Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Тьюторлық  пен  менторлық



Pdf көрінісі
бет113/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Тьюторлық  пен  менторлық    шет  елдерде  кең  тараған  жеке-дара 
оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін 
арттыруда  өте  пайдалы.  Ментор  немесе  ұстаз  –оқушы  кеңесшісі, 
оқылып  жатқан  пəн  мазмұнына  даралық  сипат  береді,  тапсырмалар 
орындауға  жəрдемдеседі,  тұрмысқа  бейімделуге  көмек  көрсетеді. 
Тьютор-оқушыға  ғылыми  жетекшілік  жасап,  оны  конференцияларға, 
ғылыми іс-шараларға дайындайды. 
Соңғы  кездерде  отбасылық  оқу-тəрбие  формасы - гувернерлық 
қайта жаңғыруда.  
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның 
тартылуымен  жеке-дара  оқыту  жүйесі  даралықты-топтық  оқыту 
формасымен  ауысуда.  Мұндай  оқытуда  мұғалім  балалардың  бүтін  бір 
тобымен  оқу  жұмысын  алып  барады,  бірақ  дəріс    жеке  оқушымен 
жұмыс  сипатын  жоймайды.  Мұғалім  дайындығы  əр  деңгейлі,  əр 
жастағы 10-15 баламен  шұғылданады.  Ол  кезегімен  əр  оқушыдан 
өтілген  материалды  сұрастырып,  əрқайсысына  жаңа  оқу  материалын 
жеке  түсіндіріп,  дара  тапсырмалар  беріп  отырады.  Балалардың    бəрі 
бірдей, мұғалім пайымдауынша, дəріске байланысты ғылым негізін, кəсіп 
не  өнерге  тиесілі  материалды  меңгергенше  аталған  оқу  жұмыстары 
қайталанады.  Дəрістің  басталуы  мен  аяқталуы,  оқу  мерзімі  əр  оқушы 
үшін  даралықты  сипатымен  ерекшеленеді.  Осыдан  оқушы  мектепке 
оқу  жылының  өзі  қалаған  мерзімінде,  күннің  өзі  таңдаған  мезетінде 
келуге құқылы болды.  
Даралықты-топтық  оқу  əрқандай  өзгерістерге  ұшырап,  біздің 
заманымызға дейін сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте 
аз  бастауыш  мектептер  мұның  айғағы.  Бір  оқу  бөлмесінде  бірінші 
сынып  бағдарламасымен  оқитын 2-3 бала,  бірнешесі-екінші  сынып 
материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін. 
Орта  ғасырларда  қоғамның  əлеуметтік-экономикалық  ілгерілі 
дамуына  байланысты  білімді  тұлғалардың  көптеп  қажет  болуынан 
білімдену  аймағы  өрістей  кеңіді.  Бір  қатар  жастағы  балаларды  бір  
топқа  біріктіре  оқыту  мүмкіндігі  туындады.  Осыдан  оқудың  сынып-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет