Қазiргi таңда қазақ тiлi лексикасының барлық қабаты қарастырылып зерттелуде, соның iшiнде әр қабатқа қатысты тұрақты тiркестердi тақырыптық топтарға бөлiп, оларды әр түрлi аспектiде талдау кеңiнен тарап келедi.
Тұрақты тiркестердi тiлдiк заңдылықтарға сүйене отырып зерттеумен қатар халықтың дүниетанымына, салтдәстүрiне, үлттық болмысына байланысты сипаттаған дұрыс, себебi тұрақты тiркестер тек тiлдiң бейнелеушi элементi ғана емес, сонымен қатар халқымыздың рухани өмiрiнiң байлығын көрсетуде ерекше қызмет атқарады.
Осы бағытта ең алғаш қомақты ой-тұжырым жасап, зерттеу жүргiзген ғалымдар: М. Қашқари, А. А. Потебня, Н. И. Толстой, Ә. Қайдар, Е. Жанпейiсов, т. б.
Қазақ тiл бiлiмiнде этнолингвистиканы жеке дербес пән ретiнде, оның тарихы мен даму барысының негiзiн қалаушы Ә. Қайдар (1) және оның iзбасарлары (2).
Ә. Қайдар бастаған этнолингвистикалық мектептi, этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп өз монографиясында профессор М.М. Копыленко (3) жогары баға бередi.
Қазақ тiлiнiң рухани мәдениет лексикасын құрайтын бiр бөлшегi - сан есiм қатысқан сөз тiркестерi, тұрақты тiркестер. Сан есiм қатысқан фразеолошзм деп уйытқы сөзi сан есiмнен келетiн фразеологияльщ бiрлiктi айтамыз.
Алайда, қазақ тiлiнде сан есiмнiң қатысуымен жасалған фразеологизмдер бiрер еңбектерде жол-жөнекей сөз болғанмен, этнолингвистика тұрғысынан арнайы әлi қарастырылған емес.
Сан есiм қатысқан фразеологизмдер, жалпы сөз тiркестер қаншама зерттелiп келе жатса да, оның күрделi табиғатына тән заңдылықтардың қыры мен сыры қазақ тiлiнде түгел ашылды деп үзiлдi - кесiлдi тұжырым жасауға болмайтын секiлдi. Оның бiр қыры сандардың өзiндiк қасиетiне, яки киелi сандарға байланысты екенi анық көрiнедi.
Жалпы таным проблемасымен байланысты ескiлiктi наным-сенiм түрлерiнiң тiлдiк көрiнiстерi әсiресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседi. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзiк бақылау жасай келiп, олардың ортақ қасиетгерi мен сипаттарын санмен түйiп, санамалап айтып отырган. Мысалы, Үш қуат: ақыл, жүрек, тiл. Үш жүз: ¥лы жүз, Орта жүз, Кiшi жүз. Төрт кiтап: Мұсаның кiтабы - Тәурет, Дәуiтгiң кiтабы - Забур, Исаның кiтабы - iнжiл, Мұхамбет пайғамбардың кiтабы - Құран. Төрт түлiк: жылқы, түйе, сиыр, қой. Төрт тұрман: ер тұрманы, мұкәммалы, жаужарағы, бес қаруы. Бес қару: тартыспақ, атыспақ, шанышпақ, шабыспақ, салыспақ. Бес анық: тiл, дiн, тарих, дәстүр, ата мекен. Алты парыз: бiр-бiрiне сәлем беру, шақырса бару, кеңес сұраса - ақыл қосу, сүрағына жауап беру, ауырып қалса - көңiл сұрау, қайтыс болса жерлеуте қатысу. Жетi қат жер: тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көкөгiз жер. Жетi жан: қызыл түстi жан, сарғыш түстi жан, сары түстi жан, жасыл түстi жан, көгiлдiр түстi жан, күлгiн түстi жан. Орта ТОРЫЗ: бестi ат, екi құнан, екi тайынша, төрт қой. Он екi мүше: бас (1), омыртқа (1), жанбас (2), жаурын (2), тоқпан жiлiк (2), асық жiлiк (2), қара жiлiк (2) және т. с. с.
Наным-сенiмге қатысты «киелi ұғымдар» непзiнде пайда болган құбылыс.
Сан атауы сәбидiң ана қүрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болган.
Сандар адам баласының ертедегi өмiрiнде уақыт өлшемi, көлемдiк өлшемi жағынан ерекше қызмет атқарган. Мысалы, о баста бескүндiк апта, бертiн келе жетi күндiк апта болған.
Сан есiмдердiң фразеологиялық бiрлiк жасаудағы деңгейi бiрдей емес. Бiрiншiден, есептiк сан есiмдер өте жиi қолданылады. Екiншiден, сан атаулының бәрi бiрдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын "төрт", "жетi", "тоғыз", "қырық" сандары.
Сан есiмдердiң iшiнде кейбiр сандар сандық мәнiмен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленедi. Бұндай жағдай, әсiресе осы сандардың тұрақты тiркестерде, аңыз-әңгiмелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дуниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседi. Сонымен бiрге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Әрине, бұл тегiн нәрсе емес, үңiле қарайтын болсақ онда халқымыздың өзiндiк дүниетанымдарынан, тұрмыссалт ерекшелiктерiнен туындаған түрлi тiлдiк деректер мол сақталған. Бұл ретге В. А. Гордлевский мысалы (4) «Алтай тiлдерiндегi сан атауларының өзi халықтың рухани мәдениетi мен тарихына, үлггық дүниетанымына байланысты шыққан» деп жазады. Демек, қазақ тiлiндегi сан есiм қатысқан фразеологизмдердiң басым көпшiлiгiнiң пайда болуы о бастағы сан атауларының өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты деп қарасақ, оған әсер етушi факторлардың табиғаты ерекше деген сөз. Сондықтан жұмыстың өзектiлiгi, мiне осы сан есiм қатысқан фразеологизмдерге таза тiлдiк факты ретiнде ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан, яғни тiлдiң атқаратын танымдық қызметi жағынан алып, қарап, зерттеу жүргiзуге байланысты. Сан есiм қатысқан фразеологизмдер өте көп, солардың iшiнде осiресе халқымыздың рухани ескiлiктерiне, мифологиялық нанымсенiмiне қатыстылары ерекше көңiл аударады.
Қазақтың бай ауыз әдебиетi мен өткен ғасырларда өмiр сүрген ақын ыраулардың тiлiнде көнеден келе жа-тқан образдарды пайдалануға, ескi тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған, мағынасы өзгерген сан есiм қатысқан тұрақты тiркестер кездеседi. Сондай тұрақты тiркестердiң сырын бiлiп, қолданылган жерiнде мағынасын түсiну, олардың түп-төркiнiн танып отыру үшiн сандардың өзiндiк ерекшелiгiн ашу өте қажет деп есептеймiз.
Сан есiм қатысқан сөз тiркестерi арнайы еңбектiң зерттеу объектiсi деп бiлемiз.
Зерттеу материалдары ақын-жазушылардың шығармаларынан, ауыз әдебиетiнiң мол мұрасынан, әр түрлi сөздiктерден, анықтамалардан, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз беттерiнен, күнделiктi өмiрде қарттардың әңгiмесiнен терiлдi. Сонымен қатар көне, орта ғасырда жарық көрген ескерткiштерден (Күлтегiн, Бiлге қаған, Тоныкөк, Оғызнама), арнайы еңбектерден (Қ.А. Иасауи, М. Қашқари) жинастырылды. Тақырып бойынша жалпы саны 3 (үш) мыңнан аса фразеологизмдер жиналып, соның iшiнде басым көпшiлiгiне талдау жасалды.
Сан есiмнiң қатысуымен жасалған сөз тiркестерiнiң тiлдiк табиғатын зерттеу негiзiнде олардың ұлттық болмыс мазмұныы анықтау - еңбегiмiздiң негiзгi мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа байланысты жұмыстың мынадай нақты мiндеттерiн көрсетуге болады.
1. Сан есiм қатысқан фразеологизмдердi ауыз әдебиетi үлгiлерiнен, әр түрлi сөздiктерден, ақын-жырау шығармаларынан жиып көрсету.
2. Сан есiм қатысқан фразеологизмдердi табиғи жүйе бойынша жiктеп, топтастырып өзара сала-салаға бөлiп қатыстыру.
3. Сан есiм қатысқан фразеологизмдердiң мотивтiк негiздерiн, олардың пайда болуына себеп болған этнолингвистикалық және т.б. факторларды айқындау.
4. Қасиеттi сандардың фразеологизм жасаудағы әсерiн анықтау.
5. Сандарға байланысты үғымдарды және түрлi құбылыстарды айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |