Бопай ханым жоғары медициналық колледжі
Оқу сабағының жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
(сабақ тақырыбы)
Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы
Модул/пән атауы __Қазақ_әдебиеті_________________________________
Дайындаған педагог _Бакитова_Айнагуль_Тугельбаевна_______________
2024_ жыл "18"наурыз
1.Жалпы мәліметтер:
1.1.Курс, оқу жылы,топ 1 курс ___________________________________
1.2.Сабақтың типі_аралас сабақ_______________________________________
2.Мақсаты, міндеттері: Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу алады, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алу
Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,жаңа атаулар туралы түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды туған елін, тілін құрметтеуге еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
2.1.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретінкүтілетін нәтижелер және
( немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
білімдерін жаңарту,шығармашылық және бастамашылдық дағдыларын арттыру
3.Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
1. А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева. Қазақ әдебиеті.
2. С.Қасқабасов, Р. Әлімханов, Е.Раушанов, Қ.Қайырбай. Қазақ әдебиеті
3. 2 Техникалық құралдар,материалдар
- электронды әдістемелік жүйе
- дидактикалық материалдар
4. Сабақтың барысы:
1. Сергіту сәті
2. Үй тапсырмасы
3.Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» романы
Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Үшкөз ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан өмірін болашақ көркем дүниелеріне оқиға өзегі етіп алды.
Ә.Нұрпейісов 1956 жылы Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдап, шығармашылық жолға түседі. 1962-1964 жылдары “Жұлдыз” журналының редакторы болды. Содан беріде таза жазу жұмысымен айналысып келді де, соңғы уақытта ПЕН-Клубтың қазақ бөлімшесін, “Таң-Шолпан” журналын басқарып жүр.
Тұңғыш романы “Курляндия” 1950 жылы жарияланып, кейіннен “Күткен күн” деген атпен (1958) өңделіп, екшеліп жарық көрді. Ол – “Сең”, “Соңғы парыз” роман-дилогиясының, “Толғау” атты сыни еңбектің, көптеген очерктер мен көркем аудармалардың авторы.
Басты туындысы – “Қан мен тер” трилогиясы (1-кітап – “Ымырт”, 1961; 2-кітап – “Сергелдең”, 1964; 3-кітап – “Күйреу”, 1970). Ә.Нұрпейісов – халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған қазақ романдарының ішінде жанрлық-композициялық, стильдік тұрғыдан “Қан мен тер” трилогиясының өзгешеліктері мол. Біріншіден, шығармада дәуір тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең қамтылып суреттеледі. Екіншіден, “Қан мен терде” басқа туындыларда аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше толыққанды бейнеленеді. Үшіншіден, романдағы авторлық мақсат, сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Төртіншіден, Ә.Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін танытады.
Ә.Нұрпейісовтің бас қаһарманы Еламан – еңбекші қауымның өзгеден алабөтен артықшылығы жоқ қатардағы өкілі. Оның шектен тыс жуастығы, сылбырлығы, шешуші сәттердегі екіұдайлығы бізге таныс революционерлер мінезінен алшақ жатыр. Тек қана адам ретінде сараптағанда кінәлауға да болмайтын дағдылар Еламан жан дүниесіндегі адамгершілік максимализм, турашылдық, намыс сарылып әділет іздеу іспетті ұждандық-этикалық сапалар аясында табиғи қалпымен нанымды. Саяси-әлеуметтік сауаты ашылмаған, қазақ даласындағы тұңғыш өнеркәсіп салаларының бір түрі – балықшылық кәсібімен күнелткен, мәдени-ағарту орталықтарынан алыс, табиғаты қатал Арал теңізі өңіріндегі жандардың ел тұтастығы мен егемендігі үшін күреске шығуы – тарихи заңды құбылыс.
Фамилиясы да аталмайтын (әкесі – Науан) “қараңғы” Еламанның семьялық арнадағы тіршілік-тынысы – оның бүкіл адамдық тағдырын анықтаудағы, ар-ождандық ізденістерін, ашудағы негізгі тетіктердің бірі. “Қан мен тердің” тағы бір ерекшелігі халық бейнесін сомдауда елдің наным, сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән берілуі, жекелеген жандардың қоғамдық аренадағы орны мен тұрмыстық қалпын желілес суреттеу. Трилогиядағы психологиялық арна автордың әр от басындағы тіршілік дағдыларын кейіпкерлердің рухани өміріне тереңдеп бейнелеуден байқалады. Еламан, Рай, Мөңке, Қален, Төлеу отбасы, Тәңірберген, Федоровтар әулеті, штабс-капитан Рошаль, орыс жұмысшылары, Сүйеу қарт, Судыр Ахмет ошағына дейін жіті назар сала, арнайы тоқталуды көреміз. Бұл әдіс роман қаһармандарына тиесілі әлеуметтік іс-әрекеттердің психологиялық түп-тамырын табуға, образдардың толыққанды сипатын ашуға тікелей жол бастаған.
4. Үй тапсырмасы
Достарыңызбен бөлісу: |