Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары



Дата29.10.2023
өлшемі75.04 Kb.
#481885
Эссе (5)


Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары



Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Әлеуметтік - тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді.


Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана - сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады.
Жеке тұлғаның ұлттық сана - сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді. Ұлттық құндылықтар - олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Еліміз дамыған елдің қатарына кіру үшін түрлі бастамаларды қолға алып жатыр. Әрине бұл жағы баршамызға түсінікті. Еліміз еңсесін түзеп, жеріміз дамып жатса оның бізге тиер пайдасы болмаса, залалы соқпайды. Алайда мені толғандыратын жайт қазақ жастарының этикалық құндылықтары қаншалықты бірге дамып жатыр. Ендеше осы мәселені талдап көрейік.
Бұл үшін біздің санамызда этика ұғымының қандай деңгейде екенін қарайық. Жалпы этика деген сөзді түрлі ұғымда, түрлі тарапта қарастыра беруге болады. Ол қарапайым өмір қағидасы секілді түрлі бөлімдерден құралған. Мәселен, ұлттық, мәдени және қарапайым мінез-құлықтардың ұғымдарымен дәл сәйкес келеді. Ал енді осы мәдени этикеттердің қазақ жастары арасында қаншалықты терең сақталатынын тексеріп көрейік.
Біріншіден, ата - бабаларымыздың қоғамға қалыптастырған нақыл сөздері. Әуелі бұл сөзімді ұлы ақын Абай атамыздың «Адами құндылықты сақтаудың бірі - жан -д үниенің рухани тазалығы болса, бірі - сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек,» - деген нақылымен бастағым келеді. Расымен де адам баласының қарым қабілеттері мен қасиеттері туралы ұлы тұлғаларымыз мардымды өсиеттерін шетсіз, шексіз қалдырып кеткен. Осындай бақытты елдің ұрпағы ретінде Қазақи құндылықтарды санамызға сіңіріп этиканы сақтау - өз қолымызда. Ойланып қарасам бұрын қазақтың кең жазира даласында «этика» сөзі таралмаған еді. Бірақ бұл этиканың мүлдем болмағанын көрсетпейді. Керісінше, Қазақ даласында ежелден бері бұл тақырыптың түрлі ауқымда таралғанын біле аламыз. Оған «Жас мұраты, білім, тәлім - талабы. Өнер, оқу - жастық қару жарағы» алаш ардақтысы, ақын Ілияс Жансүгіровтың өлең жолдары дәлел емес пе? Сондықтан бертін келе жаңадан енген этика сөзінің сезімін одан әрмен дамытуға толық құқығымыз бар. Міне, осы дәйектемелерім арқылы қазіргі замандағы қазақ жастарының этикалық мәдениеті өте ежелден-ақ қалыптаса бастағанына дәлелдеме ретінде толық келтіре аламын.
Екіншіден, жаңа технологияны меңгерген заманауи қазақ жастарының этикалық құндылығын сақтауы. Еліміз көштен қалмай иық тіресе сағат сайын ілгерілеп келеді. Заманауи көзқараста ойлайтын қазақ жастарында технология тілін терең меңгергендер бар. Әлбетте қайсармінезді қабілет пен елінің еңсесін түзеп, жеріміздің дамуына үлес жасап жатқандар көп. Бұдан еліміздің көші алға дамып жатыр. Алайда жастардың этикалық құндылығы қаншалықты бірге өсіп жатыр? Менің ойымша, елімізде саналы жастар өте көп. Әрі білімге құштар, заманауи жастар тобының көші көбейіп жатыр.
Міне, осы замануи технологияның көшіне ілескен жастардан этикалық қабілетін байқаймыз. Себебі, этикалық қарапайым қайсар құндылығы болмағанда еліміз де, жастар да үлкен биіктерді бағындыра алмас еді ғой!
Қорыта келе, алдау мен жалғаннан жиреніп, адалмен ардан аттамаған этикалық қабілеті жоғарықазақ жастары деп нық сеніммен айта аламын. Себебі, бейбіт елдің тұтқасын тұрақты ұстау осы этикалық қабілет арқасында жүзеге асады. Есіміздеболсын тұрақтылықты сақтау осы құндылықтарымызды бекіткенде ғана жүзегеасады. Жауапкершіліктің жүгін білген әржастарымыз заманнан да, қасиеттен де ешқашанайырылмайтынына сенімім мол!
Қазіргі заман жастары, атап айтсақ Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан жас буын XX ғасыр жастарынан айтарлықтай айырмашылық жасайды. Бірақ, бұл жастардың жалпыадамзаттық құндылықтардан түбегейлі арылды дегенді білдірмейді. Әрине ,бәрі бірдей саналы емес,есесіне білім деңгейі тұрғасынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Өз кезегінде білімге құштар жас буынның негізгі тобы ілесіп келеді. Заман жастарының бойында - байсалдылық , рахым,қанағат,ұждан этикалды қасиеттері толық қалыптаспағанымен, алға ұмтылу,қайсар мінездері әлі де болса көрініс табады. Жалпы этика дегеніміз не?
Этика- қарапайым ғана адамзаттық құндылық, мінез-құлық ұғымдарымен тұспа-тұс келеді. Діни ,ұлттық , жалпыадамзаттық , нормативтік,теориялық тұрғыда қарастырылатын этиканың да сан түрлі бағыттары белең алады. Қазіргі заман жастарының этикалық құндылықтарын "қазақ жастары" емес "Қазақстандақ жастар" етіп ажыратамыз. Қазақстандық жастардың құндылықтарын,оның ішінде ақыл-ой,білімін дамыған мемлекет жастарымен салыстыру ақымактық. Дамыған ел жастарының дамушы мемлекет жастарынан тек бір айырмасы- жаңа технологиялық жүйеде жатыр,ал жаңа заман талабына сай кез-келген құралдарға машықтану көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан да жастарды білім деңгейі бойынша бір саты төмен қою қателік .Атап өткендей жас буынның білім алуға құштарлығы жоғары,дегенмен , статистикалық мәліметтер 300 мыңдай тұлғаның құндылықтарға аса ден қоймайтындығын дәлелденген. Негізгі себептері: орта мектепті тәмамдаған соң әскерге кету және оралғаннан кейінгі жалғасы таппаған білім, ерте жастан отау құру, отбасылық жағдайлар мен білім ордаларының жоқтығы, тілдің шұбарлануы,нақтырақ айтқанда патриоттық сезімнің өлуі не болмаса қазақ этнонимінің орыстану процесі.
Этиканы басқалай тұрғыда іс-әрекет пен сөйлеу мәнері бойынша бөліп қарастыруға болады. Мысалы,жас буынның қазіргі сөйлеу тілі кітап тілінде сайрайды. Оған дәлел, қазақ сөздіктерін жазғанда негізгі диалект сөздердің үлкендер арасында ғана кең қанат жаюы. Жағымсыз тұсы:тілдың шұбарлануы. Іс-әрекеттік типтері бойынша волонтерлік қызметтерді аркау етуге болады, жағымсыз тұсы-көше тәрбиесінің қисынсыз әрекеттері (бұл құрамға қоғамдық орындағы оқушы мен қарт арасында жиі туындайтын кикілжің).
Қазіргы заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын көркейтуде - патриот ұғымдары жиі қолданылады. Жастарды мейлінше сауатты, білімді,рухани және ішкі құндылықтарға бай ету Елбасы жолдауларында да көрініс табуда. Қоғамда жастың ғана емес,адам мен адамның бір-біріне деген шын ілтипат,істері ерекше орын алады. Бұны қарапайым ғана дәрігер мен кішкентай бала деп те қарастырсақ болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет