Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама. Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз



Дата08.11.2023
өлшемі64.71 Kb.
#482685
stud.kz-117248

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Физика-техникалық»
Кафедрасы «Плазма және компьтерлік физика»

СӨЖ
Тақырыбы: : «Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама. Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.»

Орындаған: Нақыпбек Әсел
Тексерген: Авсыдыкова Куралай Адылжановна


Алматы, 2022ж


Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама. Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
Қоғам – барлығымызға ортақ, жеке адамдардың ең үлкен ұйымы. Қоғамның әр салада өз проблемалары бар. Дәл социологияны зерттеу арқылы қоғамдағы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ең оңтайлы шешімін қарастыруға мүмкіндік туады.
Барлығымыз бір ортада өмір сүріп, әрқашан басқа адамдармен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтану ғылымын түсіну маңызды деп санаймын. Күнделікті өмірде түрлі проблемалармен соқтығысып жатамыз. Кедейлік, жұмыссыздық, ажырасу, ішкіштік деген сияқты мәселелер қоғамымыздың ажырамас бір бөлігіне айналды. Ал бұл мәселелерді түсініп оларды шешуге әрекет жасау үшін осы топ адамдарының жағдайын кеңінен қарастыруымыз керек. Яғни неліктен дәл осы адамдар осындай әрекет жасайтынын анықтауымыз қажет. Әлеуметтану ғылымы осы сұрақтарды қарастырады.
Әлеуметтанудың ең маңызды тұсы – ол қоғамның әлеуметтік институттарын ғылыми тұрғыдан зерттеуі. Соңғы кездері әлеуметтанудың адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ғылым ретіндегі маңыздылығы көріне бастады. Қоғамды ғылыми зерттеу және адам қасиеттерін ғылыми тұрғыдан насихаттау ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалды. Қазір қоғамды шын мәнінде ғылыми тұрғыдан зерттеу өте жақсы деңгейге шықты.
Әлеуметтанудың маңызды аспектілерінің және ең үлкен мүмкіндіктерінің бірі - қоғамның мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізу. Әлеуметтік зұлымдық жайдан-жай болмайтыны және әр нәрсенің өз себебі бар екенін барлығы түсіну қажет деген ойдамын.
Әлеуметтанудың интеллектуалдықта маңызы бар. Әлеуметтануды зерттеу жеке адамға адам қоғамын және әлеуметтік жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектеседі. Адам әлеуметтану ғылының маңызын түсінгенде, адамдарға қоғамға бейімделу жеңілірек жүреді.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұғымдардың бірі – әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым тек адамдардың жеке мәселесін ғана емес, білім алу немесе жұмыс істеу деген сияқты кең мағынадағы мәселерді қамтиды.
Ал әлеуметтік қиял менің түсінігімше жеке адамдардың проблемасын түсіну арқылы қоғамның қиындықтарын шешу жолдарын қарастыру. Мысалға кедейлік, ажырасу немесе қоғамнан күдер үзу деген сияқты проблемаларды бәріне ортақ деп түсіну, себебі адамдар көп жағдайда бірдей мәселелерге душар болып жатады және де олардың өмірлері бір-бірімен тығыз байланыста. Адамның күні адаммен деген сөз тіркесі де осыдан шыққан болар.
Былайша айтқанда, проблема дұрыс қойылуы үшін және дұрыс шешімдер көбірек табылуы үшін тек жеке тұлғалардың адамдардың жағдайын ғана емес, қоғамның экономикалық және саяси институттарын қарастыру талап етіледі.
Әлеуметтік қиялды дамыту – жеке адамдардың мәселелерін қоғамдағы жағдайлардың салдары екенін және оны адамның өзі толық бақылай алмауы мүмкін екенін түсіну.
Миллер осы жағдайға өте жақсы мысал келтірген. Екі сабағы нашар оқушыны қарастырайық. Көптеген адамдар екеуін бірдей дәрежеде жазғырып, оларды еріншек немесе ынта жоқ деп кінәләуі мүмкін. Бірақ екі оқушының жағдайы бірдей емес. Бір оқушының сабағы төмен болу себебі шынында да жалқаулық пен ақылсыздықтан болса, екінші оқушы үйдегі түрлі мәселелердің әсерінен, мысалы ақша жетпей, оның көп уақытын қосымша жұмыс жасаумен өтетіндігін бәрі түсіне бермейді. Бұл жағдайдан қорытындылай алғанда баланың оқуда табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы тек өзіне ғана емес, әлеуметтік факторларға да байланысты екенін түсіну.
Әлеуметтік қиял сізге басқа адамдардың мәселелерін біржақты ғана қарамай, кеңірек ауқымда ойлауға мүмкіндік береді. Бұл адамдар арасындағы түніспеушілікті жойып, қоғамның алдыға қарай дамуына әрекет жасайды. Әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жеке тұлғаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды, яғни адамдардың шектелген түсінігін де өзгерту керек екенін түсінемуіз қажет. Ал бұл мәселеде әлеуметтану ғылымының маңызы орасан зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет