Өнімді пайдалану кезеңінде оның сапасын қамтамасыз ететін стандарттар.
Бұл топқа пайдалану құжаттарының (ПҚ) стандарттары кіреді – пайдалану туралы нұсқаулар, төлқұжаттар, заттаңбалар. Тұтынушыларға олар тауармен бірге жіберілетін құжаттар ретінде белгілі. Негізгі стандарт болып ГОСТ 2.601 «ЕСКД. пайдалану құжаттары» саналады. Мұнда күрделі техниканың ПҚ құрылымы және мазмұнына қойылатын талаптар анықталады. Стандарт жасаушыларды ПҚ «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар» бөлімін айрықша көрсетуді міндеттейді, ал бөлімнің өзінде пайдаланудың жеке ережелерін орындау үшін «Тыйым салынады», «Есте сақтаңыз!» деген сияқты сақтандыратын нұсқаулармен пайдаланушылардың назарын аударады.
ПҚ неғұрлым білікті құрастырылса, тұтынушы тауар сапасын басқаруға солғұрлым тиімді кіріседі. Пайдалану кезінде тұрмыстық техниканың 20% уақытынан бұрын сынуы мүмкін, бұл пайдалану ережелерін бұзумен байланысты екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: |