ҚҰб веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты Инфляция



Дата23.02.2016
өлшемі50 Kb.
#5837
ҚҰБ Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және

қаржы нарығының кейбір сегменттері бойынша талдау ақпараты
Инфляция (2006ж. маусым)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2006 жылғы шілдеде 0,2% (2006 жылғы маусымда – 0,3%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%, ақылы қызметтер 0,5% қымбаттады.

2006 жылғы шілде айында азық-түлік тауарларының ішінде жұмыртқа 4,6%, қант 2,5%, жеміс және көкөніс өнімдері 1,7%, сары май және майлар 0,4%, балық және теңіз тағамдары 0,2% арзандады. Жарма бағаларының 0,9%, күріш бағасының 0,7%, ет және ет өнімдері бағасының 0,2%-ға өскені тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында негізінен бензин бағасының 6,5%-ға айтарлықтай өсуі байқалды. Сонымен бірге киім-кешек және аяқ қиім, үй тұрмысына қажет бұйымдар, баспа өнімдері, жеке бастың тазалығына қажетті тауарлар 0,4% қымбаттады.

2006 жылғы шілдеде тұрғындарға көрсетілетін ақылы қызметтер арасында көлік қызметі 2,0%, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметі 0,6%, медициналық қызмет көрсету 0,5% қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің тарифтері 0,3% артты. Бұл ретте қоқыс жинау бойынша қызме көрсету 3,4%, газбен қамтамасыз ету 0,6%, сумен қамтамасыз ету 0,4%, электр энергиясы 0,1% қымбаттады.

2006 жылдың басынан бері тұтыну нарығындағы бағалардың өсуі 5,1% құрады (2005 жылғы қаңтар-шілдеде 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 3,4% (2,5%), тұрғындарға ақылы қызмет көрсету бағасы 7,0% (4,0%) өсті.

2006 жылғы шілде айында инфляция жылдық көрсеткіште 8,7% (2005 жылғы желтоқсанда 7,5%) құрады, азық-түлік тауарлары 8,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,8%, ақылы қызмет көрсету 11,1% қымбаттады.
Валюта нарығы (2006 ж. маусым).

2006 жылғы шілдеде ішкі валюта нарығында әр түрлі бағытталған үрдістер байқалды. Теңгенің шілде айының алғашқы екі онкүндігінде байқалған нығаюы оның үшінші онкүндікте саябырлауымен ауысты. Теңге бағамының динамикасында үрдістердің ауысуы шетел валютасына сұранысқа әкеліп соққан екі фактордың әрекетіне байланысты болды.

Біріншіден, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетізі өзгерді және үрдістердің өзгеруі теңгеге деген жоғары сұраныспен сипатталатын «салық аптасы» деп аталатын жағдайдан кейін болды. Мүмкін, салықтар төленгеннен кейін экономикалық субъектілер шетел валютасына сұранысты арттырған болар. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаының 2006 жылғы 25 шілдедегі №67 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережесі бекітілді. Ұлттық Банк осы Ережеге сәйкес (Норвегия Орталық Банкінің практикасына ұқсас) алтынвалюта активтерінен Ұлттық қор үшін шетел валютасын сатумен қатар шетел валютасын Ұлттық қорға келіп түскен теңге есебінен ішкі нарықта сатып алуына да болады. Тамыз айында Ұлттық Банк Ұлттық қордың мақсаттары үшін 315,8 млн. долл. сомаға шетел валютасын ішкі нарықта сатып алу бойынша 3 операция жүзеге асырды.

Екіншіден, ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап ең аз резервтік талаптар жөніндегі жаңа ереже күшіне енді. 18 шілдеден бастап екінші деңгейдегі банктер ең аз резервтік талаптарды алғаш рет жаңа ереженің талаптарына сәйкес есептей бастады, ал 20 шілдеден бастап резервтік активтер қалыптастыра бастады. Ережеге өзгерістер енгізу ең аз резервтік талаптардың ұлғаюына әкелді, мұның өзі резервтік активтердің өсуін туғызды. Сонымен қатар, резервтік активтердің тізбесіне банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар кіргізілді. Нәтижесінде банктердің осы шоттарындағы қалдықтар 20 шілдеден бері едәуір ұлғайды.

Тұтас алғанда, 2006 жылғы шілдеде теңгенің номиналдық биржалық бағамы АҚШ долларына қатысты өзгермеді. Шілденің аяғында ол маусымның аяғындағы сияқты бір доллар үшін 118,41 теңге құрады (нығаю жыл басынан бері –11,48%). Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты ауытқуы 1 доллар үшін 117,25 теңге – 118,49 теңге ауқымында болды. Жеті айдағы орташа алынған биржалық бағам бір АҚШ доллары үшін 125,57 теңгені құрады.

Теңгенің ресми айырбастау бағамы орташа алғанда 2006 жылғы шілдеде бір АҚШ доллары үшін 118,13 теңгені, бір еуро үшін 149,84 теңгені және бір ресей рублі үшін 4,39 теңгені құрады.

Нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2006 жылғы маусымда 3% өсті. Бұл ретте теңге ТМД елдерінің валюталарына қарағанда 2,2%, ал басқа елдердің валюталарына қатысты 3,3 %нығайды.

2006 жылғы шілдеде теңге нақты көрсетілуінде ресей рубліне қарағанда 0,7%, сондай-ақ еуроға қатысты 1,4% нығайды. Алдын ала деректер бойынша теңгенің АҚШ долларына қатысты нақты айырбастау бағамы 2006 жылғы шілдеде 1,1% нығайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары

Шілде айында Қазақстан Қор биржасында биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса есептегенде маусыммен салыстырғанда 15,5%-ға артып, 1728,3 млн. долларды (жыл басынан бері – 14,2 млрд. долл.) құрады.



Биржадан тыс операциялар

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі шілдеде 7,7% төмендеп, 5671,8 млн. долларды (жыл басынан бері – 32,0 млрд. долл.) құрады.


Банкаралық ақша нарығы (2006 ж. шілде).

2006 жылғы шілде айында 2005 жылғы шілдемен салыстырғанда банкаралық ақша нарығында банктердің өтімді қаражаттарды ұлттық, сол сияқты шетел валюталарымен орналастыру бойынша белсенділігінің төмендегені байқалды.


2006 жылғы маусыммен салыстырғанда шілдеде орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 46% төмендеп, 672,0 млрд. теңгені құрады. Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы маусым айымен салыстырғанда шамалы (3,77%-дан 3,98%-ға дейін) жоғарылады.


Шілде айында валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында долларлық депозиттер ағымдағы жылғы маусыммен салыстырғанда 28% азырақ (12,6 млрд. АҚШ доллары) орналастырылды. Орналастырылған долларлық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2006 жылғы шілдеде маусым айындағы 5,08%-бен салыстырғанда 4,70%-ға дейін төмендеді. Банкаралық қарыз алудың басқа тұрлері бойынша жасалған операциялардың көлемі шамалы болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (2006 ж. шілде).

2006 жылғы шілдеде Қаржы министрлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді орналастыру бойынша аукциондар өткізген жоқ.

Бұл ретте 2006жылғы шілдеде мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу сыйақы төлемдерін қоса алғанда 3,3 млрд. теңге болды. Нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі осы айда 6,9% азайып, шілденің аяғында 309,4 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банктің ноталары эмиссиясының көлемі 2006 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 40,0% азайып, 294,8 млрд. теңге болды, бұл ретте қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі 3,29%-дан 3,53%-ға дейін жоғарылады.

Ұлттық Банктің ноталарын өтеу 2006 жылғы шілдеде сыйақы төлемдерін қоса есептегенде 401,0 млрд. теңгені құрады.

Айналыстағы ноталардың көлемі өткен аймен салыстырғанда 26,3% азайып, шілденің аяғында 294,8 млрд. теңгені құрады.

2006 жылғы шілдеде репо, кері репо операциялары жүргізілген жоқ.. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша операциялар да жүргізілмеді.


ЗСД директоры Д. Ақышев

Орынд. Понамарева В.А.



Тел. 704-986

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет