижесінде пайда болады. Оның да жолы әр түрлі. Бір аймақта тұратын тілдер бірін екіншісі ассимиляциялағанда жеңілген тіл іс-түссіз жойылып кетпейді, оның қалдықтары жеңген тіл ішінде ұзақ сақталады. Егер қалдық жергілікті тілдікі болса, субстрат делінеді де, келімсектер тілінің жойылуынан қалған қалдық болса, суперстрат деп аталады. Ал достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізген әселері интерстрат делінеді.
Тілдер қарым-қатынасының соңғы түрінің тамаша үлгісі ретінде совет халықтары тілдерінің бір-біріне тигізіп келе жатқан игілікті әсерлерін айтуға болады. Бұл саладағы шешуші рөл атқарып келе жатқан тіл – орыс тілі. Орыс тілін бүкіл совет халқы өз еріктерімен бір – бірімен қатынас жасайтын ұлтаралық тіл ретінде қабылдады да, оны екінші ана тіліміз деп жариялады.
Тілдер дамуына ішкі себептердің тигізетін әсері де аз болмайды. Олар тіл тарихының барлық дәуірінде де оны дамуына үздіксіз әсер етіп отырады. Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы себептерді бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүние деп санауға болмайды. Бұларды да таза тілдік себептер деуге болмайтыны тәрізді, әлеуметтік қажеттілік, экстралингвистикалық себеп мұнда да жоқ емес. Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бір жолы - тоғысу түрінде, екінші жолы - тілдік элементтердің (дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, сөйлем құрылысының) енуі түрінде.
(Тілдердің тоғысуы (этникалық топтардың бірігуі) процесінде Субстрат, суперстрат, адстрат деп аталатын құбылыстар пайда болады. Субстраттардың нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат дегеніміз - жеңілген тілдің жеңген тілдегі элементтері. Мысалы, қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль) деген халық тұрған. Оларды римдіктер (француздар мен испандар) жаулап алды да, ол халықтың тілі жойылды. Бірақ қазіргі француз, испан тілдерінде сол жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған. Келт субстраты дегеніміз - француз, испан тіддеріндегі сол қалдық элементтер (Мысалы, француз тіліндегі И дыбысы). Суперстрат дегеніміз - жоғарғыға керісінше: жеңген халықтың жеңілген халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Ал адстрат дегеніміз — жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер.
Енді тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтердің енуіне (яғни екінші жолға) келелік.
Удмурттар (фин-угор тобына жатады) мен татарлар (түркі тобына жатады) баяғыдан қоныстас, көршілес өмір сүріп келеді.
Сондықтан олардың тілі бір-біріне әсер еткен. Татар тіліндегі дж дыбысы удмурт тіліне ауысқан. Бұл дыбыс удмурт сиякты басқа фин-угор тілдерінде жоқ. Басқа түркі тілдерінде ұяңнан басталатын сөздер чуваш тілінде қатаңнан басталады. Мысалы: бас - пус, бар - пур, дауыл - тавыл. Неге!
Сөйтсек, ол көрші жаткан марий тілінің әсері екен. Ол тілде дауыссыздан басталатын сөздердің басқы дыбысы әр уақыт қатаңнан басталады.
Тілдердің өзара әсері лексика саласында жиі ұшырасады. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де араб-парсы және орыс тілдерінен енген көптеген сөздер бар.
Әдетте, тілдің фонетикасы мен грамматикасы тұрақты болады. Жиірек өзгеретіні, ауысатыны — лексика саласы. Егер бір тілден екінші тілге дыбыс не қосымша ене қалса, олар көп жағдайда сөздермен бірге, сөздердің құрамында ғана ене алады. Мысалға, қазақ тіліне орыс тілінен ауысқан 12 әріпті (дыбысты) келтіруге болады. Ол 12 дыбыс қазақ тілінің байырғы төл сөздерінде қолданылмайды, тек орыс сөздерінде ғана қолданылады.
Бір тілдің екінші тілге әсері морфологиядан гөрі синтаксисте көбірек аңғарылады. Бұған орыс тіліндегі үлгі бойынша қазақ тілінде оңашаланған айқындауыш мүшелі сөйлемдердің немесе әр түрлі қыстырма сөздері бар сөйлемдердің қалыптасуын мысалға келтіре аламыз. Мысалы: Тоғжанға Абай тағы бір рет, соңғы бір рет қарады (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |