Ғылымда әлеуметтік
әл- ауқат
ұғымының анықтамасын
берудегі
концепциялардың айырмашылықтары қандай?
Әлеуметтік
әл-ауқат cаясат
ғылым
ретіндегі
даму
тарихы
кезендерін
сипатта.
3. "Әлеуметтік әл-ауқат әлеуметтік құндылық ретінде"шағын эссе.
1.Әлеуметтік әл-ауқат -Жалпы қоғамның немесе қауымдастықтың әл-ауқаты. Экономикалық тұрғыдан алғанда, әлеуметтік әл-ауқат қоғамның әр жеке мүшесінің әл-ауқатының немесе пайдалылығының жиынтығы. Түрлі ұлттардың әл-ауқатына салыстырмалы талдау тұрмыс деңгейі мен сапасын бағалаудың жиынтығы бойынша (мысалы, ұлттық табыс немесе халықтың жан басына шаққандағы ЖҚӨ, жалақы мен аса маңызды тауарлар құнының арақатынасы бойынша, халықтың тамақтануының кенеулілігі көрсеткіштері мен үлгісі бойынша, т.б.) жүргізіледі. Елдердің әлеум.-экон. Дамуы деңгейіне қарай кедейлік шекарасының елеулі айырмашылықтары бар. Мәселен, жоғары дамыған елдерде кедейлік деңгейіне сай келетін табыс тамақ өнімдері мен тұрғын үйге өмірлік маңызды қажеттіліктерді ғана емес, сонымен бірге осы қоғам үшін қолайлы ең төмен деңгейдегі әлеум.-мәдени қажеттіліктерді де қанағаттандыруға кепілдік береді.
2. Әл-ауқаттың негізгі элементі – саралау және халық табысының деңгейі болып табылады. Баланың әл-ауқаты – баланың тіршілік әрекетіне қамтамасыз ететін қажетті материалдық және өзге де ресурстар. Балалары бар отбасының әл-ауқат деңгейі қоғамдық ресурстарды бөлудің әлеуметтік әділеттілігін принциптеріне және қиын өмірлік жағдайдағы балалармен отбасыларға мемлекеттік қолдау механизмдерінің тиімділігіне, отбасының экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізудегі жеке белсенділігіне негізделген ел және өңір ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың стратегиясына, әлеуметтік көмек шаралары жүйесіне байланысты. Халықтың өмір деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну бюджетімен, жалақы деңгейімен, әлеуметтік инфраструктураның дамуымен, мемлекеттің табыстарды реттеу саясаты және басқа факторлармен салыстырғанда табыстар деңгейімен анықталады. Әлеуметтік дамудың түрлі деңгейлері әлеуметтік теңсіздіктің базасы болып табылады, бай және кедейлердің пайда болуы, қоғамның қабаттасуы, оның стратификациясы (бірдей табыс, билік, білім, мәртебені қамтитын страта-қабат). Табыстарды бөлудегі теңсіздіктіктің пайда болуына әлеуметтік оқшаулау, қоғамдық өмірден түсу кедейлік болып табылады. Халықтың нақты табысының біртіндеп өсуі, негізінде әл-ауқаттың көтерілуі, халық түрлі санаты арасындағы аса саралануының төмендеуі және тиісінше әлеуметтік қамтамасыз ету негізінде әл-ауқаттың артуы әлеуметтік дамудың стратегиялық мақсаты болып табылады.
3. «Әлеуметтік әл-ауқат әлеуметтік құндылық ретінде»
Жалпы әл-ауқат дегеніміз не екенін біліп алсақ. Әл-ауқат – отбасының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, класстың және жалпы мемлекет халқының өмірлік қажеттіліктерімен қамтылуы (рухани, материалдық, әлеуметтік) болып табылады. Әлеуметтік әл-ауқаттың негізгі көрсеткіштері — отбасының билігіндегі табыс. Ол бастапқы табыс, меншіктен түскен табыс, әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы, зейнетақы, өмірді сақтандыру бойынша төлемақы, тікелей салықтарды, әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналарды, зейнетақы қорларына төленетін жарналарды шегергеннен кейінгі басқа да трансферттер формуласы бойынша айқындалады. Халықтың әл-ауқатының деңгейі ағымдағы табысқа ғана емес, сонымен бірге қорланған мүліктің мөлшеріне (дәулетке) де байланысты. Әл-ауқатты бағалау кезінде халыққа мемлекет тарапынан тауарларды тегін беру мен тегін қызмет көрсету де, қайырымдылық қызметі де ескеріледі. Көп балалы отбасылардың әл-ауқаты көбінесе елдегі халықты әлеум. Қорғау жүйесінің даму дәрежесіне (соның ішінде түрлі әлеум. Жәрдемақы төлеу мөлшеріне, берілетін жеңілдіктерге) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |