Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



Дата08.07.2016
өлшемі128 Kb.
#185302
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 09:54:13
Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 Қаулысы

(2012.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін реттеу мақсатында және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Ұсынылып отырған Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4863 тіркелген 2007 жылғы 25 маусымдағы № 175 қаулысының күші жойылды деп танылсын.



3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, Орталық депозитарийдің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

6. Агенттік Төрайымы қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы

170 қаулысымен бекітілген



 

 

Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру

ережесі

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Осы Ережеде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығы баға белгілеу ұйымының (бұдан әрі - баға белгілеу ұйымы) ақпараттық жүйесі - пайдалану және қолдау көрсетуді баға белгілеу ұйымы жүзеге асыратын бағалы қағаздарға баға белгілеуді алмасу жүйесі;

2) екіжақты баға белгілеу - қаржы құралын сатып алу бағасын, сол сияқты сату бағасын да қамтитын баға белгілеу;

3) индикативті баға белгілеу - жарияланған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесін (клиентін) осы баға белгілеу негізінде мәміле жасауға міндеттемейтін және жарияланған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі (клиенті) осы баға белгілеу негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушының басқа мүшесімен (клиентімен) келіссөздер нәтижесінде осы баға белгілеуді өзгерту және осы баға белгілеу негізінде мәміле жасасудан бас тарту құқығымен мәміле жасайды деп түсіндірілетін баға белгілеу;

4) қаржы құралымен мәмілені орындау (мәміле орындау) - осы мәміле тараптарының осы мәміледен туындайтын міндеттемелерді орындау арқылы қаржы құралымен жасасқан мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

5) қатаң баға белгілеу - жарияланған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесіне (клиентіне) осы баға белгілеу негізінде мәміле жасау жөнінде міндеттеме жүктейтін баға белгілеу;

6) қор биржасын растау жүйесі (растау жүйесі) - қор биржасына қосылған тұлғаларға сауда жүйесінде осы тұлғалар атынан, осы тұлғалардың тапсырмалары бойынша, не осы тұлғалардың немесе олардың клиенттерінің мүддесіне қаржы құралдарымен жасалған немесе жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін және алынған мәліметтерді өңдеу негізінде қор биржасына осындай мәмілелерге растамалар беруге (жасалған немесе жасалатын мәмілелер шарттарының олар жасалуы тиіс немесе жасалуы мүмкін шарттарға сәйкестігі туралы хабарламалар), не осындай мәмілелерді растаудан бас тартуға мүмкіндік беретін қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешені;

7) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - қор биржасының тізіміне енгізілетін және онда болатын қаржы құралдары және осы қаржы құралдарының эмитенттері листинг талаптарына сәйкес келуі тиіс қор биржасы тізімінің бөлігі;

8) лот - бұл:

қаржы құралымен сауда жасау бірлігі;

осы қаржы құралы бойынша өтінім мөлшері тең немесе еселі болуға тиіс қаржы құралының саны;

9) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгілеуді жариялап отыруға және ұстап тұруға өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;

10) рұқсат ету бастамашысы - бастамасы бойынша қаржы құралдары қор биржасының сауда жүйесінде немесе баға белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесінде айналысқа түсуіне жол берілетін ұйым;

11) сауда алаңы - қор биржасының басқа бөліктерінен сауда-саттыққа қатысушыларға және айналыстағы қаржы құралдарына қойылатын ерекше талаптарымен, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау шарттарымен өзгешеленетін қор биржасы сауда жүйесінің бөлігі;

12) сауда күні - қор биржасының барлық қаржы құралдары үшін немесе олардың жеке топтары үшін оның сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасалуы мүмкін күнтізбелік күн шегіндегі белгілеген кезеңі;

13) сауда жүйесіндегі айналыс - қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын қандай да болмасын өзге қаржы құралының мәміленің мәні болу мүмкіндігі;

14) сауда-саттыққа қатысушы - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалану арқылы мәміле жасасуға рұқсат берілген және ол ұйымдастырған сауда-саттыққа қатысатын қор биржасының мүшесі;

15) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және баға белгілеу ұйымы;

16) сауда сессиясы - сауда күнінің бөлігі;

17) төлемге қарсы жеткізілім - бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәмілесі бойынша міндеттемелерін орындау басқа тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәмілесі бойынша қарсы міндеттемелерін орындамай жасау мүмкін еместігі кезіндегі қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау әдісі;

18) трейдер - осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалану арқылы қор биржасының мүшесі атынан мәмілелер жасауға және өзге іс-әрекеттерді орындауға уәкілетті жеке тұлға;

19) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитеті.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар өзге заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері болып табылады.

Тек бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілеу ұйымының клиенттері бола алады.

Қор биржасының мүшесі болу (баға белгілеу ұйымының клиенті болып қабылдану) шарттары мен тәртібі оның ережесімен айқындалады.

3. Қор биржасы мүшелігінің санаттары Қор биржасының Ережесімен айналыстағы қаржы құралдарының топтарына байланысты белгіленеді.

4. Қор биржасының мүшелері:

1) қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа оларға берілген мүшелік санаттарға сәйкес қатысады;

2) қаржы құралдарымен ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға және қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін қор биржасынан қажетті және жеткілікті ақпарат алады;

3) қор биржасы органдарының және мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Қор биржасының сауда, есеп айырысу және ақпараттық қызмет мәселелері және Қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

5. Баға белгілеу ұйымының мүшелері:



1) баға белгілеу ұйымынан баға белгілеу ұйымы жүргізіп отырған баға белгілеуді ауыстыруға қатысу үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты алады;

2) Баға белгілеу ұйымының органдарына қарауға ақпараттық жүйе мәселелері бойынша және баға белгілеу ұйымының ішкі құжаттарымен белгіленген басқа мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

6. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері) мыналарды сақтауы қажет:



1) Қазақстан Республикасының заңнамасының және сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері (клиенттері) қызметін реттейтін  сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарының талаптарын;

2) сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімде және тәртіп бойынша мүшелік жарналарды және алымдарды төлеу.

7. Қор биржасының мүшелері осы Ереженің 6-тармағында көзделген талаптардан басқа мыналарды жасауы қажет:



1) қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен өткізетін сауда-саттықта жасалатын мәмілелерді тек әділетті және тең құқылы сауда принциптерімен, Қор биржасының басқа мүшелерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің және инвесторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмей мәміле жасасуға;

2) олардың қор биржасы өткізген қаржы құралдарымен жасаған сауда-саттықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттемелерді уақтылы, толық және ең тиімді тәсілмен орындауы.

8. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен өз мүшелеріне (клиенттеріне) және өзге де ықтимал мүдделі тұлғаларға беретін ақпарат көлемі және осындай ақпаратты ұсыну тәртібі анықталады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі - брокер және (немесе) дилер сауда-саттықты ұйымдастырушыны уәкілетті орган осы брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкерлеріне қатысты қабылдаған кез-келген санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралары туралы хабардар етеді.

10. Қор биржасының ішкі құжаттарымен мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату талаптары мен тәртібі көзделген. Баға белгілеу ұйымының ішкі құжаттарымен осы баға белгілеу ұйымының клиенттері жариялаған Баға белгілеудің ақпараттық жүйесінен уақытша немесе тұрақты алып тастау шарттары мен тәртібі көзделген.



Осының алдында брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны (бұдан әрі - лицензия) уақытша тоқтату және (немесе) тоқтату барлық қор биржаларында, барлық баға белгілеу ұйымдарының олар жариялап белгілеген бағаларының ақпараттық жүйесінен уақытша немесе тұрақты алып тастаудың негіздемесі болып табылады.

Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны лицензияның уақытша тоқтатылғандығы және тоқтатылғандығы туралы тиісті шешім қабылданған күні хабардар етеді.

Қор биржасы лицензиясы уақытша тоқтатылған және тоқтатылған брокерді және (немесе) дилерді аталған хабарлама алынған сәттен бастап ол жүргізіп отырған қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетеді.

Баға белгілеу ұйымы лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылды немесе тоқтатылды деп хабарланған брокердің және (немесе) дилердің барлық белгіленген бағаларын ақпарат жүйесінен аталған хабарлама алынған сәттен бастап алып тастайды.

11. Брокердің және (немесе) дилердің қор биржасына мүше болуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы осы брокердің және (немесе) дилердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан дереу шеттетілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарымен Қор биржасының мүшесі үшін белгіленген өзге құқықтардың тоқтатыла тұруына немесе тоқтатылуына алып келеді.

12. Қор биржасы уәкілетті органды өзіне мүше етіп қабылдау, мүше етіп қабылдаудан бас тарту, мүше болуды тоқтата тұру, мүше болуды жаңарту және мүше болуды тоқтату бойынша барлық жағдайлар туралы осындай жағдай пайда болған жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

Баға белгілеу ұйымы уәкілетті органды клиенттерді ақпараттық жүйеге кіруге рұқсат беруді, клиенттерді қабылдаудан бас тартуды, осы баға белгілеу ұйымы клиентінің сауда-саттыққа қатысуын тоқтата тұруды, баға белгілеу ұйымының клиенттері жариялаған баға белгілеудің ақпараттық жүйесін уақытша немесе тұрақты алып тастау жөніндегі барлық жағдайлар туралы хабарлайды.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Трейдерлер

 

13. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі қор биржасына бар трейдерлер туралы мәліметтерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемде ұсынады.

14. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерлерге сауда жүйесіне рұқсат берудің шарттары, оның ішінде трейдерлерді қор биржасының сауда жүйесінде жұмыс істеуді міндетті түрде алдын ала оқыту шарты, сауда жүйесінде жұмыс істеуді міндетті түрде мерзімді қайта оқыту шарты көзделеді.

15. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі осы қор биржасына өзінің трейдерлері құрамындағы кез келген өзгерістері туралы мәліметтерді ұсынады.

16. Қор биржасының ішкі құжаттарымен трейдерлердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықты өткізу барысында  және сауда алдындағы және саудадан кейінгі ықтимал рәсімдерді (трейдерлердің құзыретіне жататын) орындау барысында трейдерлердің іс-қимыл нормаларын реттейтін құжатты енгізу мүмкіндігі көзделеді.

17. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерді осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықтан шеттету негіздемелері көзделеді.

18. Брокердің және (немесе) дилердің - қор биржасы мүшесінің барлық трейдерлері қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілуі осы сауда-саттыққа қатысудан брокердің және (немесе) дилердің өзінің дереу шеттетілуіне душар етеді.



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары

 

19. Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары айналыста жүр:

1) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

2) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркеген, және Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) шығарылымын уәкілетті орган тіркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген халықаралық қаржы ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;

5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық міндеттемелері (вексельдер);

6) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қосқандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары;

7) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

8) Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.

20. Баға белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесі баға белгілеу ұйымдарының тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа енгізілген бағалы қағаздарға баға белгілеумен алмасуға қолдау жасайды.

21. Қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар басқа қор биржасының не Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін басқа баға белгілеу ұйымының айналысына жіберілмейді.

22. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі, оның ішінде және Қор биржасының ресми тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жеке секторларға, санаттарға және шағын санаттарға  бөлінеді.

23. Қаржы құралы сауда-саттықты ұйымдастырушының белгілеген талаптарына сәйкес келген жағдайда ол осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне (қор биржасының ресми тізімі) енгізіледі.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалады және бекітіледі.

24. ҚР ҚҚА  Басқармасының 2009.07.07 № 136 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25. Басқа жағдайлар сияқты, қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді заңсыз деп тану олардың делистингіне негіздеме болып табылады.

Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны тиісті шешім  қабылданған күні бағалы қағаздарды айналысқа жіберу және (немесе) орналастыруды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

Қор биржасы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде шығарылымын мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылған бағалы қағаздарды өз тізімінен алып тастайды

Баға белгілеу ұйымы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамсыз деп танылған бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге баға белгілеуді ауыстырудың ақпараттық жүйесіне қолдау жасауды тоқтатады.

26. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органды қаржы құралдарын сауда-саттықты ұйымдастырушының, бағалы қағаздар делистингінің тізіміне енгізудің барлық жағдайы туралы осындай жағдай пайда болған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Қор биржасының сауда жүйесі және баға белгілеу ұйымының ақпараттық жүйесі

 

27. Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) өз қызметінде іркіліссіздікті, үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында екіден кем емес сауда жүйесі болуы тиіс, оның біреуі негізгі, ал басқалары - резервтік ретінде, не резервтік компоненттері дереу белсенділікке дайын күйін сақтайтын бір ғана сауда (ақпараттық) жүйесін иеленеді.

Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) бірнеше сауда (ақпараттық) жүйелерін пайдаланған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарында негізгі және резервтік сауда жүйелері, сондай-ақ резервтегі сауда жүйелерін дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау және оларды пайдалану тәртібін анықтайды.

Қор биржасы жалғыз сауда (ақпараттық) жүйемен қор биржасының (баға белгілеу ұйымының) ішкі құжаттарын пайдалану кезінде резервтегі сауда (ақпараттық) жүйелерін дереу белсенділікке дайын күйінде ұстау және оларды пайдалану тәртібін анықтайды.

28. Қор биржасы (баға белгілеу ұйымы) өзінің сауда жүйесін жұмыс жағдайында сақтау үшін мүмкіндігінше бар күшін салады және сауда-саттыққа қатысушыларын және өзінің өзге мүшелерін кез келген тәсілмен оның жұмысындағы іркілістер мен осындай іркілістерді жою жөніндегі шаралар туралы дереу хабарлайды.

29. Қор биржасының сауда жүйесінің жеке алаңдарға бөлінуі оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 29-1-тармақпен толықтырылды

29-1. Қор биржасының сауда жүйесі осы Ережеде және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда осы өтінімді беруді жүзеге асырған сауда-саттыққа қатысушыға тиісінше хабарлай отырып осы өтінімді қабылдамауға (өтінімді қабылдаудан бас тартуға) мүмкіндік жасайды.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сауда-саттықты ұйымдастырушының резервтік орталығы

 

30. Қор биржасында (баға белгілеу ұйымында) резервтік техникалық орталық болуы тиіс, ол дереу белсенділікке тұрақты дайын болуға тиіс. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

1) сауда жүйесінің (ақпарат жүйесінің) барабар көшірмесі және Қор биржасының негізгі сауда жүйесінің (ақпарат жүйесінің) тұрған жерінде болатын резервтік сауда жүйесімен (баға белгілеу ұйымымен) барабар резервтік сауда жүйелерінің көшірмелері болуы тиіс;

2) Қор биржасының резервтік техникалық орталығы оның негізгі  сауда жүйесінің орналасқан жерінен 25 километрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс;

3) қор биржасының (баға белгілеу ұйымының) резервтік техникалық орталығының оның орналасқан жерінде сауда-саттықты өткізуге қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етілуі тиіс;

4) күтпеген жағдай пайда болғанда және негізгі сауда (ақпарат) жүйесі орналасқан жерде сауда-саттықты (баға белгілеуді алмасу) жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда негізгі сауда (ақпарат) жүйесінің орналасқан жері бойынша сауда-саттық (баға белгілеуді алмасу) тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей сауда-саттықты (баға белгілеуді алмасуды) жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Сауда-саттық жүргізу және қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу

 

31. Қор биржасы қаржы құралдармен өткізетін сауда-саттыққа өздерінің тағайындалған мүше болу санаттарына (мүше болудың әртүрлі санаттары болған жағдайда) сәйкес осы Қор биржасының мүшелері - брокелер және (немесе) дилерлер трейдерлері қатысады.

Өзге тұлғалар (қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттықта сауда жүйесінің басқарушысы немесе бақылаушы ретінде қатысуға/ішінде болуға уәкілетті қызметкерлерінен басқа) қаржы құралдарымен қор биржасы өткізетін сауда-саттыққа осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тек байқаушы ретінде ғана қатысуға құқылы. Осы тұлғалар тікелей немесе жанама түрде сауда процесіне араласпайды.

32. Сауда күнінің және жекелеген сауда сессияларының (ондайлар болған жағдайда) басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ сауда жүйесінің (ондайлар болған жағдайда) жұмысындағы технологиялық үзілістердің басталу және аяқталу уақыты қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

33. Қаржы құралдармен сауда-саттықты өткізу әдістері қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді және олардың алаңдары бойынша түрлендіріледі.

Қаржы құралдармен іркіліссіз, үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында қор биржасында әрбір жеке алаңға арналған сауда-саттықты өткізудің бірнеше әдісі болуы тиіс, олардың біреуі - негізгі, ал қалғандары - резервтік ретінде пайдаланылады.

Бір алаң шегінде сауда-саттық өткізудің бірнеше әдістері пайдаланылған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттық өткізудің негізгі және резервтік әдістері, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің резервтік әдістерін пайдалану тәртібі анықталады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



34. Қаржы құралдарымен қор биржасы өткізетін сауда-саттықта мәмілелер жасасуды оның қатысушылары қор биржасының белгілі қаржы құралына қатысты немесе белгілі алаңда пайдалануға рұқсат етілген сауда-саттық әдістері көрсетілуі тиіс ішкі құжаттармен белгіленген тәртіпте іске асырады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.27.07. № 229 Қаулысымен 34-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



34-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттыққа оларды бастапқы орналастыру кезінде қор биржасының тиісті мүшелік санатындағы, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын мүшелері қатысады. Брокер болып табылатын екінші деңгейдегі банк көрсетілген сауда-саттықтарға екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын клиенттердің тапсырмасы бойынша, олардың есебінен және мүддесінде мәмілелерді жасау шартымен брокер ретінде іс-әрекет жасайды. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сауда-саттықтарға тек жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен және мүддесінде ғана қатысады.

Қор биржасы сауда жүйесінде мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға арналған, екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының активтері есебінен берілмейтін өтінімдерді автоматты түрде қабылдамауға мүмкіндік жасайтын теңшеулер орнату арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптың орындалуын қамтамасыз етеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы брокерлік қызметті көрсету не мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарттар жасалған клиенттердің есебінен және мүддесі үшін ғана Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен жасалатын сауда-саттықтарда оларды бастапқы орналастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысу жағдайларына қолданылмайды.

35. Уәкілетті орган «Standard & Poor's» рейтинг агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа сондай-ақ «Moody's Investors Service» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтинг ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағаларын таниды.

36. «Репо» операциялары Қор биржасының сауда жүйесінде мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

1) сауда-саттыққа қатысушылардың алдын-ала келісімі бойынша жүргізілетін «тікелей» тәсілмен;

2) үзіліссіз қарсы аукциондар тәсілі арқылы  жүргізілетін «автоматты» тәсілмен.

37. Қор биржасының сауда жүйесінде «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «Репо» операциялары былайша жасалады:



1) Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарының облигацияларын қосқандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша;

2) қор биржасының ресми тізіміндегі «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акциялар бойынша;

3) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша  «В-»-дан төмен емес рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктері бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтинг бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzB-» кем емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар бойынша;

4) қор биржасының ресми тізіміндегі «бірінші санатты рейтинг бағасынсыз борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар бойынша.

Бағалы қағаздардың Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын «репо» операцияларының мәні болып табылатын тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

38. Қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын «репо» операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құны Қор биржасының Қаржы құралдарына баға беру әдістемесіне сәйкес белгіленген осы бағалы қағаздардың рыноктық құнын негізге алып, анықталады.

39. Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын «репо» операциялары «репо» операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімнен аспайтын мерзімде жасалады.

Қор биржасының сауда жүйесінде «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операцияларының мерзімі «репо» операцияларының мәні бойынша бағаны дисконттаудың өзгеріссіз шегі кезінде «репо» операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

40. Қор биржасының ішкі құжаттарында «репо» операцияларын жүргізу талаптары мен тәртібі, оның ішінде  «репо» операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар құнын дисконттау, сондай-ақ қарсы агенттердің «репо» операциялары бойынша міндеттемелерін орындау тәртібінің талаптары қарастырылады.

41. Қаржы құралдарымен мәміле қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес сауда жүйесінде тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.

42. Сауда-саттыққа қатысушылармен жасалған қаржы құралдарымен мәмілені ресімдеу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Маркет-мейкерлер қызметі

 

43. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі қор биржасының мүшесі - бірнеше брокерге және (немесе) дилерге беріледі.

Брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді, олар өзге болуы мүмкін талаптардан басқа осындай мәртебе алуға үміткерге қойылатын мынадай талаптарды қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес маркет-мейкерлерге қойылатын барлық талаптарды орындауды (маркет-мейкерге жүктелген барлық функцияларды орындау) қадағалау жөніндегі міндеттемені отыз сауда-саттық күні ішінде ұсыну;

2) үміткер маркет-мейкер қызметін орындауға ықылас білдірген  қаржы құралын көрсету;

3) үміткер маркет-мейкердің қызметін орындауға ықылас білдірген  қаржы құралдарымен мәміле жасаудың күнделікті көлемінің барынша жоғары лимитін анықтау (бұдан әрі «мәмілелер лимиті» деп аталатын);

4) үміткер маркет-мейкер қызметін орындауға ықылас білдірген күн.

44. Маркет-мейкерлер мынадай талаптарды сақтайды:



1) тұрақты түрде (әрбір сауда сессиясының басынан бастап) оларға маркет-мейкер мәртебесі тағайындалған қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң (сауда күні ішінде мәміле лимиті біткенге дейін) және екі жақты индикативті (мәміле лимиті біткен соң сауда күні аяқталғанша) баға белгілеуді жариялайды және ұстап тұрады. Аталған баға белгілеуді жариялау және ұстап тұру маркет-мейкерлердің өз есебінен де, сондай-ақ олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жүргізілуі мүмкін. Аталған баға белгілеу - қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген баға шегінен асатындай болып, осы қаржы құралдарымен сауда жүйесінде бұрын жасалған мәмілелердің бағаларынан өзгешелене алмайды;

2) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген шектен аспайтын маркет-мейкер мәртебесін тағайындаған қаржы құралдарын сатып алу және сату бағасының арасындағы Қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерінен аспайтын маркет-мейкер спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз етеді;

3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де талаптарды сақтайды.

45. Маркет-мейкер мәртебесі берілген қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң баға белгілеуге маркет-мейкердің қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен сауда сессиясының кез келген сәтінде өзгеріс енгізуіне жол беріледі.

46. Маркет-мейкердің мәртебесін тағайындау қор биржасының мүшесі - брокерге және (немесе) дилерге ол қатысуға құқылы сауда-саттықтағы өзге қаржы құралдарына (оған маркет-мейкер мәртебесін берген қаржы құралдарынан басқа) қатысты қандай да бір шектеулер қоймайды.

47. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкер мәртебесінен уақытша немесе тұрақты бас тартуы мүмкін, бірақ ол осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер қызметін атқарған отыз сауда күнінен бұрын болмауы керек. Осындай брокердің және (дилердің) - қор биржасы мүшесінің тиісті хабарламасын ұйғарылған күнге дейінгі он сауда күнінен кешіктірмей ұсынылады.



Осындай брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесін қайталап тағайындау - ол осы үлгідегі қаржы құралы бойынша маркет-мейкердің қызметін орындауын тоқтатқан күннен бастап он сауда күні өткен соң ғана жүзеге асырылады.

48. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкердің қызметін бастаған немесе тоқтатқан күнге дейінгі бес сауда күнінен кешіктірмей, қор биржасы бұл туралы уәкілетті органды және осы қор биржасының мүшелері басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді хабардар етеді.

49. Сауда сессиясы кезінде сауда-саттыққа қатысушының өзі пайдаланатын сауда жүйесінің немесе сауда жүйесі терминалының жұмысында іркіліс болған жағдайда осы сауда-саттыққа қатысушы бұл туралы сауда жүйесінің басқарушысын кез келген мүмкін тәсілмен хабардар етсе ғана ол жариялаған қатаң баға белгілеуден туындайтын қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатылады.

Сауда-саттыққа қатысушының жоғарыда аталған міндеттемелерден босатылатын сәті сауда жүйесі басқарушысының басқа сауда-саттыққа қатысушыларға тиісті хабарландыру жасаған сәті болып табылады.

Сауда-саттыққа қатысушы сауда жүйесінің (осы сауда-саттықта қатысушы пайдаланған сауда жүйесі терминалының) жұмысындағы іркілістің салдарынан жоғарыда аталған міндеттемелерден босату қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін сауда жүйесінің басқарушысы одан осы сауда-саттыққа қатысушының барлық қатаң баға белгілеулерін жояды.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9. Қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру талаптары мен тәртібі

 

50. Қор биржасы уәкілетті органды тиісті оқиға пайда болған күн аяқталғанға дейін мынадай жағдайларда хабардар етеді:

1) қор биржасының ресми тізіміндегі «акциялар» секторының бірінші немесе екінші санатына енгізілген эмитент акциясының бағасына бір сауда күні ішінде он бес және одан артық пайызбен өзгерістер;

2) бір сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейіне бес және одан артық пайызбен өзгерістер;

3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге жағдайларда.

Қор биржасының осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген оқиғаларды қамтыған қор рыногындағы жағдайды талдаған хабарламасы жазбаша түрде ресімделеді, қор биржасының жіберілетін құжаттама журналдарында тіркеледі және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, жіберіледі.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03 № 60 Қаулысымен   (бұр. ред. қара); 2009.07.07 № 136 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ  өзгертілді



51. Қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрудың, сондай-ақ оны кейіннен қайта бастаудың жағдайлары мен тәртібі белгіленеді. Өзге мүмкін жағдайлардан басқа қор биржасының ішкі құжаттары мыналарды тоқтата тұруды көздейді:

1) егер кез келген уақыт сәтінде қатарынан екі сауда күні ішінде қор биржасы индексінің деңгейі бірінші сауда күнінің алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан индекс көрсеткішімен салыстырғанда он бес және одан артық пайызға төмендегені белгіленген жағдайдағы қор биржасының ресми тізіміндегі «акциялар» секторына енгізілген эмитенттер акцияларымен сауда-саттық;

2) сауда күні ішінде бағасы осының алдындағы сауда күнінің жабылу сәтінде қалыптасқан осы акциялардың бағасымен салыстырғанда кез келген уақыт сәтінде отыз және одан артық пайызға төмендеген қор биржасының ресми тізіміндегі «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акциялармен сауда-саттық;

2-1) эмитенттің директорлар кеңесі бекіткен және эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдаудың тәртібі мен мерзімі, міндеттемелерді қайта құрылымдау аясында өткізілетін іс-шаралар бар, оның ішінде бағалы қағаздардың шығарылымының талаптарын өзгерту, міндеттемелерді қайта құрылымдаудан болатын болжамды қаржылық нәтижелер және эмитенттің қызметінде қабылданатын шектеулер бар қайта құрылымдау жоспарына сәйкес міндеттемелерді қайта құрылымдау процесінде бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі бар болған эмитенттің бағалы қағаздарымен сауда-саттықты;

3) өзге бағалы қағаздармен сауда-саттық, бағалар немесе сауда-саттыққа қатысушылар жариялаған осының алдында тіркелген мәндерден бас тартқан баға белгілеу және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген белгілі шекке қол жеткізу.

Қор биржасы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер пайда болған кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады және уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электронды почтамен және (немесе) факсимилді хабарламамен, осы  хабарламаны алғандығын міндетті түрде растайтындай етіп, сауда-саттық уақытша тоқтатылғаннан кейінгі бір сағат ішінде жазбаша хабардар етеді.

Сауда-саттық қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен, егер уәкілетті орган қор биржасымен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы хаты алынбаған болса, келесі сауда күні басталғанда қайта жалғастырылады.

Егер сауда-саттықтың тоқтатыла тұруы трейдердің қателігінен не қор биржасының жұмысындағы техникалық іркіліс салдарынан болса, және егер қор биржасының уәкілетті органмен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органның хаты алынбаған болса, олар тоқтатыла тұрған сол сауда күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруға жол беріледі.

Эмитент міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы уәкілетті органға өтінішті берген күні қор биржасына осындай өтінішті бергені жөніндегі хабарламаны ұсынады.

Қор биржасы эмитенттен міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуге байланысты, бағалы қағаздар проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі уәкілетті органға өтінішін бергені жөніндегі хабарламасын алған күні бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрады және сауда-саттық тоқтатыла тұрғаннан кейінгі бір сағат ішінде осындай хабарламаны алғанын міндетті растауымен уәкілетті органның жауапты қызметкеріне электрондық почтамен және (немесе) факсимильді хабарламамен жазбаша ескертеді.

Осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелгені туралы хабарламасын алғаннан кейін келесі сауда-саттық сессиясы басталуымен қайта басталады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03 № 60 Қаулысымен  51-1-тармақпен  толықтырылды



51-1. Қор биржасының ішкі құжаттары қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұруына әкелген қателік жіберген трейдерді сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін айқындайды.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді растау

 

52. Қор биржасының жұмыс жүйесі тәртібін растау оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.

53. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы және инвестициялық қорларына қызмет көрсететін ұйымдар қор биржасын растаушы жүйеге қосылады.

54. Қор биржасының растау жүйесіне қосылған тұлғаның тапсырмасы бойынша қаржы құралдарымен жасалған және осындай тұлғамен расталмаған (осындай тұлғаның оны растаудан бас тартқан не қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген мерзімде түспеген) мәмілені қор биржасы орындауға бермейді.

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 61 Қаулысымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



11. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау

 

55. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарымен анықталады, онда өзге ықтимал шарттардан басқа мынадай талаптар қамтылуы керек:

1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәміленің орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің жиынтық ережесімен белгіленген тәртіпте орталық депозитарий есептілік жүйесі бойынша жүзеге асырылады;

2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындалуы Қор биржасының сауда жүйесінде мәміле жасалған күні жүзеге асырылады.

56. Егер сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийде шоты болмаған жағдайда оның бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің орындалуы осы сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийдің депонентінің жеке шоты аясында қосалқы шоты бойынша жүргізіледі.

57. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер орындалмаған (уақтылы немесе толық орындалмаған) жағдайдағы брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелерінің орындалу тәртібі

Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қор биржасының ішкі

құжаттарымен белгіленеді.

Қор биржасының ішкі құжаттарымен төтенше жағдайларды ескеруі тиіс (дүлей күш жағдайлары), олар бойынша Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындау мерзімі осындай жағдайлар болған мерзімге ұзартылуы, сондай-ақ осындай жағдай туындаған кездегі қор биржасының және брокерлердің және (немесе) дилерлердің - оның мүшелерінің осындай жағдай пайда болған кездегі іс-қимылдарының тәртібі өсірілуі мүмкін.

58. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар мен қор биржасы арасындағы сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау мәселелері бойынша дауларды шешу тәртібі Қор биржасының арбитраждық комиссиясын және оның жұмысының тәртібін көздейтін Қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталады. Ішкі құжаттарды қабылдау (бекіту), сондай-ақ арбитраждық комиссияның дербес құрамын және санын және құрылымын анықтау Қор биржасының басқару органының құзыретіне жатады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет