БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М050300-Психология»



Дата25.07.2016
өлшемі205.2 Kb.
#221510
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6М050300-ПСИХОЛОГИЯ» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
Бағдарлама «6М050300-Психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы психол.ғ.д., доцент Ташимова Ф.С.

Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ Ф.С. Ташимова


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова

Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова



МАЗМҰНЫ


  1. «6М050300-Психология» мамандығы бойынша оқуға түсу мақсаты мен міндеттері

«6М050300-Психология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсу сынағы ғылыми-педагогикалық және профильді бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

«6М050300-Психология» мамандығы бойынша конкурстық таңдау шарттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Типтік бағдарламасы мен білім бері мемлекеттік стандарты негізінде анықталады.

Білімді ары қарай екінші деңгейде (магистратура) жалғастыру үшін академиялық деңгеймен жоғарғы базалық білім (бакалавриат) алғаны туралы диплом қажет.

Оқуға түсу емтиханының мақсаты: бакалавр бөлімінде бірінші деңгейде алған білім деңгейін, дағдылары мен мүмкіншілктерін анықтап, екінші деңгейде магистратурада арнайы пәндер бойынша білім меңгеруі қабілеттерін анықтау болып табылады.

Оқуға түсу емтиханының формасы – ауызша-жазбаша аралас емтихан. Емтихан тапсырушы емтиханда берілген сұрақтарға жауаптарын арнайы қағазға жазып, комиссия мүшелеріне айызша жауап береді. Апелляция жағдайында жұмысты қарастыру үшін жауап парағындағы жазбаша ақпарат қолданылады.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:

«6М050300-Психология» мамандығы бойынша оқуға түсуші магитсранттар келесі құзіреттілікке ие болу қажет:

- білім беру барысында, адамдармен қарым-қатынас кезінде және өзін-өзі тану, өзіндік өзектендіру кезінде теориялық білімдерді тәжірибеде жүзеге асыра алу қабілеті;

- мәдени сөйлеу қабілетін меңгеру, кәсіби қызметтерін жүзеге асыру барысында икемді болу және шығармашылық подход жасау, өмірлік іс-әрекет барысында болатын өзгерістерген уақытылы икемдену және үйрені;

- ғылымның тарихы мен әдіснамасын білу; психология және психологиялық ғылымның даму тарихын; психологиялық білім беру әдісін білу;

- өзіндік білім алу мен үйренуге қабілетті болу, кәсіби шеберлікті меңгеруге деген ұмтылыс, ғылым және білім беру аймағында жұмыс жасау;

- жалпы ғылымдық әдіснаманы және психологиялық ғылымның әдіснамалық аппараты бойынша теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану дағдылары; психологиялық ақпаратты ғылыми талдау кезінде техникалар мен тәсілдерді өзіндік меңгеру;


3. Білім беру бағдарламасының пререквезиттері

1. Жалпы психология

2. Жасерекшелік психология

3. Әлеуметтік психология

4. Психодиагностика негіздері

5. Этнопсихология



4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Жалпы психология» пәні
1. Жалпы психологияның пәні және әдістері

Жалпы психологияның пәні. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары және салыстырмалы талдау. Психологиялық білім спецификасы. Психологияның әдістері. Психологиялық құбылыстарды зерттеудің объективті әдістері. Бақылау және өзіндік бақылау. Табиғи және лабораториялық эксперимент. Қалыптастырушы эксперимент. Сананы психосемантикалық зерттеу әдістері. Тұлғаны психобиографиялық зерттеу әдістері. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Психикалық процесстерді қалыптастыру және модельдеу зерттеу әдісі ретінде. Салыстырмалы-патологиялық әдіс.



2. Түйсік туралы ұғым және оның жіктемесі

Түйсік – сыртқы орта шындығын сәулелендіретін және танитын фундаменталды процесс. Түйсіктің негізгі қасиеттері: маодальдылық, интенсивтілік, уақыттық-кеңістіктік құрылым. Түйсіктің негізгі түрлері: көру, есту, сипап-сезу, кинестетикалық, статико-динамикалық, температуралық, дәмдік, вибрациялық, интероцептивті түйсінулер.



3. Қабылдау туралы ұғым

Қабылдау – сезімдік бейнелеудің орталық процесі. Өабылдауды зерттеудің негізгі екі бағыты бар: объективті- және субъективті бағдарланған бағыттар. Қабылдау психологиясының дамуына гештальпсихология, когнитивті психология, Б.Г. Ананьев және А.Н. Леонтьев мектептерінің қосқан үлесі көп. Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде кеңістікті және уақытты қабылдау маңызды. Фи-феномен. Автокинестетикалық эффект. Қабылдаудың индивидуалды дамуы және жасерекшелік динамика.



4. Қабылдаудың негізгі қасиеттері (заттылық, мағыналық, тұрақтылық, таңдамалылық, тұтастылық)

Қабылдаудың қасиеттері: тұрақтылық, заттылық, тұтастылық, категориялылық және мағыналық. Апперцепция.



5. Отандық психологиядағы ойлау теориялары (О.К. Тихомиров, П.Я. Гальперин, Л.М. Веккер)

Л.М. Веккердің ойлаудың ақпараттық теориясы. Ойлаудың эмпирикалық сипаттамасы. П.Я. Гальпериннің ойлау өабыліттерін сатылап қалыптастыру теориясы. Әрекеттің бағдарланған негізі ұғымы. С.Л. Рубинштейннің субъективті подходы ойлауды зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде. О.К. Тихомиров мектебіндегі ойлауды зерттеу және оның жаңа қазақстандың мектепте дамуы (С.М. Жақыпов).



6. Мотивациялық процесстердің жалпы заңдылықтары (мақсат градиенті, Йеркс-Додсон заңдылығы, когнитивті диссонанс)

Мақсат градиенті – әрекеттің мақсатқа жақындау кезіндегі мотивтің белсенділігінің күшеюі. Йеркс-Додсон заңдылығымотив күші мен әрекеттің өнімділігі арасындағы қисық сызыөтыө тәуелділігі туралы. Когнитивті диссонанс – шынайы білім мен жаңа ақпарат арасындағы, яғни шынайы мінез-құлық пен мотив арасындағы өзгерулерден туындайтын мотивациялық күй.



7. Сенсорлы процесстердің заңдылықтары (табалдырықтар, сенсибилизация, адаптация, синестизия)

Түйсіну табалдырықтары туралы ұғымдар. Сезімталдылық туралы түсінік және оның динамикасы. Субсенсорлы құбылыс. Анализаторлардың бейімделуі мен сенсибилизациясы. Анализаторлар сезімталдылығын жоғарлату кезіндегі іс-әрекеттің ролі. Түйсіну ассоциациялары. Синестезия.



8. Эмоционалды күйлер (стресс, аффект, фрустрация, көңіл-күй)

Эмоционалды күйлер ұғымы. Аффектілер және олардың биологиялық мәні. Аффектінің айқындаушы белгілері. Г. Селье стресс теориялары. Фрустрация ұғымы, фрустарция қызметі. Кқңіл-күй ұғымы, көңіл-күй сипаттамалары.



9. Шет ел психологиясындағы ойлау теориялары (Вюрцбург мектебі, гештальт-психология, когнитивті психология, Ж. Пиаже).

Вюрцбург мектебі және О. Зельц концепциясы. Ойлау туралы гештальтпсихология. Инсайт ұғымы. Ойлау туралы қазіргі когнитивті психология. Ж. Пиаже концепция.



10. Ойлау және елес

Ойлау ұғымы. Елес ұғымы. Ойлаудың сәйкестендіріп талдау және ұқсастық және айырмашылық аспектісіндегі елес.



11. Тұлғаның өзіндік сана құрылымы (өзіндік бағалау, «Мен» бейнесі, «Мен»-концепциясы, тартылу деңгейі)

Тұлға құрылымындағы сана және өзіндік сана құрылымы. В. Джемс Меннің үшкомпонентті құрылымы туралы. Тұлға құрылымындағы құндылықтар, өмірлік көзқарастар, менңмдері мен идаелдары. Өзіндік бағалау мен тартылу деңгейі.



12. Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы

А. Маслоу және А.Н. Леонтьевтің мотивтер иерархиясы



13. Естің негізгі феномендері мен заңдылықтары

Эббенгауз заңдылығы. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Субъектінің материалдарды ұйымадстыру мәні.



14. Эмоцияның психологиялық теориялары (Джеймс-Ланге, В. Вундт, Дарвин, Кеннон-Бард, П.В. Симонов, В.К. Вилюнас)

Джеймс-Ланге эмоцияның денелік детерминациясы туралы. Вундт бойынша қозу-басылу, күшею-разряд және қанағаттану-қанағаттанбау эмоциняың негізгі түрлері ретінде. Кеннон-Бард бойынша эмоцияның негізгі ми құрылымдарымен байланысы. П.В. Симонов бойынша эмоция қажеттілікті қанағаттандыру мұмкіншілігі ретінде. В.К. Вилюнас эмоцияны іс-әрекеттік подходта жалпылайды.



15. Психологиядағы іс-әрекет туралы жалпы ұғым және оның құрылымы

Іс-әрекет туралы жалпы ұғым. Іс-әрекет құрылымындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттеу. Іс-әрекеттің заттылығы. Іс-әрекет мотивтері мен мақсаттары.



16. Психологиядағы негізгі қабылдау теориялары

Қабылдау психологиясына гештальпсихология, когнитивті психология, Б.Г. Ананьев және А.Н. Леонтьев мектептерінің қосқан үлесі. Өабылдау бейнесін қалыптастыру фазалары.



17. Мотивацияның психологиялық теориялары (Мак-Даугол, психоанализ, гуманисттңк психология, Курт Левин)

Мак-Даугол бойынша мотивтердің интенсивті теориясы. Бейсаналық – мотивтердің қайнар көзі, жетекші биологиялық мотивация және оның әлеуметтік нормалармен қарама-қайшылығы. Гуманисттік психологиядағы тұлғалық өсуге деген қажеттілік (өзін-өзі өзектендіру, өзіндік жетілдіру, өзіндік жүзеге асыру). Квази қажеттіліктер – жағдайлық қажеттіліктер, өажеттіліктер қатынасы – аймақ (объектілердің валенттілігі).



18. Отандық психологиядағы тұлға теориялары (С.Л. Рубинштейн, В.Н. Мясищев, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.С. Мерлин)

С.Л. Рубинштейн бойынша тұлға іс-әрекет және өмір субъектісі ретінде. В.Н. Мясищев бойынша тұлға – субъективті қатынас жиынтығы ретінде. Б.Г. Ананьев бойынша индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі, индивидуалдылық. А.Н. Леонтьев бойынша тұлға қоғамдық қатынастар «ұйытқысы» тұрақты мотивтер иерархиясы және іс-әрекет өнімі ретінде. В.С. Мерлиннің теориясындағы симптомокомплекстер ұғымы.



19. Отандық және шет ел темперамент теориялары

Темперамент. Темперамент туралы ілімдердің дамуы. Темперамент теориялары (гуморальді, формальді, энергетикалық, конституционалды және генетикалық). И.П. Павлов және оның шәкірттерінің темперамент туралы ілімдері. В.С. Мерлин және Б.М. Теплов мектебіндегі темпераментті зерттеу бағыттары. Темперамент құрылымы. Темперамент компоненттерінің сипаттамалары – моторика және эмоционалдылық, жалпы белсенділік. Жүйке жүйе қасиеттері мен темперамент. В.М. Руслов бойынша темперамент қасиеттері мен құрылымы.



20. Мінез: құрылымы, функциясы және типтері

Мінезді зерттеу тарихы. Темперамент пен мінез өзара қатынасы. Мінез құрылымы. Тұлға бағыттылығы. Көзқарастар жүйесі және моральді-еріктік қасиеттер. Мінездің қалыптасуы. Мінез және тұлға.


«Жасерекшелік психология» пәні
1. Ерте сәбилік шактағы сөйлеудің дамуы

Балада сөйлеу қабілетінің дамуына анасының әсері. Ерте балалық шақ сөйлеудің дамуындағы сензитивті кезеңі ретінде. Сөйлеу дамуының тәсілдері. Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас сқйлеудің дамуына алғы шарт ретінде. Ерте балалық шақтағы сөздік қор.



2. 7 жастағы дағдарыс

Дағдарыс туралы жалпы ұғым және мектепке дейінгі жастың ерекшеліктері. Л.С. Выготский және А.Н. Леонтьев дағдарыс туралы. Мектепке психологиялық дайындық және оның бала психикасына әсері. Мектепке дейінгі жастағы дағдарыстың көріністерін қабылдауға ата-ананың психологиялық дайындығы.



3. Мектепке дейінгі жастың психологиялық сипаттамасы

Мектепке дейінгі жастағы ойын негізгі іс-әрекет ретінде. Мектепке дейінгі жастағы сөйлеу қабілетінің дамуы. мектепке психологиялық дайындық/ танымдық, еріктік, эмоционалды/.



4. Баланың психикалық дамуына тұқымқуалашыдық пен ортаның әсері

Тұқымқуалашыдық және орта туралы ұғымдар. Тұқымқуалаушы негізгі факторлар /гендер және онымен байланысты аурулар, жүйке жүйесінің қасиеттері, нышандар және т.б./. Әсер етуші орта факторлар: отбасы, БАҚ (СМИ), мектепке дейінгі мекемелер, мектеп.



5. Жасерекшелік психологиядағы «дағдарыс» және «жаңа қалыптасулар» ұғымы

Л.С. Выготский және А.Н. Леонтьев дағдарыс туралы. Барлық жастық дағдарыстардың сипаттамасы (туылу дағдарысы, 1 жастық дағдарыс, 3 жастық, 7 жастық және т.б. дағдарыстар). Әрбір жасерекшелік кезеңдегі жаңа қалыптасулар.



6. Кіші мектеп жасының сипаттамасы

Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық процесстерінің дамуы мен тұлғалық ерекшеліктері. Бұл жастағы жетекші әрекеттер және жаға қалыптасулар.



7. Психикалық дамудағы жетекші іс-әрекет ұғымы

Барлық жасерекшелік кезеңдердегі жетекші іс-әрекеттер (ойнау іс-әрекеті, оқу, кәсіби іс-әрекет). Жетекші іс-әрекеттің бала және ересектердің психикалық дамуына әсері.



8. Кіші мектеп жасындағы дамудың әлеуметтік жағдайы

Л.С. Выготский әлеуметтік даму жағдайы туралы. Кіші мектеп жағдайындағы әлеуметтік даму жағдайының ерекешліктері және оның балалардың психикалық дамуына және әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына әсері.



9. Жасерекшелік психологияның әдістері

Тұлғаны зерттеу әдістері туралы ұғым. Бақылау, эксперимент, егіздер әдісі, шығармашылық жұмыстарды талдау әдістеріне сипаттама жасау.



10. Жеткіншек жастағы психикалық даму

Жеткіншіктерде танымдық процесстердің даму ерекшеліктері (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, елес). Осы кезеңдегі жетекші іс әрекет және жаңа қалыптасулар. Жеткіншектерді тәрбиелеудегі негативті жақтар. Формальді емес ұйымдар және олардың жеткігшек тұлғасының қалыптасуына әсері.


«Әлеуметтік психология» пәні

1. Әлеуметтік психологияның пәні және әдістері

Жалпы психология және әлеуметтану – әлеуметтік психологияның «ата-анасы».әлеуметтік психологияның пәні туралы революциялық ойлар. Әлеуметтік психологияның зерттеу аймағы. Әлеуметтік психологияның басқа пәндермен байланысы және гуманитарлы ғылымдар жүйесінде алатын орны. Адамның және қоғамның қазіргі мәселелерін қарастыратын әлеуметтік психология.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы: сұрақтама, бақылау, документтерді талдау. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі түрлері және спецификасы. Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, түрлері, мүмкіншіліктері мен шектеулері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері. Топтық дискуссия.

2. Әлеуметтік психологиядағы қарым-қатынас түсінігі, оның құрылымы, түрлері мен қызметтері

Қарым-қатынастың құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті (вербалды және вербалды емес қарым-қатынас), интерактивті, перцептивті.

Қарым-қатынас кезінде болатын қиындықтар мен кедергілер. Деструктивті қарым-қатынас туралы ұғым. Сәтті қарым-қатынастың негізгі факторы.

Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеудің негізгі бағыттары (В.Н. Куницына). Қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас.



3. Кіші топтың әлеуметтік-психологиялық феномені (лидерлік, шешім қабылдау, конформизм, адаптация).

Кіші топ туралы ұғым және оның жіктемесі.

Тұлға мен қоғам қатынасы тұтастығы кіші топты әлеуметтік-психологиялық зерттеу мәселесі ретінде (Н. Триплет, В. Меде, В.М. Бехтеров және т.б.). Топтағы тәртіп қалыптастыру мәселесі (М. Шериф, Т. Ньюком және т.б.). Топтық әсер етулердің механизмдері мен тәсілдері. «Конформизм» феномені (С.Аш, Р. Крачфилд және т.б.). Ұйымдастырушы құрылымдардағы тұлға: авторитетке бағыну феномені (Ст. Милгрэм).

Тұлғаның топқа бейімделу кезіндегі әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар. Лидерлік және басшыдық топ өмір сүру барысын басқарушы феномен ретінде. Лидер тұлғасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі негізгі теориялық подходтар. Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтық өрістендіру» құбылысы. Топтық дискуссия, «брейнсторминг» топтық шешімдердің тиімділігін арттыру әдісі ретінде.



4. Кіші топтың әлеуметтік-психологиялық құрылымы.

Кіші топ ұғымы және оның құрылымы (құрамына байланысты). Кіші топ жіктелетін құрылымдар: билік құрылымы, коммуникация, қарым-қатынас. Топ дамушы жүйе ретінде.



5. Үлкен топтың әлеуметтік-психологиялық құрылымы. Психикалық құбылыстың массалылығы.

Үлкен әлеуметтік топтың жіктемесі. Стихиялы ұйымдаспаған (тобыр, демонстрация және т.б.) және уақытша жартылай ұйымдасқан (публика, митинг, аудитория және т.б.) үлкен топтардың психологиялық аспектілері. Ұйымдасқан үлкен топтардың құрылымы мен психологиялық ерекшеліктері (әлеуметтік класстар, этностар, кәсіби топтар, сәяси партиялар). Тобырдың динамикасы және әлеуметтік-психологиялық мехнизмдері. Тобырдағы тұлғаның мінез-құлқы. Үрей ұғымы. Жұқтыру, сендіру, еліктеу процесстерін жалпы мінез-құлықты анықтау үшін зерттеу. Адамдардың демографиялық мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (миграция: сыртқы және ішкі).



6. Тұлғаның әлеуметтені ұғымы: кезеңдер, интституттар, әлеуметтені механизмдері

Әлеуметтені ұғымы. Әлеуметтену инститкттары мен механихмдерінің жалпы сипаттамасы. Әлеуметтену процесі. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері. Э.Эриксон концепциясындағы тұлғаның даму моделі және сәйкестілік ұғымы.

Жасерекшелік дағдарыс. Ересек жастағы әлеуметтену динамикасы мен сферасы. Қарт адамдардың зейнеткерлік статусқа бейімделуі.

7. Әлеуметтік психологияның дамуының негізгі даму кезеңдері (шет ел және отандық психология)

Әлеуметтік психология жеке ғылым ретінде даму алғы шарттары. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М. Лацарус, Г. Штейнтел, В. Вундт; «Масса психологиясы» Г. Тард, «Әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы» В. Макдугал). Әлеуметтік психологияның даму переодизациясы (Г.М. Андреева, Е.С. Кузьмин). Отандық әлеуметтік психология даму тарихы.



8. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары

а) Қазіргі әлеуметтік психологиядағы необихевиоризм. Әлеуметтік психология зерттеулеріндегі негізі үйрену теориялары.

б Әлеуметтік-психологиялық феномендерінің психоаналитикалық интерпретациясы. Әлеуметтік психологиядағы З.Фрейд позициясы және психоаналиткалық концепциялар.

в) Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм. Дж. Мидтің концепциясы Интеракционисттік бағдардың теориялық негізі ретінде. Рольдік теориялар. Сыртқы- және ішкі рольдік шиелеінстер мәселе ретінде. Референтті топтар теориясы (Г. Хайманн, М. Шериф, Р. Мертон және т.б.)

г) Когнитивті психология қазіргі әлеуметтік психологиядағы доминантты бағдар ретінде. Когнитивті сәйкестілік теориясының жалпы сипаттамасы. Құрылымды баланс (Ф. Хайдер), коммуникативті акт (Т. Ньюком), когнитивті диссонанс (Л. Фестингер) теориясы.

д) Жүйелі – іс-әрекеттік трактовка әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы және оны әлеуметтік психологияда қолдану. Бірлескен іс-әрекет концепциясы және ұжымдық теория (А.С. Макакренко, А.В. Петровский, Л.И. Уманский).


«Психодиагностика негіздері» пәні
1. Психодиагностика ғылым және тәжірибе ретінде

Психодиагностика негіздері психология ғылымының аймағы ретінде. Психодиагностика құрылымы. Психодиагностика тәжірибелі психологтың дәстүрлі іс-әрекет формасы ретінде. Тәжірибелік іс-әрекетте психодиагностиканың алатын орны мен ролі. Психодиагностикалық процесс, оның негізгі кезеңдері. Психодиагност әрекетінде кездесетін қиындықтар.



2. Психодиагностиканың негізгі бағыттары және басқа ғылымдармен байланысы

Психодиагностиканың қолдану аясы: кеңес беру, терапия, экспертиза, профтаңдау, патопсихологиядағы психодиагностика. Әр сферадағы психодиагностка спецификасы: процесс, әдістер, міндеттер және нәтижелерді өңдеу. Психодиагностиканың жалпы психологиямен, дифференциалды, психометрика, практикалық психологиямен байланысы.



3. Психодиагностиканың қалыптасу тарихы

Эксперименттік психология және психодиагностиканың пайда болу тарихы. Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасу көздері (Гальтон, Кеттелл, Бине, Спирмен).

ХХ ғасырдағы психодиагностика. Психодиагностиканың СССР және Ресейде дамуы.

4. Психодиагностикалық әдістердің негізгі класстары

Психологияда Б.Г. Ананьев бойынша әдістердің жіктемесі. Психодиагностиканың әдістері: бақылау, сұрақтама, тесттер, проективті әдістер, психосемантикалық, психобиографиялық әдістер.



5. Психодиагностикадағы өлшеу мәселесі

Негізгі психометрикалық шкалалар. Мәліметтердің негізгі түрлері. Өлшеу түрлері: критериалды, нормативті және ипсативті.

Өлшеу деңгейлері: атаулы, реттік, интервалды және қатынас деңгейі.

Тесттік шкалалрдың статистикалық табиғаты. Психометрикадағы өлшеу мәселесі және тест қасиеттері (ассиметрия, эксцесс).



6. Тест стандартизациясы

Стандартизацияның 2 формасы. Стандартизация процедурасы. Сызықтық және сызықтық емес стандартизация. Белгілі стандартизация шкалалары: Z-бағалау, Т-шкала. Станнайн, стен, IQ шкаласы.



7. Тесттің психометрикалық қасиеті

Сенімділік, сенімділік түрлері, сенімділікті есептеу процедурасы, валидтілік, валидтілік түрлері, тесттің валидтілігін есептеу процедурасы. Тест сенімділігі. Тесттің сенімділігі төмендететін факторлар.



8. Тұлға және тұлғааралық қатынас психодиагностикасы

Тұлғалық сұрақтама жасау технологиясы. Негізгі тұлғалық сұрақтамалар: тұлғаның теориялық моделі, негізгі шкалалар, жүмыс реті және нәтижелерді өңдеу. Конституционалды диспозицияны (темперамент) психодиагностикалау. Әлеуметтік-шартталған диспозицияны (мінез) өлшеу. Тұлғаны патосипаттамалық диагностикалау. Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу. Тұлғаны психодиагностикалық зерттеудегі идеографиялық және номотетикалық подходтар.



9. Мотивацияны психодиагностикалау

Объект және әдістер. Мотив және мотивация ұғымдары. Мотивацияға қол жеткізуді өлшеу, аффелятивті қажеттілікті өлшеу, қалжыңды фразалар тесті.



10. Интеллектіні психодиагностикалау

Интеллектінің факторлы модельдері (Спирмен, Терстоун). Интеллектінің факторлы модельдері (Гилфорд, Вернон, Векслер). Интеллектінің когнитивті модельдері (Р. Стернберг). М. Холоднаяның ментальді тәжірибе концепциясы. Айзенктің монометрикалық подходы. Дж. Равеннің прогрессивті матрицасы. Д. Векслер тесті. Құрылымды интеллект тесті (Р. Амтхауэр, ШТУР). Стэнфорд-Бине интеллект шкаласы.



11. Психологиялық эксперимент жүргізудің этникалық ұстанымдары

Психологиялық зерттеулердегі мүмкін болатын этникалық мәселелерді ашу. Негізгі этникалық ұстанымдарды сақтауды қадағалау: психологтың персоналды жауапкершілік ұстанымы, сыналушының зерттеуде өз еркімен қатысу ұстанымы, психологтың адалдылығы, ашықтығы, клиенттер құқығын сыйлау, конфеденциалдылық.



12. Ғылыми зерттеу әдіснамасы және олардың деңгейлері

Психологиялық зерттеудегі әдіснама ұғымы және оның алатын орны. Әдіснама деңгейлері: жалпы ғылымдық, философиялық, жалпы психологиялық,и нақты зерттеулер деңгейі. Теория, әдіс және әдістеме ұғымдары. Бұл ұғымдардың байланысы.


«Этнопсихология» пәні

1. Қазіргі этнопсихологияның негізгі бағыттары

Этнопсихологияның категориялық аппараты – этнопсихологияның негізгі ұғымддарының жиынтығы, негізгі қасиеттері, зерттелетін құбылысқа қатынасы мен байланысынан құралған.

Қазіргі этнопсихологияда «этнос» категориясының 3 анықтамасын береді:


  • Этнос – бұл тарихи қалытасқан, бір территорияда жинақталған тілі, мәдениеті, психикасы және сана бірлігі бір-біріне ұқсас адамдардың жиынтығы (Ю.В. Бромлей).

  • Этнос – биосфера мен социосфера шекарасында орналасқан Жер биосферасының арнайы құрылымы (Л.Н. Гумилев).

  • Этнос – тұлғааралық байланыстар, мәдени ақпараттармен шектелген кеңістік (С.А. Арутюнов, Н.Н. Чебоксаров).

Мәдениет категориясы – адамдармен жасалған қоғамдық орта (Берри); мәдениет - бір топ адамдарына ортақ өмір сүру амалы (Пуртинг); мәдениет – саналанбайтын жағдайлар, стандартты процедуралар мен мінез-құлық сипаттамаларының жиынтығы (Н.М. Лебедева).

«Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер», «Әлемнің этникалық бейнесі», «этникалық менталитет», «этникалық өзіндік сана» категориялары.



2. Этнопсихологияның негізгі ұстанымдары. Этнопсихология ұстанымдарының дамуына Б.Ф. Поршневтың қосқан үлесі.

Б.Ф. Поршнев екібірлік «Біз» және «Олар» ұстанымы. Бұл ұстанымдардың жүзеге асу механизмдері суггестия және контрсуггестия.



3. Г. Штейнтал, М. Лацарустың этнопсихологияға қосқан үлесі

Неміс ғалымдары Г. Штейнтал, М. Лацарус этнопсихологияның негізін салушылар. 1859 жылы олар «Этникалық психология және тілтану» журанлын шығарды.



4. В. Вундт – халықтар психологиясының негізін салушы

1900-1920 жылдары Вундт 10 томдық «Халықтар психологиясы» атты кітабын шығарды. Ол ғылымда 2 пәнді жіктеу керек деп көрсетті: «халықтардың тарихи психологиясы» және «этнологиялық психология». Бірінші пән түсіндірмелі, ал екіншісі сипаттаушы болып табылады.



5. Тұлғааралық қатынастың психологиялық құрылым ерекшеліктері

Тұлғарарлық қатынастың психологиялық құрылымын келесі конструктілер арқылы көрсетуге болады – тұлғааралық қабылдау, тұлағааралық өзара әрекет және этникалық сәйкестілік. Тұлғааралық қабылдау ұғымы. Тұлағааралық өзара әрекет ұғымы. Этникалық сәйкестілік ұғымы.



6. Этникалық сәйкестіліктің көрінуін өлшеу және деңгейлері

Этникалық сәйкестілік түрлері. Позитивті этникалық сәйкестілік. Негативті этникалық сәйкестілік. Этникалық сәйкестіліктің көріну деңгейлері: моноэтникалық сәйкестілік, этникалық гиперсәйкестілік, басқа этниалық топпен моноэтникалық сәйкестілік, биэтникалық сәйкестілік, космополитикалық сәйкестілік.



7. Э. Стоунквист бойынша маргиналды адам концепциясының негізгі қағидалары. Этномәдени маргиналдылық ұғымы және этномәдени екіжақтылық.

Э. Стоунквист «Маргиналды адам» кітабының авторы. Ол маргиналды адам типтеріне әлеуметтік ролі бойынша маргиналды, биологиялық діңі бойынша маргиналды және этникалық мәдениеті бойынша маргиналды адамдарды жатқызады.



8. Этникалық таптаурындардың негізгі түрлері. Этникалық таптаурындарды эксперименттік зерттеу

Автотаптаурындар. Гетеротапртаурындар. Дю Буа «Филадельвский негр» еңбегінің авторы. Этникалық таптаурындарды эксперименттік зерттеген ғалымдар - Д. Кац и К.У. Брейли. Р. Лапьер эксперименті және Ч. Осгудтың «Семантикалық дифференциал әдісі».



9. Бейімделу мен аккультурацияның әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Тұлғарарлық бейімделу ұғымы. Тұлғааралық бейімделу кезінде орын алатын таптарындар. Тұлғааралық аккультурация.



10. Этносаралық қысым ұғымы

Этносаралық қысым – кез келген қоғамға тән психологиялық қысымның бір деңгейі. Психологиялық қысым қоғамның поли- немесе моноэтникалық екендігіне тәуелсіз. Этносаралық қысым конфликт секілді негативті сипатқа ие емес. Этносаралық қысым туралы жалпы сипаттама.



6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:


  1. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения в 2-х т. /Под ред. А.В.Петровского. Т.2. - Память и мышление. Психологический анализ припоминания. - М.: Педагогика, 1979. 400 с.

  2. Веккер Л.М. Психические процессы. Т. 3 - Эмоции и память. - Л.: ЛГУ, 1981. 325 с.

  3. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, 2009.

  4. Лурия А.Р. Курс лекций по общей психологии. В 4 кн. М.: МГУ, 1977.

  5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М.: Политиздат, 1977.

  6. Немов Р.С. Психология. Учеб.для студентов высш.пед.учеб.заведений. В 2 кн. Кн.1. Общие основы психологии.- М.: Просвещение: Владос, 2009.

  7. Рубинштейн С.Л. "Основы общей психологии". в 2-х томах. М.: Педагогика, 1989.

  8. Смирнов А.А. Избранные психологические труды: в 2-х т. /Под.ред Б.Ф.Ломова. Т.2 - Проблемы психологии памяти. - М.: Педагогика, 1987. 344 с.

  9. Тихомиров О.К. Психология мышления.- М.: МГУ, 1984. 272 с.

  10. Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления /Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.В.Петухова. - М.: МГУ, 2009.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности.- М.: Наука, 1988.

  2. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. - М.: МГУ, 2002 с.

  3. Исследование памяти /Отв.ред. Н.Н.Корж. - М.: Наука, 1990. 216 с.

  4. Зинченко В.П. Сознание как предмет и дело психологии // Методология и история психологии. 2006. Том 1. Выпуск 1. – М.: ООО «Исследовательская группа “Социальные науки”» – С. 207-231.

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.: Изд-во "Питер", 2000. – 712 с.

  6. Тихомиров О.К. Психология: Учебник / Под ред. О.В. Гордеевой. – М.: Высшее образование, 2006. – 538 с.

  7. Хрестоматия по общей психологии. Психология памяти /Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я.Романова. - М.: МГУ, 2009 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет