Ба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының



Дата25.02.2016
өлшемі37.91 Kb.
#20449

ба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының




2014 жыл 25 сәуір №20/192



Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152 «2014-2016

жылдарға арналған қалалық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 сәуірдегі №16/246 облыстық мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырдағы №2410 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 Қалалық мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 19 000 272,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 13 503 850,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 193 600 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 627 562 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 675 260 мың теңге;



  1. шығындар – 19 545 125,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге.

2 тармақтағы:

2 абзацтағы «20,8» саны «23,0» санымен ауыстырылсын;

3 абзацтағы «20,8» саны «23,0» санымен ауыстырылсын.

келесі мазмұндағы 4 абзацпен толықтырылсын:

«төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз»;

4 тармақтағы:

5 абзацтағы «5 715» саны «5 917» санымен ауыстырылсын;

7 абзацтағы «5 209» саны «5 413» санымен ауыстырылсын;

8 абзацтағы «18 996» саны «10 607» санымен ауыстырылсын;

11 абзацтағы «2 746» саны «1 138» санымен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы 12,13,14 абзацтармен толықтырылсын:

«31 524 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

591 мың теңге – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге;

268 515 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге».

5 тармақтағы «2 194 161» саны «2 994 161» санымен ауыстырылсын.

келесі мазмұндағы 5-2 тармағымен толықтырылсын:

«5-2. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға берілетін кондоминиум нысандарының жалпы мүліктерін жөндеуге 650 000 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттері қарастырылатыны ескерілсін.

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Көрсетілген шешімнің 4 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Телегенова) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.

6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарында пайда болған қатынастарға таралады.

Сессия төрағасы,

мәслихат хатшысының

міндетін атқарушысы Ы. Көшербай

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюд

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



2014 жыл «25» сәуір «26» сәуір

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет